• Шежіре
  • 28 Шілде, 2019

Александр Македонский туралы қызықты деректер

Бала кезден бастап, Александр өзінің айналасындағы-лардың барлығын таң қалдырған. Бала 10 жасқа толғанда, оның әкесі Филип II-ге Буцефал деп аталатын айғыр сатып алу ұсынылды. Бірақ атты ешкім баули алмады, сондықтан Филип сатып алған айғырын кері қайтармақшы болады. Сонан соң Александр өзінің Буцефалды қолға үйреткісі келетінін айтып, жылқыны біраз уақытқа сатпауын өтінеді. Ол шынымен атты үйретіп, өз серігіне айналдырады. Оған қуанған әке ұлы бұрыннан сұрап жүрген тағы бір-сәйгүлікті алып береді, тіпті қымбат тұратынына да қарамайды. Барлық жаулап алынған жерлерде оның есімі берілген қалалар тұрғызылды. Қалалардың біріне оның сүйікті айғыры – Буцефалдың да есімі берілген. Қала Гайпс өзенінің жағасында орналасқан, онда оның аты жараланып, кейін өліп қалады. Міне сондықтанда ол жерге сүйікті жылқысының есімі берілген.Қазіргі уақытта бұл қала Пәкістанда орналасқан, Джалалпур деп аталады. Александр Македонскийдің есте сақтау қабілеті өте күшті болған. Мысалы, ол әскер құрамындағы әр жауынгер есімін жатқа білген. Бұл шамамен 30 мың адамның есімі. Александр бала кезінен Филипп II-ге жалданған Аристотельдің қарамағында тәлім алды. Ұлы ғалымның жетекшілігімен философия, медицина, риторика, география және басқа ғылымдарды игерді. Кейіннен жасөспірім кезінде ежелгі грек тарихшысы Анаксимэн Лампакстан тәлім алған. Бір жорық кезінде Александр әскері бұрынғы мұғалімі тұратын Лампак қаласына келеді. Анаксимэн қаланы құтқаруға тырысып, оқушысымен келіссөзге келмекші болады. Бірақ ол сылтауға көшіп, өзін қаламен қоса өртеуін сұрайды. Осылайша Александр қаладан кетуге мәжбүр болады. Бірде Александр мереке кезінде шарапты ең көп ішкен адамды марапаттағысы келеді. Мұндай іс-шараға қатыса-тындар саны аз болмайды және бұл оқиға қайғылы аяқталады. Кейбір мәліметтер бойынша 36 адам қайтыс болған.

Гүлмира Қошаева

3825 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы