• Айтарым бар...
  • 30 Қыркүйек, 2020

Қыздың жаны қызғалдақтай тым нәзік...

Динара Мәлікова

Әрбір адамның кеудесінде қаншама жазылмаған тарих, ашылмаған құндылықтар бар десеңші... Кейде көз алдыңнан кетпейтін көріністер болады. Керемет түсіңнің өзін ұмытқың келмей есіңе алып, ғажап пен азаптың ортасын жалғап тұратын үлбіреген жіптің үзілмеуін тілейсің. Бұл пенде-ғұмырдың өлшеулі өміріне деген іңкәрлігі шығар. Сол өмірдің өзі Алладан берілген аманат тәрізді... Кім оны қалай сүрді, қалай сезінді, бәрінің жауабы бар. Бірақ, түрлі ойлар мен әрекеттер, арман-мақсаттар, адам мен  адамның арасында алмасып, қателіктердің өзі бір-біріне жалғасып жатады. Әлбетте, қателік түзеледі десек те, өміріңнің бір бөлігін бүлдіріп, кейіннен кешірілмейтін кінә болып қалатыны да бар екен. Арман аласарса асқақтай алмайтыны секілді, жанарың сөнсе жарқырай алмайтыны секілді, өкініш өзегіңді өртесе бітеу жара болып қалатындай қайғы болады екен. Қаншама жылдар өтсе де, бір оқиға ой түкпірін түрткілей береді... Бұл қала ішінде қабаттасқан тіршілік толғауының табанында қалған бір түйір ғана сыр болатын...Әрбір адамның кеудесінде қаншама жазылмаған тарих, ашылмаған құндылықтар бар десеңші... Кейде көз алдыңнан кетпейтін көріністер болады. Керемет түсіңнің өзін ұмытқың келмей есіңе алып, ғажап пен азаптың ортасын жалғап тұратын үлбіреген жіптің үзілмеуін тілейсің. Бұл пенде-ғұмырдың өлшеулі өміріне деген іңкәрлігі шығар. Сол өмірдің өзі Алладан берілген аманат тәрізді... Кім оны қалай сүрді, қалай сезінді, бәрінің жауабы бар. Бірақ, түрлі ойлар мен әрекеттер, арман-мақсаттар, адам мен  адамның арасында алмасып, қателіктердің өзі бір-біріне жалғасып жатады. Әлбетте, қателік түзеледі десек те, өміріңнің бір бөлігін бүлдіріп, кейіннен кешірілмейтін кінә болып қалатыны да бар екен. Арман аласарса асқақтай алмайтыны секілді, жанарың сөнсе жарқырай алмайтыны секілді, өкініш өзегіңді өртесе бітеу жара болып қалатындай қайғы болады екен. Қаншама жылдар өтсе де, бір оқиға ой түкпірін түрткілей береді... Бұл қала ішінде қабаттасқан тіршілік толғауының табанында қалған бір түйір ғана сыр болатын...Алматыда пәтер жалдап тұратын кезіміз. Алматыға бауыр басып кеткен «Жетім бұрыш» талай тағдырларды тоғыстырады. Баспанасы бар бақытты жандардың көбісі орыстар немесе қазақша түсінсе де сөйлей алмайтын «шала қазақтар» болып келеді. Айнұр екеуміз дос болғалы да көп бола қойған жоқ. Оңтүстіктің қызы болған соң, бір-бірімізді оңай түсініп, тез тіл табысып кеттік. Екеуміз «Қалқаман» ауданынан жалдаған құжырамыз күз түсе, сыз бола бастаған соң қала орталығынан пәтер іздеуге шықтық. «Жетім бұрышқа»  жақындай бере киліккен кісілер «қандай үй іздедіңдер? Неше қызсыңдар?» деп жармаса жөнеледі. Ибалығымыздан ба, ауылдан жырақта жүрген соң ба, үйдің иесіне қараймыз. Ауылдағы анамыздай аңғалдық, әжеміздің қоңыр көзіндегі бір мейрімділікті іздейміз. Тым болмаса қазақша сөйлесе қалса, мәз болып, айналшықтап, жанынан кеткіміз келмей қалады. Екі күн қатарынан пәтер іздеп, ақыры қазақ әйелінің «бір бөлмеге қыздар аламыз» деген хабарландыруына тоқтадық. Қараторы әйел бізді әп-сәтте әңгімемен орағытып, «Қайда жұмыс істейсіңдер? Қай жақтан келдіңдер?» деп, жөн сұрай бастады. Айнұр екеуміз жарыса сөйлеп, әрбір  сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысып жатырмыз. «Әдемі қыздар екенсіңдер. Жігіттерің бар ма?» деп те қағытып қойды. Ол кезде көз салып жүрген жігіттер бар екенін ішіміз сезгенмен, үлкен қалада жүрген соң қызға тән үрейдің жетегінде едік... Ауылда қол бұлғап қалған кішкентай бауырларыңның бейкүнә көздері,  жүзі күнге тотығып, желдің өтінде отырып, азын-аулақ  саудасын сатып, бес теңгесін  алты теңге етуді күні бойы мақсат ететін анаңның іштей тілейтін  амандығын  алыста жүрсек те «жүрек» дейтін кеуде тұсымыз сезетін еді...Сезіп тұрып, алабұртқан көңіл сылқ ете түсіп, сырттай оқып жатқан оқуыңның қаржысына қамығып, «тілшілік» жұмысыма «тәубе» деп жүре беретінмін...Жә, бізді ертіп әкелген пәтер иесінің есімі Жанар болып шықты. Қызылордаға күйеуге шығып, бір қызымен ажырасып келген екен. Өзінің айтуынша, енесі нашар адам болған. Қазір өзінен көп жас кіші орыс жігітімен бірге тұрады. «Саяхат» деп аталатын ауданда орналасқан жер үй әжептәуір кең екен. Екі бөлмесін жалға беріп, өздері бір бөлмесінде тұрады. Жылуы мен суының бар екеніне қуанып біз де бірден келістік. Қызылорданың топырағына «келін» болып түстім деген соң, бір түрлі іш тартып жақсы көре бастадым. Дөрекі сөздерін де, аузынан түспейтін шылымын да өзінің туа біткен «тура», «еті тірі әйел» деген мінезге сыйдырып, кемшілігіне көз тоқтатпауға тырыстым. Бұл отбасының негізгі кәсіптері осылай пәтерді жалға беру. Оны өткізу. Күйеуінің үйінен шығып, бір іспен айналысып жүргенін сирек көреміз. Бір бөлмеден шықпайды. Сәлемімізді алмайды, тым тұйық. Жанар аптасына екі-үш рет «жетім бұрышқа» барып, бірдеңелерді жазып-сызып келеді. Айнұр екеуміз жексенбі күні болмаса, бір-бірімізді сирек көреміз. Таң атар атпастан базарына кететін ол, күн еңкейе шаршаулы кейіппен оралады. Көбінесе ерте келетін мен болғандықтан  Жанар шәйға шақырады. Колледжде оқитын қызы Асыл үшеуміз әр түрлі әңгіменің басын шаламыз. Асыл көбінесе Қызылорда жайлы сұрайды. Әкесінің аты-жөнін де біледі екен. Барып көргім келеді деп, анасына да ашық айтады. Мен  «дұрыс қой деп», кібіртіктеп қаламын ондай кезде. «Он бес жыл бойы бір жапырақ қызын іздеп келмеген қандай азамат едің» деп, таныс та бейтаныс жерлес «ағамды» іштей жазғырып аламын...Қараша айының аяғында қар түсіп, қыстың салқыны сыр бере бастады. Айнұр ашық базарда тұратындықтан күннің суықтығын ескерген қожайыны кезекпен тұратын тағы бір сатушы алыпты.  Әйтеуір, мен оралғанымда күліп қарсы алатын оның үйде болатын сәттеріне де бауыр басып алдым. Бір күні Айнұр, «Көрші бөлмеге Виталий деген орыс кісі келді. Жақсы адам екен. Екеуміз бірге отырып шәй іштік» деді. Мен аулада тұрған еңгезердей, жас шамасы елуден асқан орыс кісіні көрген едім. Айнұрдың  айтып отырған Виталийі сол болды ғой деп жорамалдадым. «Мәссаған, сенің қазақпен ғана сөйлесуге орысшаң жете ме десем, орыспен де еркін  көсіледі екенсің ғой» деймін. Асыл мен Айнұр кейінгі уақыттары бір-бірімен жиі шүйіркелесіп кеткенін байқап жүретінмін. Жанар жалғыз қызы болғандықтан оның бетінен қақпай өсірді. Қыздармен қыдыратын едім, осындай белдемшелер сәнге шығыпты, мынадай шаш жасатқым келеді деп, анасынан ақша сұрап жүретінін кіріп-шығып жүргенде құлағым шалатын... Бір күні жұмыстан келгенімде,  Виталий, Айнұр, Жанар, Асыл барлығы дастарқан басында отыр екен. Өзімнің орыс тіліне өте шорқақ екенімді біліп, жандарына жақындай қоймадым. Сұрақ қойса, бетім қызармай-ақ қойсын дегенім...Бірде осындай тату-тәтті көршілерден біржола бөлініп кетуіме тура келді. Туған еліме барып, ата-анамның жанында болып, сол жақта-ақ осы тіршілігімді жалғастырайын деп ойладым. Сағыныш па, үйімнің ысталған көрпесін жамылсам да көңілім тоқ болатындай көрінді. Қыс аяқталмай-ақ барлығымен қоштасып, Айнұрмен хабарласып тұратынымды айтып, екі сөмкемді арқалап ауылға тартып кеттім. Сол сәтте «Үлкен қаладағы, кішкентай бөлмедегі тұрғындардың халі не болады екен, ертең не істейді екен, Айнұр ше?» деген сауалдар көкейімнен кетпей қойды...Алматыдай алып қаладан кейін Қызылордаға үйренісе алмай біраз жүрдім. Тек өз үйімде жүргеніме жаным жай тапса да, бұл шаңырақ та менімен бірге есейіп, қабырғалардың қабағына қайғы қонғандай екен. Анаңның ажарының тайғаны, әжеңнің еңкейе түскені, бауырларыңның тым есейіп кеткені екі жылдың ішінде мені алыстатып жіберіпті... Айнұрмен де хабарымды үзбедім. «Сол жерде тұрып жатырмын. Жаңалық жоқ, бұрынғыдай» дегеннен әңгімеміз аспайтын болды. Бір күні таң ата ұялы телефоныма қоңырау түсті. Алматыдағы Жанар екен. Дауысы солғын, жылап тұрғандай сезілді. «Асыл жоқ, Виталиймен кеткені анық. Ол кетерден Айнұр да бөлмені босатқан. Сен не білесің, бұлардың байланысы бар ма?» деп, жалына бас-тады. Мен не деймін, «білмеймін, мүмкін емес... полицияға берсеңізші» деуден аса алмадым. Бұл хабар төбемнен жәй түскендей әсер етті. Үлбіреп тұрған он алты жасар қыз елудегі еркектің етегін ұстап қайда кетуі мүмкін?.. Айнұрмен хабарласып, телефонын ала алмадым...Күн өте бұл кездейсоқ жағдай да көлеңкесін азайтып, өз қамымыздың қазанынан шыға алмай қалдық...Арада жылдар өтіп, Алматыға деген сағыныш па, себеп  тауып жолға шықтым. Көнеден келе жатқан көркем қаланың бір құдіреті бар ғой, шіркін... Біресе жасарып, біресе жасанып, кейде періште болып күллі адамды құшағына қысқысы келетіндей Алатау да айналаға маңғаздана көз салады. Көкке қадаған көзіңді жерге түсірсең, кірпігіңнен  әсем моншақтар үзіліп, тіршіліктегі тілім нанды қадірлейтін мыңдаған адамдарға қарап, еріксіз есіңді жиып аласың. Аштың наубайханасына, ақындардың қаласына, жетімдердің наласына айналған Алматы дейсің... Өзімнің тиесілі жұмыстарымды бітіру үшін таңертең қала аялдамасында автобус күтіп тұрған едім. Аялдамаға теңселе тоқтап жатқан автобус кондукторына  көзім түсті. Өз көзіме өзім сене алар емеспін, Айнұрды бірден таныдым. Тау мен тау кездеспейді екен. Адам мен адам осылай да жолығысады екен-ау...  Бауырымды көргендей автобусқа жүгіре жөнелдім. Ол да маған «Тірісің бе? Қайда жүрсің?» деп, құшақтай бастады. Мен сол жылы телефон алмағаннан кейін мүлдем хабарласпаған едім. «Қайда жүрсің?» дегені дәл қазіргі  орайы келген сөз екенін білдім.  «Бүгін бағыттан кеш қайтамын. Ертең қайтсаң шығарып салайын. Вокзалға бір сағат бұрын ерте кел, әңгімелесейік», деп келістік. Ертеңінде темір жол вокзалына келіскен уақытында жеттім. Ол да ертерек келіп, мені күтіп отыр екен. Жөн сұраса келе мен Асыл жайлы әңгіме қозғадым. «Негізінде оған менің кінәм жоқ. Виталий Асылды ұнатып қалыпты. Қымбат сыйлықтар жасай бастады. Оны мен арқылы жеткізіп отырды. Ақырында Асылдың өзі оны іздей бастады. Екеуі екі бөлмеде отырып, телефонмен сөйлесетін еді ғой. Сөйтіп, екеуі бір-бірін ұнатқан соң бірге пәтер жалдап тұрды. Менің де баратын жерім болмағасын солармен бірге тұруға тура келді. Төрт айдан кейін басқа жерге көштім. Кейін Асылмен сөйлессем, Виталиймен айырылысып, аяғы ауыр болып,  айы-күні жетіп  қалса да анасына барып, кешірім сұрапты. Үйіне қайтып барғаны жақсы болды» деді Айнұр бұл жайында әңгімені аяқтауға тырысып... «Ол – шешім қабылдауды білмейтін жастағы қыз. Сен он жас үлкенсің ғой. Тым болмаса, сен ақылыңды айтпадың ба? » деп едім, Айнұр өкпелеп қалды. «Ол біреудің өмірі, нені қажет етті, жасады, менің шаруам жоқ» деп бір-ақ қайырды. Айнұр екеуміз қуанып кауышсақ та, салқын қоштастық.Асылдың бұйра шаштары, қара көздері көз алдыма келді. Осы алып қаланың қай бұрышында жүр екен деп ойладым. Тұрлаусыз дүниедегі қорғансыз қалған қаршадай қызға, әкесінен де үлкен егде орыстың ойына келгенін істегені жан-дүниемді жылатып  жіберді. Бір сәт құшағындағы сәбиіне алаңсыз еркелеп отырған жап-жас ананы елестеттім. Мүмкін, сәбиінің көзі көгілдір шығар... Анасына ұқсаса екен деймін іштей...Өмірдің өзі қыз баланы ерте есейтеді. Қыздың қылықты болуы мейірімге байланысты. Оның пәктігі мен тазалығына, ұстамдылығы мен парасаттылығына үміт артып, қызылшақа нәрестені еркектің құрсағынан емес, әйелдің жатырынан жаратқан Алла да әйелді ерінің кеңесшісі болсын деп жазған. Біздің қазақтың әрбір қызының жанары мұңға  толмаса екен. Бір рет гүлдейтін қыз-ғұмыр қайғымен қайрылмай, ұлтымыздың ұятына айналатын ұрпақтарымызды Жаратқан жар таңдауда жаңылдыра көрмесе екен... Бұл тілек әрбір ананың жүрегінде кеулеп, көкірегінде сайраса деймін. Сонда тәрбиесі мен қылығы таңмен нұрлана түсетін  тағдырлар бой түзеп, бақыт баспалдағына батыл аяңдайтыны анық...

610 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы