• Шежіре
  • 14 Тамыз, 2019

МАҚАЛА ТУРАЛЫ МАҚАЛА

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-тың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тыңнан қарастырылған идеологиялық бағдарлама қалыптастырудың бұлжымас алаңы. Бұл бағдарламаның негізінде жаңа заман ағымына сәйкес қалыптасуға жан-жақты негіз қаланған.

Ұлы даланың тарихын, салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін, фольклорын, музыкасын, ұлы тұлғаларын танып білуге үндейтін рухани мұралық дүние нақ осы болар. Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның тарихи-мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып, бағамдауға болатыны анық. Біздің бабаларымыз білімге, өнерге жақын болған, әсіресе ән-жырлар, аңыз әңгімелер, эпостар мен ертегілер арқылы ұрпақтарына тәрбие берген. Бұл тікелей жас ұрпақпен жұмыс істейтін ұстаздар мен тәрбиешілерге таптырмайтын құрал болып отыр. Оның балаларды епті, өнерлі, шебер сөзшең етіп тәрбиелеуге септігі тиетіні анық. Ұлы баба-ларымыз, әсіресе, ән-жырлар, аңыз әңгімелер, эпостар мен ертегілер арқылы ұрпақтарына тәрбие берген. Бүгінгі елге белгілі әдебиетіміз бен тарихымыздағы ұлы тұлғаларымыздың бәрі эпос-жырларды жатқа білетінін айтуы соның айғағы болса керек. Бүгінгі күні білім мекемелерінде батыр-ларымыздың тұлғалық қасиетін дәріптеп, оларды мақтан етуі ұлы мақсаттарға бастау болып отыр. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған саналы тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдау, оны бір ортақ жүйеге түсіру Елбасы мақаласында орынды көрініс табуы бізді қуантты. Бағдарлама ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқ-талып, жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындатуды мақсат етіп қоюы аса құптарлық шара болған. Бүгінде еліміздегі барша білім мекемелері мен балабақшалардағы әрбір шара Еліміздің Әнұранымен басталатыны анық. Оны күн сайын қайталаудың арқасында жас жеткіншектеріміздің бәрі Әнұранды жатқа біледі. Одан ұтарымыз көп. Ресейдің Ильин деген философының «Ресейдің мәдениеті мен тарихында, өнері мен фольклорында, орыстың әнұраны, ұлттық батырлары, орманы мен тоғайы атой салып тұруы керек!» деген райдағы сөзі бар. Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыздың да бар арман-мақсаты осыны меңзейді. Мемлекеттің тәуелсіздігін айғақтайтын алғашқы нышан – Ту. Оның түсінің өзі ұрпағы-мызды сергектікке тәрбиелейді. Ұлан-ғайыр даланы мекен етіп келе жатқан мыңжылдықтардың нақты мұрагері осы елдің халқы екенін туымыздың түсі-ақ айғақтайды. Мақала «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасымен сабақтас, үндес. Сондықтан ол өскелең ұлттық қасиеттерге ие болып, қоғамның іскерлік қабілетін барынша дамыту негізінде ең дамыған елдердің санатынан көрінуі стратегиялық мақсат болып отыр. Саяси және экономикалық жаңғыру процестерін жүзеге асыруда Елбасымыз, ең алдымен, біздің санамыздың іс-қимылымыздан алда болуы керектігін, ол үшін рухани жаңғырудың қажет екенін және мұны аталған алдыңғы екі реформаның өзегіне айналдыру керектігін міндеттеп, ол міндетті қалай іске асырудың нақты алғышарттарын айқындап беруімен құнды болып отыр. Еліміздің революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы, ұлттық сана, ұлттық мәдени-генетикалық код, туған жер қасиеті, латын әліпбиіне көшу мәселелеріне қатысты Елбасының инновациялық ой-толғамдары мен ұсыныс-пікірлері халықтың көкейіне ұялап, ерекше үндестік табуда және ол құндылықтардың бүгінгі қоғамда белсенді қолдау тапқаны тосын жай емес. Мақалада тарихымыздағы тұлғалар рөлі туралы айтылуы аса маңызға ие. Бүгінде тарихи тұлғалар туралы үлкенді-кішілі танымдық кітаптар жарық көруде. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады» деген ойдың Елбасы тарапынан сеніммен айтылуы Қазақстан халқын жарқын болашағымызға бағыттайды және жігерлендіреді. Рухани азыққа, оның ішінде ұлттық рухқа қанығып өскен ұрпақ ертең еліне адал, ұлт жанашыры болары сөзсіз. Мақала ұлттық кодты айқындайтын тарихи платформа құрып беруімен де құнды. Бүгін бізден тәрбие алған ұрпақ, ертең Ұлы Дала тұлғаларын зерттеп, олардың өмірін өз ұрпақтарына паш етуге үн қосатын болады. «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары бойынша Мемлекет басшысы атап көрсеткен бағыт-бағдарлардың арасында сананың ашықтығы туралы тезис ерекше мәнге ие. Оған сәйкес қазақстандықтар жаңалықтарға зерек болып, жаһандық үдерістерге ілесу арқылы басқа елдердің озық жетістіктерін бойға сіңіруде дайын болулары қажет. Алаш қайраткері, көрнекті қоғам және мемлекет кайраткері, публицист Әлихан Бөкейхановтың руханият туралы қанатты сөзінде: «Рухани мәдениеттің бір белгісі – жұрт баласына жалпы оқу, газет, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп адам баласына жақсылық жол ашу» деп айтылады. Халықтың тарихи жады мен рухани құндылықтары Қазақстанның бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін шешуге көмектесетін субъективті фактор. Адамды тілі, діні, ділі, мәдениеті, салт-дәстүрлері арқылы ғана тәрбиелеуге болады. Осындай құндылықтарды бойына сіңірген азаматтар ғана нағыз отаншыл патриот болмақ. Елбасымыздың: «Мен қазақстандықтар-дың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», деп ұлттық санамызды қайта жаңғыртып, қазақтың тағдырын алдыңғы орынға шығарып, кезек күттірмейтін ұлттық құндылықтарды ұлықтауға үндеуі де маңызға ие. Осыған орай «Қазақстандағы 100 жаңа есім» идеясы, «Туған жер» бағдарламасы ел мен жердің ертеңін ойлаған арналы толғаныстардың жемісі. Жақсылықтар мен игіліктер жария болуға тиіс. Жақсы адамдар, жомарт жүректі жандар жанымызда жүр. Бүгінгі күннің кейіпкерлерін насихаттау, бүгінгі уақыттың бүтін сөзін айту – бізге зор міндеттер жүктейді.

Алтынай ДАРХАНОВА

501 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы