• Білім-ғылым
  • 24 Сәуір, 2019

«Ұлы дала сарыны»

Балжан ҮМБЕТОВА Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты №141 мектептің директоры.

Алматы қаласындағы № 141 жалпы білім беретін мектепте «Рухани жаңғыру» аясында биылғы оқу жылында « Ұлы дала сарыны» атты әдеби-мәдени музыкалық байқау өтті. Байқаудың төрт кезең бойынша жұмыс жоспары белгіленді. 1 кезең: «Отан-Ана» тақырыбында пат-риоттық әндерден сайыс. 2 кезең: «Халық әні – алтын қор» тақы-рыбында халықтың ән өнерін насихаттау. 3 кезең: «Ән – ғұмыр» Шәмші Қалдаяқов әндері әлемі. 4 кезең: « Наурыз- думан»,« Жастық шақ әуендері». Әр кезең бойынша төмендегідей талаптар қойылды: Сынып жетекшісі мен сынып оқушыларының толық қатысуы, бір музыкалық шығарманы топпен және жанды дауыста орындау, таңдалған шығарманы орындауда киім үлгісін сахна мәдениетіне лайықтау. Дала сарынымен үндескен қобыз бен домбырадай аспабы бар қазақ елінің ұлттық руханияты мен тәуелсіз еліміздің рухын мәңгі көтеретін жас ұрпақтың келешек тәрбиесі мен мәдениетіне үлгі болатын жобаның алғашқы кезеңінің тұсаукесері қараша айында «Отан – Ана» патриоттық тақырыбында ән орындау бойынша өтті. Жоба мақсаты – ұлттық ерекшелігі-мізді айқындап беретін асыл мұрамызды әнге қосып, ұлттық болмыс пен қасиетімізді айрықша құндылығымызды дәріптеу. Халқымыздың мәдени мұра-сын қолдауға және насихаттауға мұрындық болу. «Отан – Ана» тақырыбында патриоттық әндер байқауына 2-4 сыныптардан 23 сынып қатысты. Байқауға төрелік еткен әділқазы мүшелері қалалық білім жетілдіру институтының әдіскері, «Өнерпаз болсаң» атты Республикалық телевизиялық байқауының авторы, жүргізуші, Ж. Маханбетова, белгілі қобызшы, музыка маманы Ж. Нұрғылова, мектеп директоры Б. Үмбетова, директордың тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары А. Салқынбекова төрелік етті. Байқауға әр сынып жоғарыда айтылған талап бойынша дайындалған. Сахна мәдениеті мен патриоттық үлгіде киінген әр оқушының әнді орындаудағы сезімі мен жүрек тебіреністері сезіліп тұрды. Байқауға қатысқан барлық сыныптар марапатталды. Бас жүлде иеленген 2 «Д»,3 «Г», 4 «Ә» сыныптары «Өнерпаз болсаң!» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық телефестивальға жолдама ұтып алды. 1 орын алған 2 «Б», 3 «Б», 4 «Г» сыныптары «Біз еліміздің патриоттарымыз» атты қалалық ән байқауына қатысуға рұқсат алды. «Ұлы дала сарыны» әдеби-мәдени музыкалық жоба, Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнінің 27 жылдығына орай өткен мерекелік концерттік қалалық байқаумен аяқталды. Қалалық «Біз еліміздің патриоттарымыз» атты ән байқауынан 3 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі – А. Салқынбекова I орын, 4 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі – А. Тунгатарова II орын, «Бойтұмар» вокалдық тобы III орындарды қоржындарына салып қайтты. Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс- тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде «бесік жырымен» әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде «жоқтау» айтып, шығарып саламыз. Орыстың тамаша ғалымы Г.Потаниннің « Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек. «Ұлы дала сарынының» екінші кезеңі 15 қаңтарда өткізілді. Байқауға 5-7 сыныптар аралығында 15 сынып қатысты. Оқушылар халық әнінің әуезділігін нақышына келтіріп орындап, жүлделі орындардың қатарынан көрініп марапатталды. Байқауға дәстүрлі әнші ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е.Шүкіман төрелік етті. Бас жүлдені 5 «А», 6 «В», 7 «В» сыныптары қанжығаларына байлады. Оқушыларға да, ұстаздар қауымына да дән ризамын.

603 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы