• Білім-ғылым
  • 27 Наурыз, 2020

БІЛЕТІНІҢ БІР ТОҒЫЗ...

 

Балықтар әлемі

 Балықта шам жағады

Терең тұңғиықтан жылтырап жарықтар көріне бастады. Бұл жарықтар қайдан пайда болады? Су тұңғиығында шам жағып жүрген кімдер болды екен?

Қармақшы балық деп аталатын балықтың үстіңгі жағы созылып жіңішкере келе, ең ұшы жұмырланып біткен. Әлгі «жіптің» ұшындағы түйіннен от жарқырайды. «Жібін» жан-жаққа сілтегенде су ішінде найзағай тәрізденіп жарқылдайды. Ол жарыққа ұмтылған шабақ балықтарды қармағымен ұстап қоректенеді.

Кейбір жарық шығаратын балықтардың бүкіл денесі жарқырайды екен. Электрлі скат деп аталатын балықты кішігірім электр станциясы деуге болады.  Электрлі скаттар Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының тұңғиығында мекен етеді. Ұзындығы 2 метр, салмағы 100 келі осы бір балықтың электрлі мүшесі ара ұясына ұқсайды. Ол ток жүретін сымға арналған бағана тәріздес. Ток кернеуі 80 вольтқа жеткенде секундына 150 разрядтан береді. Бұл қуат өзіне шабуыл жасаған жыртқыштан қорғануға жетіп жатыр.

 

Адам құпиясы

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

 Дұрыс тамақтану, денеңізді шынықтыру және басқа да өмір сүру салтын жақсарту сүйектеріңіздің саулығы үшін нағыз көмекші құрал. Сүйектер ағза мүшелерін қорғап, бұлшық еттерді түзеп, кальций жинайды.

Балалық және жасөспірімдік кезеңде күшті әрі мығым сүйек бекіту үшін қалай тырыссаңыз, есейген кезде де сүйек беріктігі мен саулығын сақтауға солай мән беруіңіз керек.

Адам ағзасы жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Жас кезіңізде ескі сүйектер кеміп, орнына жаңа сүйектер бітіп отырады, сүйек массасының көлем бірлігі артады. Көптеген адамның сүйек массасының беріктігі 30 жасына қарай болады. Одан кейін, сүйектің жаңадан қалыптасу кезеңі басталады. Алайда, бұл кезде көбірек сүйек алуыңыз мүмкін. Осы себептен остеопороз ауруының (ағзаның сүйек жүйесінің қартаю белгілері болып саналатын ауру) асқынуы 30 жасқа келгенге дейін қаншалықты сүйек массасының болғанына және одан кейін де қаншалықты сүйек жоғалтқанына байланысты.

 

Сіз білесіз бе?

Қазақы төбеттер қашанмпайда болған?

 

«Ит – жеті қазынаның бірі» деп тегіннен-тегін айтылмаса керек. Көшпенділер өркениетінің сақшысы болған қазақы төбеттердің шығу тарихы жайлы қысқаша тоқтала кетейік.

Төбет иттердің шығу тегі жайындағы мәлімет сонау 1121 жылдардан басталады. Тіпті қазақы төбет иттің қаңқалары Шығыс Еуропадан Қиыр Шығысқа дейінгі мұздық дәуірі алдындағы климаттық зоналы өлкелерден табылған. Марко Поло ХІІІ ғасырдағы қазақтар туралы жазбаларында ойға сыймайтын алып денелі, ерекше күшті иттер жайында былай деп жазып кеткен: «Тайыншадай биік денелі иттер – тағы аңдарды аулауда, күзетте және ауыр жұмыстарда тамаша серік». Бұл күнде Қазақстанда таза қанды төбеттер аз қалды. Егер ле Алматы облысындағы тасқа қашалған ит суреттеріне негізделген деректерге сүйенсек, онда бұл иттердің осы өлкеде өмір сүріп жатқан кезеңін 4 мың жылдан астам деп қарауға болады. Қазіргі төбеттің бүкіл қазақ халқы бастан кешкен дәуірлердің куәгері болған асыл тұқымын шынайы ұрпағы екенін батыл айтуға болады.

Білгенге – маржан

Бетке қалай әжім түсірмеуге болады?

  Жасымыз келіп, бетімізде әжімнің іздері байқала бастағаннан бойымызды бір қорқыныш билейтіні анық. Бұл мәселе әсіресе қыз-келіншектерді алаңдататыны сөзсіз. Ал, әжімді болдырмау үшін, одан құтылу үшін не істеу керек?

Ең бірінші әжімнің түсуіне себеп – күннің көзі екені білген жөн. Яғни, күннің астында көп жүрген адам тез қартаяды. Ол үшін күннің астына шыққанда міндетті түрде күннен қорғайтын арнайы май жағып жүру қажет. Бұл әжімнің түсуіне кедергі болады. Сондықтан, оны күнделікті жағып жүруді ұмытпаңыз. Қолданбас бұрын бетті жақсылап жуып алу керек. Және боянар алдында оның бетке жақсылап сіңуін күтіңіз. Күннен қорғайтын майды бетіңіздің түсіне қарай таңдаңыз. Егер теріңіз ақшыл болса күннен қорғайтын факторлары бар 30, ал егер қараторы болсаңыз, қорғаныс факторы 15 деген майды алсаңыз болады.

 

Жануарлар әлемі

Мен сіздің айтқаныңызды түсінбедім

 Қалталы жануар кенгурулердің қорегін іздегенде, қорыққанда ағаштың биік басына шығып кететіндері бар. Олар Квинсленд солтүстігіндегі Жунглияда және Жаңа Гвинея маңында мекендейді. 

Жерде ебедейсіз қозғалатын кенгурулер ағаштың ұшар басындағы бұтақтардан мүлтіксіз секіреді. Түнді ағаш басында отырып өткізеді.

1770 жылы капитан Джемс Кук Австралияға барғанда бірінші рет алыста жайылып жүрген үлкен қос аяқтыларды көріп таңданып, австралиялық тұрғындардан:

– Бұл жануарлардың аты не? – деп сұрапты. Жергілікті адамдардың бірі:

– Кенгуру, – деп жауап қайтарыпты.

Оның «кенгуру» дегені: «Мен сіздің айтқаныңызды түсінбедім» – деген сөйлем екен. Капитан Кук ол сөйлемді жануар аты деп түсініп, оны кенгуру деген атпен жазып алған.

Бір қызығы – кенгурулер бокске құмар. Австралияда қазірдің өзінде кенгуру мен адамдар, сондай-ақ кенгуру мен кенгурулер өзара рингке шығып, бокс ойнайды.

 Дайындаған

Салтанат ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

   

27 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ӨЗІҢДІ ОЙЛАП ЖҮРЕМІН ӨТКЕН ШАҚТА
Келесі мақала АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ҮРКЕР

30 Қыркүйек, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы