• Руханият
  • 01 Мамыр, 2020

ҰЛТТЫҚ САНА

Болат Шарахымбай

Дамыған елдердің өміріне қарап отырсаң, осындайда халықты ұйыстыратын ең бірінші фактор – ұлттық сана екен! Қытайды қанша жамандағанымызбен, оларда осы ұлттық сана бар. Осы жолы олар ұйымдасып жүріп, бірін-бірі қамшылап жүріп вирусты жеңіп шықты. Бәленбай миллиард халықтың жоқ дегенде миллиондайы қырылып қалуы керек еді, әйтпесе. Мүмкін вирустың бәсеңситін уақыты да болып қалған шығар, кәрістер де індетті жеңе бастапты. Ұлттық сана дегеніміз не? Кәрістерді алайықшы, мысалы. Олар қиын кезде де қанша жерден сапалы болса да жапонның табарын алмапты. Сөйтіп жүріп өндірісін көтеріп, аз уақыттың ішінде Жапонияның ізін басып келе жатқан мықты мемлекетке айналып шыға келген. Ұсақ-түйек нәрсе сияқты болып көрінетін шығар, бірақ, ұлттық сана – банкоматқа барған кезде қазақ тілін таңдап алу секілді «ұсақ-түйектен» басталады. Осындай болмайтын нәрседен бастап тәртіпке үйренген халықтың тау қопаратын қауқары болады екен. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп бекер айтпаса керек. Біздің халықтың текке дүрлігіп, біреуі былай деп, біреуі былай деп жатқаны да осындай ұлттық сананың жоқтығынан ба деп те ойлап қоямын. Айтпақшы, сосын ұлттық сана – көбіне бір тілде сөйлейтін қоғамда ғана болады. Бір тілде сөйлейтін қоғамның түсінісуі де, ұйымдасуы да тез болады екен!

321 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы