• Руханият
  • 01 Қазан, 2019

Рухани жаңғыру – адамзаттың ішкі әлемінің жаңаруы

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде бүгінгі ұрпақтың қоғамымыздағы жаңару іс-әрекетін жүзеге асыруда жүргізіліп жатқан жұмыстар ұшан-теңіз. Еңсесін тіктеген Қазақстан мемлекеті үшін білім беру бағытында атқарылатын міндеттер ауқымды. Өйткені біз Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашырларын жас ұрпақ арасында қалыптастыруымыз керек. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып өсіру міндеті алда тұр. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса,бала да білім мен тәрбиені қабылдауға сондай бейім. Бүгінгі күннің жас жеткіншектеріне терең білім беріп қана қоймай, рухани байлығын арттырып, оларды пысықтыққа, ширақтыққа, түрлі өнерге, шеберлікке үйрету қажет. Жас ұрпақ дүние сырларын ақтара қарап, бүгінгі күннің көкейтесті сауалдарына жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдарын түсінгісі келеді. Қазіргі қоғамның маңызды проблема-ларының бірі – дамып бара жатқан әлеуметтік, экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай ,болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны емес, көшбасшы тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Бүгінігі таңдағы әлеуметтік-экономика-лық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Осы орайда Елбасы халыққа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жолдады. Елбасымыз өзінің мақаласында үшінші жаңғыру, яғни саяси реформа мен экономика-лық жаңғыруды қолға алғанын айтты. Рухани жаңғыру – адамзаттың ішкі әлемінің жаңаруы, ой-өрісі, сана-сезімінің жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Тарихқа көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Тарихта аты қалған көне қалаларымыз,ежелгі жазбаларымыз, ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұған дәлел. Мақала рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік қабілет. Әрбір қазақстан-дықтың жаһандық нарықта өзгелерден ұтымды ұсыныстармен жеңіске жетуі. ХХІ ғасырдың талаптарына сай болу, яғни компьютерлік сауаттылық,шет тілдерін білу – табыстың кілті. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Жеті жұрттың тілін біл жеті түрлі ілім біл»деп тегін айтылмаған. Прагматизм – өз халқымыздың ұлттық және жеке байлығын жастардың бойына сіңіріп,ұлан-ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдары. Халқымыздың ата-бабаларымыздан қалған байлығына немқұрайлы қарамай, кәсіби тұрғыдан ұтымды пайдалану. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатынын ескертті. Біздің еліміздегі жаңғыру ұлттық мәдениетпен тығыз байланыс-та болатындығына тоқталып өтті. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қарыштап дамып отырған дәуірде қабілетті, аса білімдар адамдардың табысқа жетуі айдан анық. Сондықтан жоспарланған межеге жету үшін білім бірінші орында тұр. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсінуге болады. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал, бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал, рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін. «Рухани жаңғыру» бағдарлама-оқушы-лардың әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу барысында өз үлестерін қосу керек екеніне бағыт-бағдар көрсетіп отырады. Біздің еліміздің басқа елдермен бірге дамып, өркендеп келе жатқанының бір дәлелі. Елбасымыз «Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деп көрсетті мақаласында. Яғни әрбір оқушы заман дамуына сай білім алып,жақсы жаққа өзгеру керек. Саламатты өмір сүру, білімді, үш тілді еркін білетін азамат болу әр оқушының өз құзырында.

Мейрамгүл Тлеуберлина, Алматы қаласы, №178 мектепте Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

360 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы