• Руханият
  • 04 Қаңтар, 2020

КЕЛДІМ!

Тышқан жылы құтты жыл болмақ

Халықтық жыл санауға байланысты алғашқы деректерді сонау VІІІ ғасырдағы Күлтегін ескерткіштерінен һəм ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқари еңбектерінен көруге болады. Демек, жыл санау тарихының тамыры тым əріде жатыр. Ендеше, əрбір жылға зер салайық. Тышқан жылы санаудың жəне жыл қайырудың басы саналады. Мұсылман халқы үшін әр жаңа жыл  наурызда басталатыны белгілі. Талай жылдың тауқыметін, қызығын басынан өткізген тəжірибесі бай, ұғымды халық əр жылға тиісті баға беріп һəм соған сай күтініп те отырған. Жалпы, тышқан жылын жұрт молшылық пен берекенің, бейбітшілік пен тыныштықтың жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі көбіне ақталып та отырған. Шынында да тышқан жылы қиыншылық, жаугершілік, аштық болмаған екен.

Биылғы 2020 Тышқан жылы көптеген адамдарға, әсіресе шығармашылық адамдарға табысты жыл болмақ. Тышқанның өзі табиғатынан еңбекқор, ізденімпаз болып келетіні ақиқат. Бұл жылда көптеген адамдардың денсаулығында айтарлықтай кінәрат болмайды, – дейді жұлдыздар. Тек жүйке жүйеге салмақ салатын жайттардан, жұмыстардан аулақ жүру жеткілікті. Қаржылық тұрғыдан алғанда жаны таза, адал еңбек еткен тұлғалар аса көп қинала қоймайды. Тек жыл басында аздап таршылық көруі мүмкін. Тек байбалам салып, қарызға батып кетпесеңіз, бұл қиындықтан жылдам құтыла аласыз. Ал жұмыста бар жауапкершілікті өзіңізге алып, бас-көзсіз шапқылай бермеңіз. Тек көңіліңіз қалаған шаруалармен айналысқаныңыз жөн. Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынастың пайдасы тиеді. Нақты қойылған мақсаттар биікке шығарады. «Міндеттелген» жұмыстар мен «осылай істелуі керек» деген тапсырмалардан жақсылық күтпеңіз. Көп жұмысты атқаруға өзіңіздің қабілетіңіз де жетіп жатыр. Белсенді өмір салтын ұстанушы жандардың денсаулығында кінә болмайды. 2020 жыл көптеген тұлғаларға позитив сыйлайды. Алайда, көздеген мақсатыңызға жету үшін барынша еңбектенуіңіз керек. Оның жемісін жыл соңында көретін боласыз. Бастысы таусылмас күш пен қажырлы қайрат қана сіздің екі қанатыңыз болып, алға жетелейді. Кейбір адамдар күнделікті жұмыстан жүйкеге түсетін салмақтан шаршауы мүмкін. Егер ұйқысыздыққа тап болсаңыз, күйзелістің алғашқы белгісі осы. Дер кезінде демалыс алыңыз! Оның арты ас қорытудағы мәселелерге алып баруы мүмкін. Бұл жылы майлы, қуырылған тамақтардан бас тартып, көкөніс пен жеміс-жидекке ден қойса, артық проблемалар болмайды. Бұл жылды нақты жоспарлармен бастаған дұрыс. Сіздің интуиция, ауқымды ойлау, шешім шығару алдындағы батылдық секілді қырларыңыз ашылуы мүмкін. Алға ұмтылушылығыңыз бен еңбексүйгіштігіңіз қаржылық жағдайды тұрақты етеді. Көп табыс жаңа заттарды алуға деген қызығушылығыңызды тым оятып жіберуі мүмкін. Үнемдеуді үйреніп, инвестициялық жобаларға иек артуыңыз керек. Құмар ойындардан сақтаныңыз. 2020 жылы жіберген кішкентай кемшілігіңіз сізді үлкен қаржылық қиындықтың аузында қалдырады. 2020 жылы қаржы, ғылым, ІТ-технологияда қызмет ететіндердің жұлдызы жанады. Сол сияқты жерге, ауыл шаруашылығына қатысты кәсіп табысты болмақ. Ал қаржылық тұрақтылығыңыз бұл күнге дейінгі табысыңызға тікелей байланысты. Жарты жылдықта табыстың көлемі ұлғаймағанмен, жаз мезгілінен бастап, қалтаңыз қалыңдай түспек. 2020 жыл шығармашылық адамдарға жақсы жаңалықтар әкелмек. Бірақ, ол үшін барынша күш-жігеріңізді жұмсауыңыз керек. Жауапкершілікті бойыңызға дарыта білсеңіз, жұмыста да, жеке өміріңізде де ісіңіз алға өрлейді. Сонымен қатар, бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіп үйреніңіз. Кәсіпкерлер үшін 2020 жылы сіздің қалтаңыз қалыңдайтын жыл. Тек жұмыстағы белсенділігіңіз төмендемесін. Бұрыннан армандап жүрген көлікке қолыңыз жетеді және бас-паналы боласыз. Жұмыс ауыстыруды көздеп жүргендерге жаңа жол ашылады. Жұлдыздар қызметіңізде жаңа жетістіктер күтіп тұр дейді. Себебі сіздің болашағыңыз осы жылы жасалған жұмыстарға тікелей байланыс-ты. Хоббиіңіз жақсы кіріспен қамтамасыз етуі ықтимал. Ақшаны қалай оңай тапсаңыз, жұмсалуы да солай болады. Сол себепті, қаржылық мәселеге ерекше көңіл аударыңыз. Қарыз бен несиеге жоламауға тырысыңыз.

Дайындаған Салтанат ҚАЖЫКЕН

284 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы