• Қоғам
  • 30 Желтоқсан, 2020

ZOOM: ҚАШЫҚТЫҚТАҒЫ ӨМІР

Гауһар Түстікбаева

Дүниені дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы ғалам жұртшылығының өмірге деген көзқарасын өзгертіп, қоғамдағы құндылықтардың орнын әп-сәтте айқындап берді. Осы уақытқа дейін маңызды болып келген кейбір қызмет түрлері мен мамандықтарға сұраныс азайып, нарық алаңына жаңа ойыншылар шықты. Әсіресе, білім беру жүйесі мен бизнес қауымдастығы онлайн форматқа көшкелі қашықтықтан оқыту мен жұмыс істеу процесінде кең қолданысқа енген Zoom платформасы соңғы жылда ғаламдық алпауыт компаниялардың қатарына енді.

Zoom қашан пайда болды?

Zoom бейне коммуникациясы – Калифорния штатының Сан-Хосе қаласында орналасқан американдық байланыс технологиялары компаниясы, ол қашықтықтан конференциялар өткізу қызметін ұсынады, яғни оның қызметі бейнеконференциялар, онлайн кездесулер, чат және мобильді ынтымақтастықты біріктіреді.
Zoom-ды 2011 жылы Cisco WebEx компаниясының экс-вице-президенті Эрик Юань құрды. Бағдарлама 2013 жылдың қаңтарында іске қосылып, осы жылдың мамыр айында оның пайдаланушылары миллионға жетті.
2014 жылдың маусым айында Zoom қолданушылар саны 10 миллионға, ал 2015 жылдың ақпан айынан бастап Zoom Video Communication-тің флагмандық өнімі Zoom Meetings тұтынушылар 40 миллионға жетті, 65000 ұйым оған тұрақты түрде жазылды. Бағдарламаны жасаушылар оның жұмысын жылдан жылға жетілдіре түскенінің арқасында платформаға деген сұраныс өсіп, оның Колорадода штаб-пәтері ашылды және 2017 жылдың басында компания 1 миллиард долларға бағаланды.
Алғашқы кезде белгілі бір компания-лар пайдаланып келген бағдарлама 2019 жылдың наурызында NASDAQ-қа өтініш беріп тіркелгеннен кейін, Zoom бағдарламасы IPO-ға шығып, көпшіліктің пайдалануына мүмкіндік туды. 2019 компания шамамен 16 миллиард долларға бағаланды.

Коронавирус және Zoom бағдарламасының шарықтау шегі

2019 жылы алғаш рет Қытайда пайда болған коронавирус инфекциясы адамзаттың өмірін 180 градусқа бұрып, қалыпты тіршілігін күрт өзгертті. 2020 ол жай ғана вирус емес, адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін «тәжді тажал» екені анықталып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны пандемия деп атады. Осыған дейін уайым-қайғысыз еркін ғұмыр кешкен әлем елдері үйде еріксіз қамалуға мәжбүр болды. Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы үлкен қалаларда карантин жарияланып, мектептер мен университет есіктерінің уақытша жабылуына, ірілі-ұсақты бизнестің жұмысы тоқтап, адамдардың күнделікті тіршілігіне шектеулер енгізуіне әкеп соқты. Тіпті, жақын адамдармен жүздесу, туған күндерді өткізу, спорттық жаттығу мен үйірмелерге қатысу деген секілді шағын кездесулердің бәрі дерлік онлайн режимге өтіп, ендігі қызмет түрлері виртуалды кезеңге көшті. Оның салдарынан жұмыссыздар қатары көбейіп, көптеген мекемелердің жұмысы құлдырап, кәсіпорындардың жабылғаны белгілі.
Алайда, қазақта «қалауын тапсаң, қар жанады» демекші, дағдарыс біреулер үшін таптырмас мүмкіндікке айналды. Мәселен, фармацевтикалық компаниялар, үйге жеткізіп беру сервистері, логистика, онлайн бизнес қарыштап дами бастады. Адамдар басқа қызмет түрлерін меңгере бастады. Осы жағдай Zoom платформасының екінші тынысын ашты. Оның акциялары 125% -ға қымбаттап, қызмет қашықтан жұмыс жасаудың ең танымал құралдарының біріне айналды.
2020 жылы наурыз айының соңғы сенбісінде Zoom қосымшасын 3 миллионға жуық жаңа қолданушылар жүктеп алды. Бұл платформа үшін рекордтық көрсеткіш болды. Apptopia зерттеу орталығының хабарлауынша, Zoom компаниясы 2019 жылдың сәуірінде IPO өткізгеннен кейін қолданушылар саны 59 миллионнан асып түскен. App Store дүкеніндегі тегін жүктеу қосымшаларының ішінде Zoom қосымшасы Google, WhatsApp және тіпті ең танымал TikTok-ты басып озып, бірінші орынға шықты. Бұл ноутбук және компьютер арқылы қолданушылардың санын қоспағандағы көрсеткіш.
Осы жетістіктердің барлығы Zoom бағдарламасын жаңа қаржылық орбитаға шығарды. Капиталдандыру 42 миллиард долларды құрады, ал компанияның негізін қалаушы Юаньның байлығы 5,5 миллиард долларға дейін өсіп, ол Forbes-тың миллиардерлер рейтингіндегі ең бай дебютанттарының қатарына енді.

Кедергілер мен қайырымдылық

Zoom бағдарламасы қарыштап дамып, танымалдылыққа ие болған сайын, оның қызметіне кері әсер етіп, шабуыл жасаушылар да табылды. Тіпті, COVID-19 вирусы Zoom компаниясының қалтасын қалыңдату үшін әдейі жасалған вирус деген еш негізі жоқ алып қашпа әңгімелер де шыға бастады.
Сондай-ақ, бағдарламаның жұмысына кедергі келтіретін вирустар тарапынан шабуыл жасала бастады.
Инвестор Майкл Дриеу Сан-Францискодағы федералды сотқа арызданып, Zoom-ға қарсы сот ісін қозғады. Компанияға және оның басшылығын қызметтің шифрлануындағы кемшіліктері туралы шындықты жасырды деп кінәлады, сондай-ақ жеке тұлғалардың мәліметтерін үшінші тұлғаларға рұқсатсыз жария еткені үшін айыпталды. Сәуір айында басты тақырып қызметтің осалдығы болды. Intercept басылымы Zoom шифрлауды қолданбайтынын анықтады. Зумбоминг интернетте танымал болды. Бұл троллингтің жаңа түрі, мұнда бөгде адамдар Zoom бейнеконференциясына кедергі келтірді.
Нәтижесінде SpaceX, NASA, Нью-Йорктегі білім департаменті, Германия денсаулық сақтау министрлігі, Тайвань үкіметі және әлемдегі басқа да бірқатар мекемелер бұл қызметтен бас тартты. Zoom компаниясы бұл жағдайды түзетуге тырысатынын айтты. Бас директор Эрик Юань команда 90 күн бойы Zoom-ның жаңа мүмкіндіктермен жұмыс жасамайтынын және оның орнына қауіпсіздікті күшейтуге баса назар аударып, осы бағытта жұмыс атқаратынын айтты.
Көптеген кедергілерге қарамастан, Zoom әлі де коронавирус зардабын шегіп отырған аймақтар үшін негізгі қызмет құралына айналып отыр. Компания жетекшісі Юаньның ақша табудан бөлек, пандемия кезіндегі қайырымдылық әрекеті де сарапшылар арасында жоғары бағаланды. Әуелі Қытайдағы коронавирустан зардап шеккен аймақтарға, содан кейін наурыз айының ортасында АҚШ, Италия және Жапониядағы қашықтықтан оқыту мектептеріне шексіз ақысыз қол жетімділікті қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы компанияға белгілі бір дәрежеде шығындар әкелді. Соған қарамастан, тағы 19 елдің мектептері Zoom-ге шектеусіз қол жеткізе алды, 84 мыңға жуық мектеп платформаның қызметіне жазылды.
Stifel талдаушысы Том Родерик қосымша шығындар 30 миллионнан 50 миллион долларға дейін жетеді деп болжайды. Жұмыс көлемі артып келеді, демек, JPMorgan Equity Research сарапшысы Стерлинг Отидің пікірінше, алшақтықты жою үшін компания бұлтты технологияға қаражат салуы керек екендігін айтты.Тегін пайдаланушылар үшін жиын өткізу қабілеттілігін сақтау өте қымбат. Соған қарамастан, компания ақша табуды ғана емес, жеке шабуылшылардың кедергілерінен қорғанып, клиенттер алдындағы иммиджін сақтап қалуға көп көңіл бөлуде.

1220 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы