• Айтарым бар...
  • 27 Тамыз, 2020

ТАРИХТА ҚАНДАЙ ПАНДЕМИЯЛАР БОЛҒАН?

Дүниежүзін дүрліктірген қауіпті індет – коронавирус немесе бүгінгі тілмен айтқанда «тәжтажал» әлемдегі сан мыңдаған жандардың өмірін жалмап, халықты үрей мен әбігерге салған алғашқы вирус емес және соңғысы да болмауы мүмкін.
Осы жылдың басында ДДҰ коронавирус-ты пандемия деп жариялады.
Жалпы пандемия ұғымы грек тілінен аударғанда «күллі халық» деген мағынаны береді екен. Демек, жер бетінде кең ауқымда етек жайған эпидемиялық процесс. Пандемия деп танылған індеттің өзге ауру түрлерінен айырмашылығы – адамдардың оған қарсы күресетін иммунитетінің жоқтығы. 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында COVID-19 індетімен ауырған алғашқы науқастар шыға бастады. Оның негізгі белгілері респираторлық ауруларға келгенімен, бұл симптомдар әдеттегіден ауыр түрде өтіп, науқастың өзіне келуі қиындай түседі. Тіпті, бұл індеттен тіркелген өлім жағдайы да аз емес. Коронавирусты емдеу мен алдын алу үшін ұсынылған дәрілік заттар жоқ. Соған қарамастан, қазір әлем емханаларында COVID-2019 жұқтырған науқастарға клиникалық белгілерді жою немесе қажетті медициналық көмек көрсетілу жағы барынша қолға алынып жатыр. Қазіргі таңда жаңа коронавирусқа қарсы арнайы дәрілік заттар жасау жұмыстары жүргізілуде және олар алдағы уақытта клиникалық сынақтардан өтеді. Ал, коронавирус пайда болғанға дейін әлемде кең таралған қандай ауру түрлері болған? Кезегімен тоқталып өтсек.

Юстиниан обасы

Дүниежүзі бойынша тіркелген алғашқы пандемия деуге болады. Оның Юстиниан деп аталуының себебі – сол кезде елді басқарған византиялық императордың есімімен сәйкес. Бұл індет Африка, Еуропа, Азия және Араб елдерінің арасында тараған. Бұл обаның салдарынан 100 миллионға жуық адамның өмірін жалмап, Византия халқының жартысына жуығы мерт болған.

«Қара шешек» ауруы

Әлем бойынша таралған қауіпті және өте ауыр індет түрі. Бұл ауру туралы ІV ғасырда пайда болған деген деректер келтіріледі. Жалпы «қара шешектен» ең көп зардап шеккен ел – Қытай. Бұл індетке шалдыққан адамдар сауыққан күннің өзінде біртіндеп көз жанарынан айырылып немесе денелерінде іздер, тыртықтар қалған.

Испан тұмауы

Індеттің испан деп аталуы осы ауруға шалдыққан науқастар ең алғаш Испания елінде тіркелген және бұл елде аурудан 1918 жылы 8 миллион адам қайтыс болған. Оның халық арасында кең таралып кетуіне Бірінші дүниежүзілік соғыс әсер етсе, екіншіден, сол кезде адамдардың елдегі жағдайға байланысты дұрыс тамақтанып, тазалық сақтауға мүмкіндігі болмағаны себеп болған. Ал кейбір деректер бойынша бұл індет 1918 жылы АҚШ-та алғаш рет пайда болды деседі.

Малярия

Бұл індетті таратуға басты себепкер болған масаның ұрғашы түрі, адамға Anopheles тобына жататын масаның ұрғашы түрі шаққан кезде берілетін жұқпалы аурудың түрі. ДДҰ-ның мәліметі бойынша 2000 жылдардан бері бұл індеттен қайтыс болғандар саны 47 пайызға қысқарған.
Жоғарыда аталған аурулардан басқа да тырысқақ, Гонконг тұмауы, шошқа тұмауы деген секілді індет түрлері кездесіп отырған. Бұндай ауруларға тоқталып отырғанымыздың бір себебі, бүгінде оларды емдеу жолдары бар, алдын алу үшін вакцинация да ойлап табылған. Сондықтан да, келешекте «тәжді» вирустың да емі табылатын күн туатынына сенім мол.

Гауһар Түстікбаева

 

475 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы