• Қоғам
  • 31 Қаңтар, 2021

Біз кімнен кембіз?

Серік Ақсұңқарұлы
 ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Бүгінгі күн парағында қызықты бір дерек бар екен, еріксіз көз түскен: «Әлемнің 35 мемлекетінде 54 спорт газеттерінің редактор-лары мен журналистерінің қатысуымен ХХІ ғасырдың атақты спортшылар қатарында 15 азаматтың есімі аталды. Олар: 1. Пеле, (футбол) – Бразилия; 2. Мұхаммед Әли, (бокс) – АҚШ; 3. Карл Льюиз, (жеңіл атлет) – АҚШ; 4. Майкл Джордон, (баскетбол) АҚШ; 5. Джесси Оуэнс, (жеңіл атлет) – АҚШ; 6. Дон Бредмен (крикет) – Австралия; 7. Энди Меркс, (вело спорт) – Бельгия; 8. Пьер Де Кубертэн (олимпиада қозғалысы) – Франция; 9. Джек Никлос (гольв) – АҚШ; 10. Марк Спитц (суда жүзу) – АҚШ; 11. Пааво Нурми (жеңіл атлет) – Финляндия; 12. Надия Команэджи (гимнастика) – Румыния; 13. Пит Сампрас (теннис) – АҚШ; 14. Эмииль Затопек (жеңіл атлетика) – Чехия; 15. Аэртон Сенна (автожарыс) – Бразилия»...

Арасында не орыстан, не біздің қазақтан, не украин, не беларусь, өзбектен бір кісі жоқ! Бұрынғы советтік социалистік жүйеден румындар мен чехтар бой көрсетеді. Мұсылман дүниесінен Мұхаммед Әли жүр. Оған да құдайға тәубә дейсің. Әлемдегі таңдаулы спортшылар бұл. Ал, дүниедегі таңдаулы физиктер, химиктер, математик, кибернетиктер таразы басына түссе күніміз не болмақ?!

«Әлемдік әдебиет энциклопедиясы» деген кітаптан Абай мен Мұхтарды, тіпті орысша жазатын Олжастың аты-жөнін таба алмай, бір сандалғаным бар еді. Дүниежүзілік әдебиеттегі классиктермен терезесі тең қаламгерлеріміз жоқ емес – бар! Бірақ  соларды есепке алып, бізбен санасып жатқан ел жоқ! Мәселе – осында.

Сонымен, дүниежүзілік қауымдастық-тағы қазақтың орны осындай болып тұр...

4459 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы