• Бас мақала
  • 28 Шілде, 2019

БҰЗЫҚ ОЙҒА ҮЗІК ОЙ

Жарқын Түсіпбекұлы

1985 жылы 14 наурызда Семей қаласында дүниеге келді. 1991 жылы Аягөз ауданы, Таңсық ауылында Қопа бастауыш мектебіне қабылданған. 2002 жылы Октябрь орта мектебін ерекше үлгідегі аттестатқа аяқтады. Сол жылы КазГУ-дің философия және саясаттану факультетіне түсіп, 2006 жылы қызыл дипломмен аяқтады. Алаш айнасы газетінде саяси бөлім қызметкері болып істеген, қазір, «Saigez» сайтының бас редакторы, Қазақстан Ұлттық телеарнасының шеф редакторы, «Аманат» интеллектуалды-пікір сайысының жетекшісі.

Мемлекеттік қызметшілерді жау көріп, қызметке барса бөтен көріп кету белең алды. Жемқорлық пен шенеунікті синоним сияқты көру басым. Сөйте тұра жеккөрінішті боп неге мемлекеттік қызметшілерді қорғаймын? Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, мен мектепті ешкімнің сүйреуінсіз, өз біліміммен қызыл аттестатқа аяқтадым. Ешкім менің басымнан мұғалімнің баласы деп сипаған жоқ. Тіпті мамам сабақ берген жылдары бірінші боп менен тапсырманың орындалуын сұрайтын. Екіншіден, Қазақ ұлттық университетінің саясаттану мамандығына грантты жеңіп алдым. Ақша сұрап гарантия берушілер көп болды, ондайларға бала жүрегім сенбей, әке-шешеме шамам келгенше тапсырып көретінімді айтқаным әлі есімде. Құдай қолдап, ұлттық университеттің саясаттану мамандығын бакалавр және магистратура бойынша қызыл дип-ломдармен тәмамдадым. Үшіншіден, қанша жерде жұмыс істесем де ешқайсына ақша ұсынып, қызмет көрсету арқылы кірген емеспін. Керісінше, өмір кезіктірген жақсы адамдардан үнемі ұсыныстар түсіп тұрады. Оған да тәуба деймін. Төртіншіден, балаларыма да осы принципті сіңіргім келеді. Мысалы, мен БҚО-да қызметте болғанда үлкенім мектепке барды. Атақты 11 мектептің емтиханын білместіктен өткізіп алыппыз. Жақсы мектепте оқығанын қалағандықтан кешіксек те директорына жолығып, «қосымша емтихан тапсыруға бола ма?» –деп сұрадық. Ол менің қандай қызметте жүргенімді білсе де, «жоқ» деді. Күшке салуға әбден болады. Бірақ, біз де ерегеспей, баланы қарапайым мектепке бердік. Ішімнен «түкпірдегі ауылдың «Октябрь» орта мектебін бітірсек те ешкімнен білім бойынша төменшіктеген кезіміз жоқ, баланың өзіне байланысты» деген тоқтамға келдім. Қалған екі баламыз да балабақшаға өз кезектерімен барды. Бесіншіден, ақпараттық салаға жауапты болған соң, осы саладағы көзкөрген азаматтардың көпшілігі «тендер берсеңші, біз де істейміз. Рахметі болады ғой» деген ұсыныстармен көп хабарласты. Олардың жұмысты артығымен атқаратынына күмәнім жоқ, бірақ бәрі заң аясында болу керек деген қағиданы ұстандым. Алтыншыдан, жұмысқа орналастыруды өтініп, ақша ұсынғандар да болғанын айтқым келеді. Кадрлық ашық конкурс негізінде қабылданғанын құп көретінімді түсіндіремін. Дәл сол сияқты жер алуға қолғабыс сұрайтын-дар да болды. Барлығына бірден «жоқ» деп жауап бердім. Бірақ, осы уақытқа дейін адал еңбексіз біреуден бір тиын алып көрмеппін. Күні-түні өзіңе жүктелген міндетті абыроймен орындау-ды ғана ойлайсың. Сондықтан да, шығар мен кедей мемлекеттік қызметшімін. Бірақ ешкімге алақан жайып та отырған жоқпын. Оны өткенде Оралдан көшіріскен жігіттер айтты «кітаптарың мен портреттерің көп екен» деп. Иә, менде жағдай жасап алу деген арам ой ешқашан болмаған және қалған өмірімде болмайды да. Себебі өзіме тапсырылған міндеттен қателік кетсе, жеке басыма ғана емес, ата-анама, ұстаздарыма, басшылығыма, күні ертең балаларыма сөз келеді. Оны өте жақсы түсінемін. Міне, бұл – бір ғана мемлекеттік қызметшінің ұстанымы. Сондықтан да, мен мемлекеттік қызмет-шілердің бәрі жау деген қортық түсінікпен ешқашан келіспеймін. Әрине, адамдардың өскен ортасы мен алған тәлімі әртүрлі болғандықтан бес саусақ сияқты олар да бірдей болмайды. Жемқорлық ұшпаққа шығармайды. Сондықтан, мемлекеттік қызметтегі үлкенді-кішілі әріптес-терімді адалдыққа, ал мемқызметшілерді сынаушыларды салмақты ой түюге шақырамын.

481 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы