• Қоғам
  • 25 Қаңтар, 2019

Жастар – мемлекеттің негізгі тірегі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 15-қазандағы Жолдауында: «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» - деп атап өтті. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Әрине, еліміздің келешектегі арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Елбасы алдыңғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында да «Мен сіздерге, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзінің астарында үлкен құндылық жатыр. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Олай болса, бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары осыны айқын түсінуі керек. Біз «білім-ғылым-инновациялар» әлеміне қарай жылжып келеміз. Жастар еліміздің әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда да болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі екенін сезіне бастады. Жаңаша пайым жасайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа құлаш сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алу қажеттігін түсінді. Бұл Елбасының жастарға жасап отырған қамқорлығы мен мемлекеттік саясаттың басым бағытын көрсетеді. 75 жылға жуық тарихы бар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті еліміздегі маңдайалды университеттердің бірегейі. Сондай-ақ, бүгінгі жас ұрпақтың өзіндік көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім білікті маман даярлау, жас қыздарымыздың санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мактаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын өсіру мәселелерін жан-жақты талқылау - қыздарымыздың қарашаңыра-ғына айналған университетіміздің басты міндеттерінің бірі. Қазіргі жаһандану заманында студент жастардың қоғамда белсенді түлға ретінде қалыптасуы үшін ең әуелі білім мен ғылымның тізгінін тең ұстап, белгілі педагог маман болып шығуы басты шарт. Өйткені, бүгінгі білім алушы білім мен ғылым интеграциясы жолында талаптана жүріп, ертеңгі мемлекетті өркендетер жетекші факторларды игере білуі керек.

Б.Сағындықова Алматы қаласы

431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы