• Бас мақала
  • 25 Қаңтар, 2019

Ұлттық рухымызға серпін берді

Бүркіт Аяған мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымының докторы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев үнемі тарих ғылымына көңіл аударып, маңызды мәселелерді көтеріп келеді. Соның ішінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жаңаша жазылған әрі құнды ойларымен ерекшеленетініне назар аударуымыз керек. «Оның маңызы неде?» деген сауалға келсек, ең алдымен қазақтың санасын, қазақ елінің, қазақ ұлтының санасын қалпына келтіру, оның арасында тарихты қалпына келтіру жолдарын қарастырып, жаңа әдіснаманы ұсынып отыр. Қазақ елінің көне заманнан тарихы мол, көптеген жаңалық ашқан ел екеніне айрықша тоқталады. Жылқыны үйрету, Алтын адам, қазақ жеріндегі технологиялық орталықтардың тарихы және т.б. төл тарихымыздың ешкімнен кем емес екенін тілге тиек етіп, қайта әлемдік өркениетке қосқан үлесінің мол екенін айтады. Тағы бір өте маңызды мәселе, оны мақаланы оқыған азаматтар да байқар, Рим империясы мен қазіргі Италия халқының арасындағы жалғастық, көне Герман тайпалары мен қазіргі неміс еліндегі, неміс елінің арасындағы жалғастық, Индиядағы бұрынғы тайпалар мен қазіргі халықтың бір жақтан шыққанына баса көңіл бөледі. Қазақ даласы да – қазақтың, осы далада құрылған түрік империясы, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда сияқты мемлекетті жасаған, соны құрған халықтың, тайпалардың жалғасы екенін айтады. Бұл, әрине, методологиялық жаңалықтар, ғылымда айтылған ой болса, екінші жағынан осы мақала алдағы атқарылар жұмыстарға бағыт-бағдар береді. Бізге, мысалы, тарихтан ұнайтыны – арнайы мұрағат ашып, елімізге қатысты материалдар, құжаттар жинап, бір орталыққа жинақтау. Осы орайда 7-желтоқсанда Мемлекет тарихы институты Назарбаев қорымен бірлесіп ауқымды конференция өткізбекші. Оған 12 шетелдік ғалым және еліміздегі белгілі ғалымдар қатысып, «Рухани жаңғыру» мәселелері, «Ұлы даланың жеті қыры» туралы сөз қозғайды. Қазақстанның ғалымдары «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихының дамуы» деген кітапты дайындап жатыр, конференцияда оқырманға ұсынбақшы. Келесі мәселе – алдағы атқаратын жұмыстарға сәйкес, жалпы бұл мақалада тек қана тарихшылар емес, сонымен қоса өнер адамдарына, суретшілерге, археолог топтарына, композитор, ақын-жазушыларға дейін қатысы бар, себебі қазіргі заманға сәйкес жастарға қонымды, біздің көне заманнан қалған өнерімізді, әсіресе ауыз әдебиетін, дала фольклорының, музыканың мыңжылдығы туралы айтып кеттік қой, соның ішінде біздің музыкалық мәдениетті қазіргі технологиялық ақпаратты пайдаланып, заманға сәйкес елді таныстыру. Бұл да бір өте маңызды бағыт деп санаймыз. Кино өнері мен теледидардың да қоғамдағы орны зор. Кітапты бірі оқыса, екіншісі оқымайды. Телеарна мен кино арқылы тарихымызды, төл мәдениетімізді насихаттап, заманауи технологияны пайдалану арқылы Отанымыздың жетістігін жеткізіп және қазақ өнерін әлемге таныту мақсаты да жоспарда тұр. Бір сөзбен айтқанда, қазақ интеллигенциясы, қазақ интеллектуалдары, жалпы қазақ қоғамы алдында үлкен міндеттер қойылып отыр. Енді біз жұдырықтай жұмылып, осы мәселелерді шешуіміз керек.

 

485 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы