• Қоғам
  • 20 Наурыз, 2013

Тек қана қыздар

Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің жанынан құрылған «Айгүл»  вокалды-аспаптық халық ансамблі 1968 жылы вокалды-аспаптық квартет түрінде құрылған болатын. Вокалды-аспаптық халық ансамблі репертуарында қазақтың және басқа ұлттардың халық әндері орындалды. Соның нәтижесінде 1975 жылы «Айгүл» ансамбліне халық ансамблі құрметті атағы берілді. Ұзақ уақыт «Айгүл» халық ансамблі гастрольдік сапармен бұрынғы одақтас республикалар мен шет елдерді аралады.

 Ансамблдің мүшесі, ҚР Мәдениет қайратері, профессор Галина Қарамолдаеваның жетекшілігімен 2003 жылы «Айгүл» қайта жаңғырды. Құрамында барабан, домбыра, ритм-гитара, соло-гитара, бас гитара, екі синтезатор және әншілері бар ансамбль бүгінгі таңда көпшіліктің көңілінен шығып, іздеп жүретін өнер ұжымына айналды. Көптеген байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ:

–     «Алтын дауыс» фестивалі (2009) ;

–     «Алтын микрафон» конкурсы (2011) ;

–  «Nauryz jam» жастар фестивалінде (2011) жүлделі орындарға ие болды.

   2011 жылы 13-20 қазан аралығында университет ректоры Д.Ж.Нөкетаеваның қолдауымен Түркиядағы Қазақстан күндеріне байланысты Түркия елінің Адана қаласында «Түрік әлемі» фестивалінде  өнер көрсетті. Өнерлеріне тәнті болған Түрік елінен дипломдармен марапатталып, алғысқа бөленіп қайтты.

Республика көлеміндегі көптеген тележобалар да «Айгүлсіз» өтпейді. «Қазақстан» телеарнасындағы «Наурызнама», «Сен сұлу», «Таңшолпан», «Хабар» арнасының «Дударай», 31-арнадағы «Замандастар», «Қазақша концерт», «Мәдениет» арнасының бірнеше бағдарламалары арқылы да өз көрермендерін тапты.

Қазіргі таңда репертуар қоржынын толықтырып, Ибрагим Исаевтың сөзіне жазылған Арман Бексұлтанның  «Қазақтың ару қыздары» әнін көпшілікке насихаттауда. Болашақта қазақтың ұлттық әуендерін заман талабына сай өңдеп, қазақ мәдениетінің өркендеуіне үлес қосу – басты парыз.

            Өзіміздің ең жақын  «Үркер» журналын да 5-жылдығымен құттықтай  отырып, университет жастары мен «Айгүл» ансамблі атынан шығармашылық табыстар тілеп, оқырман ілтипатына бөлене беріңіздер демекпін.

 

                                                        Елнұр Нұрғожаева,

                                                                   Қазақ мемлекеттік Қыздар

                                                                                педагогикалық университеті

                                                                  жастар саясаты жөніндегі

                 бөлім меңгерушісі

 

705 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы