• Қоғам
  • 31 Қазан, 2020

Жағымды бастамалар жиынтығы

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ
жаңа Жолдауында ұтымды ұсыныстар, кесімді пікірлер мен нақты тапсырмалар молынан кездесті. Соның бәрі – жалпы халықтың көңіл төріндегі көрікті ойларымен жымдаса қабысып жатқан жайттар. Жолдаудың басты артықшылығы осы, яғни, елдің талап-тілегімен үндестігі.

Олардың қатарына пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске субсидия берілетінін, ішкі жалпы өнімде оның үлес салмағын 35 пайызға дейін жеткізу талабын, «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» ұйымдарын біріктіру шарттылығын, соған сәйкес, қызметкерлер саны 50 пайызға қысқаратынын, азаматтардың тұрғын үй, білім алу және емделу мақсатына зейнетақы қорына жинақталған қаржысының белгілі бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін иеленуін, тағы да басқа көптеген тартымды жаңалықтарды жатқызуға болады. Мемлекет басшысының «жер шетелдіктерге сатылмайды, алайда ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға түсіру шаралары іске асады» деген сөзі көңілдегі күмәнді кері серпіп, сенімді нығайта түсті. Ел ертеңін ойлауға қатысты пайымның парасаттылығы осылай бой көрсетсе керек-ті.
Мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақы көлемінің өсуі, көшелерді әр жыл сайын қайталап жөндей беретін келеңсіздікке тосқауыл қойылуы, мәслихат отырыстарының онлайн-режимге көшірілуі және өзге де жаңалықтар – қуана құптарлық шешімдер.
Алдағы бір жылдық кезеңге арналған толымды істер мен нақты әрекеттердің бағдары іспетті құжаттың құндылығы оның сараптамалық-талдамалық мазмұнының аса қанық сипатымен айшықталады. Шынында да, Мемлекет басшысының әр сөзінің астарында зерделі көзқарас пен биік парасаттың көрінісі мен мұндалап тұр. Барлық бағыттарды қамтитын әр тапсырманың тамырында іргелі негіздеме мен қапысыз қисын жатыр.
Қысқасы, жаңа Жолдауды жағымды бас-тамалар жиынтығы ретінде қабылдауға толық негіз бар. Оның жүйелі жүзеге асырылуы – елдің ертеңгі күні кемелдене түсуінің кепілі.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, ҚХА мүшесі, Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі,
облыстық мәслихаттың депутаты.

119 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Жемқорлықты қалай жоямыз?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ҮРКЕР №10

30 Қазан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы