• Мәдениет
  • 15 Қыркүйек, 2018

Ою-өрнегіміз сөйлеп тұруы тиіс

Құралай Әділбекова Жамбыл облысы, Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің МКҚК «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» үйірме жетекшісі.

Бүгінгі таңда ою-өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Орта мектептерде ою-өрнек түрлеріне қызығатын жастар көп, соларға жол көрсететін, үйрететін білікті ұстаздар жетіспеуде. Сонау ерте заманда әжелеріміз керемет дизайнерлер ретінде бағаланған, олар салған оюлар орын-орнымен сөйлеп отырған. Қазақтың тарихи терең ою-өрнегінде мәдениет өте жоғары деңгейде көрініс тапқан. Дегенмен, халықтың қолөнерінің дамуы, құлдырауы, күйреуі, қайта жандануы оның шаруашылығының, мәдениетінің дамуымен, сондай-ақ саяси жағдайымен де тығыз байланысты. Қазақтың мәдениетінің тамыры тереңде. Халқымыздың данышпандылығы, білгірлігі қайран қалдырады Осы кезеңдегі ең көп таралған ою-өрнек үлгілерінің бірі «қошқармүйіз» болып табылады.

[caption id="attachment_7235" align="aligncenter" width="123"]Франция нышаны «Лилия» Франция нышаны «Лилия»[/caption]

XVII- XVIII ғасырларда француздардың версаль сарайында патшалар – «лилия» гүл тектес өрнегінің нышаны болған. Версаль сарайында алтын қасықтардың басында, киімдерде, кілемде, әшекейлерде, үй жиһаздарында, эмблема, яғни, қолтаңбада да лилия гүл өрнегі сызылып түсірілген. Лилия гүлі Францияның нышаны болған. Ежелден келе жатқан, қазақтың ұлттық ою-өрнегі «қошқармүйіз», бұл өрнек – қазақ оюының ең көне элементтерінің бірі. Ең бастысы қошқармүйіз нышаны деп қазақ халқы қонақта, туыс бауырларына келгенде ең бірінші төрт түлік малдарының аман есендігін сұрасқан. Сол кезеңде бізде де «қошқармүйіз» таңба ретінде қолданылған. Ол көшпелі тайпалардың тұрмысынан туған. «Қошқармүйіз» оюы, әдетте, композицияның орта тұсында әшекейленеді. Киіз бұйымдарында (текемет, сырмақта), тоқымаларында (басқұр, алаша, кілемде), сондай-ақ былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарында ең бірінші қошқармүйіз оюы қолданылады. Егемендік алғаннан кейін, қанатын кеңге жайып, қалың жұртқа белгілі бола бастағаннан бері алтындалған оюларды ұлттық киімдері-мізге жабыстырдық. Бір көргенде көз тартып, әдемі болып тұрады. Ол қисынды ма, қисынсыз ба, зерттеуді қажет етеді. «Халықтың өнері – ерекше идеялардың шоғырланған көшірмесі» – деп Аристотель айтып кеткен. Олай болса қасиетті де, қадірлі ою-өрнек, ерекше қамқорлық пен ізденісті осы орайда қажет етіп тұр. Қазақ халқы өте қонақжай халық, олар үлкен жиындарда бас қосқанда ерлері оюлармен өрнектелген шапандар киген. Шапандарының оюларында өзіндік ерекшеліктері болған, яғни әр өңірдің өзіне тән өзгешеліктері болды. Оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс хандары мен билері бір-бірінің қайдан келгенін сұрамай-ақ танитын болған. Шапанға кестеленген ою- өрнектер сөйлейтін болған. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің қалыптасуы мен түр-сипаты көшпелі тұрмыс, құбылмалы ауа райымен қатар, халықтың наным сенімдері, сұлулыққа құмарлығы, түрлі маталардың қолданысқа енуі және көрші ұлттармен мәдени экономикалық байланысына да қатысты. Ал, қазақ халқының зергерлік бұйымдарына келер болсақ, әжелеріміз бен аналарымыз, қыз-келіншектер күміспен күп-теліп жүрген. Күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңгеге шомылдырып « баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті бар екенін бүгінгі таңда ғалымдар зерттеуде. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Сондай-ақ «Ертедегі әдет-ғұрып салты-мыздың бірі – жас жігіт өзі ұнатқан бойжеткенге сыңар білезік сыйға тартатын. Егер қыз жігітті ұнатса, бұл сыйлықты жүрекке жақын көріп, сол қолына салады. Бірақ күнде емес, айтта, жиынды жерде «басы бос еместігін» білдіру мақсатымен салатын. Жігіттерді таласқа салмаудың бір жолы осы. Осы білезікке шынжыр арқылы екі жүзік тіркеледі, оның біріне – күндей ашық, қуанышты жүрсін деп – күннің, екіншісіне – құстай ерікті, бақытты бол деген тілекпен «құсмұрын» бейнеленеді. Ал, бұл аталған өнердің салт-дәстүрге байланысты ерекшеліктеріне айғақ бола алады Адам ойын, арман-тілегін, ризашылығын бейнелі түрде жеткізген: – ұзатылған қыздың ою-өрнек арқылы өз жағдайын ата-анасына хабарлауы; – білезікке түсірілген ою-өрнек арқылы жігіттің қыз басының бос немесе бос еместігін білуі; – құдағи жүзікке бейнеленген ою-өрнектерден қыз анасының жігіт анасына деген ризашылығын білдіруі; – ұзатылған қыз жасауындағы өрнектерде әке-шешесі, ағайын-туғандарының қызына тілеген арман-тілектерінің берілуі және т.б. Ал, қазақ халқы бояу түстеріне де айрықша көңіл бөліп отырған. Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ бояу түсінің көбірек қолданылуы жайдан-жай емес, белгілі бір заңдылықтан, объективті шындықтан туған. «Ақ» түс – шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Қазақ халқының тұтыну құралы мен тағам түрлерінде ақ мол кездеседі. Мәселен, сүт түсі – ақ, ағарған деп аталады. Қазақ түрлі ауру-сырқау, бәле-жаланың бәрі де ақпен тазарады деп ұғынады. Адам өмірінің ұзақ болуы, елдің амандығы, халық тыныштығы, тағы басқа игі-тілектері ақ ұғымымен тікелей байланысты болған. Оның ішінде қазақ сөздерінде жиі қолданылатын ананың ақ сүті, көңілің ағарсын, ақ дидар, ақ жарқын, ақ отау, ақ қайың, ақ селеу тіркестерінің белгілі бір мақсаттан, қажеттіліктен туғаны аян. Немесе ертеде қазақтардың басты адамын ақ киізге орап хан көтеру, тіпті құрбандыққа шалынатын малдың да ақ нар болғаны дұрыс деп түсінуі белгілі бір нанымнан, ақ ұғымын қасиеттеуден екені мәлім. «Ақ түйенің қарны жарылды» деген қанатты сөз де үлкен мерекелерде айтылады. Сондай-ақ қазақта құйрығында ақ қылы бар жылқылар құтты саналып, сатылмайды, ешкімге берілмейді, себебі сол малмен бірге құт-береке кетеді деп түсінген. Қазіргі таңда тәуелсіздік алғалы бізде көк түске көңіл бөліп отырмыз. Мысалы: «көк» аспанның белгісі, мұнысы «аспанымыз ашық, күніміз жарық, еліміз бақытты болсын» – деген халықтың арман-тілегі. Жалпыға келгенде қазақтың түсі қандай деп ойлайсыздар? Мен «қоңыр» түс деп ойлаймын, өйткені, жеріміз қоңыр, төрт түлік малымыз қоңыр, киіз үйіміз, ішкі көрініс дизайны (бесік, күбі, сандық, құрақ көрпелеріміз, домбыра, қамшы, кереге есік, уық, шаңырақ, ұршық, ыдыс-аяқтарымыз) қоңыр түске жатады. Ата-бабаларымыздың шапандары қоңыр, аяқ киімдеріне дейін қоңыр болған. Қазіргі таңдағы болашақ оқушыларға, оқытушыларға айтарым осыларды бір талқылап заманауи түрде бұйымдар жасап бір туынды етіп қоңыр түсті қолға алсақ деген ой бар. Қоңыр түс топырақтың және ағаш тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр, сондай-ақ, жердің түсі. Жер халықтың тіршілік орны. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны қамтамасыз етеді. Қоңыр түс, тыныштық өмір бейнесімен де астасып жатыр. Соған сай туған тіркестер қатары: қоңыр жел, қоңыр тірлік, қоңыр күз, қоңыр самал, қоңыр дала, қоңыр кеш, қоңыр жол, қоңыр ымырт, қоңыр төбе, қоңыр күй, қоңыр леп, т.б. Психолог мамандар мынадай пікірлерді ұсынады: «Қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірибе алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді. Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Біздің ою-өрнегіміз қазіргі уақытта дұрыс бағытта дамып жатқан жоқ. Ою -өрнегіміз сөйлеу қажет. Күмістен жасалған әшекейлерімізге толықтай көңіл бөліп, қымбат тастар орнатып, жан-жақтарын өрнектеп, әсемдеп неге шығармасқа?! Осман империясының түрік сериалдарындағы шапандары, камзолдары, зергерлік бұйымдары қандай керемет. Сол сериалдың арқасында «Хюрремнің әшекейі» қазіргі таңда бүкіл әлемде үлкен сұраныста.

3545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы