• Айтарым бар...
  • 25 Қаңтар, 2019

ДОҢЫЗ-ДАУЫС

Дәуірдің дәлелді, дәстүрлі дағдысын дақтамай, дөңестегі далаңқайдан дабыр-дұбыр дабырласып, даңғыр-дұңғыр, даңғаза даусымен дабылдатып, далбаңдап, далбалақтап домаланған джентльмен доңыздар делегациясы дәлме-дәл дәлдікпен діттеген дуал дарбазасын дүңк-дүңк, дүрс-дүрс дүрсілдетуге даярлануда. Доп-домалақ датаға дайындық дүйсенбіге дөптелуде. Дариға-ай, дүрбелеңмен дуылдаған дембелше денелі дүйім дүбір-дүрмек дедектеп дефицит делінген дарбыз, дермене, долана, дуадақ дәрізді дәмдік дүниелерді дорба-дорбасымен дәлізге дөңкитуде. Дүкеншілер, дәмхана даяшылары дәмдеуіші дәмдірек дәмді дәммен дәмелендіруде. Дарқан даланың дарынды да даңқты даналары! Доңызды даттамайық! Десе де, дег-бірсізденді, дарақыланды, дауласты, даурықты дегізбей, Доңызды дау-дамайсыз, дау-жан-жалсыз, даурықпай демейік. Даңққұмарлық, даңғойлық даңғылында дандайсып, домалақтанбайық! Домалақ-ана дүниеге дерлік дидарлы, дарынды, дауылпаз дауысты делбеұстарлар дөңгеленуін дарабасшылықпен дәнекерлесін. Дап-дардай дударбас дарақтарымыз дарылдап, дырылдап, далақтап, делеңдеп, дөрекіленбей, дүрлікпей, дүниеқұмарлық, дүниеқорлық, дүние-қоңыздылыққа дәндемей, дап-дайын дүниеге дәнікпей, дендеріне дарқандық, дарабоздық, данышпандық дәлме-дәл дарып, даналық, данагөйлік дағдысымен, дөй, дүлей дәрежесімен даралансын. Дәстүрлі дала диқаншылығы делдалсыз дамып, дәнді дақыл дәнегі дүркін-дүркін, десте-дестесімен диірменде дамылдасын. Далбағайлы (бас-киім) Диқаната династияларының дәулеті, даңқы, дақпырты демде-ақ дүркіресін! Дәуір дәстүрлері дәріптеліп, дүдәмал дүрдараздық, дүмбілез дөңайбат, ділмарсынған дымбілмес, делқұлы демагогтар дүреленіп, дәулескер, дүлдүл домбырашыларымыз диаспоралармен достық дастанын дипломат-тарша дүниежүзіне дүрілдетсін! Денесі дискриминация дертіне душар дарылдақ диуаналарды демде дірдектетіп, дәп допша домалатайық! Достарымызбен дастарқандастығымызды, дәм-тұздастығымызды, дәмдестігімізді доғар-май, дәу-дәу дәмханалардағы дүбірлі ду-думандарда дидарласып, демалысымызды достықпен демейік. Дәрігерлерімізді даттамай, дәрменге дәру, дертке дауа дәрі-дәрмек, дәрумендермен денсаулығымызды дұрыстайық, дінамандық діңгегі дымқылданбасын, дымданбасын. Демографиялық дүмпу деңгейі дәуірлесін! Дұшпанкөздер, дұшпандарды дігірлемей, дікеңдемей-ақ, дырдай дегдарлығымызбен дің-келетейік. Діннің дәлдүріш дүмшелерінің дәйекті дәлелдерсіз, дүдәмал, дімкәс дәрістері дел-құлылыққа дуаландырмасын! Депозиттегі денгілеріміз дөңбекшімей, дәйім дембіл-дембіл демделсін! Доллар долығып, долданбасын!

Масат БЕРІК Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, тіл жанашыры

Тараз қаласы

562 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы