• Руханият
  • 26 Ақпан, 2018

Қазақтың ою-өрнегінің сыры, нышаны және тәрбиелік мәні

Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қалың жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленіп, халықтың кең қолдауын табуда.

Елордада осы мақсатта ауқымды шаруалар атқарылуда. Қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Рухани қазына» бағыты бойынша 22 ауқымды жоба бекітілді. Оның ішінде  «Ұлттық мәдениет», «Дәстүр және құндылықтар», «Ішкі туризм», «Ел бірлігі», «Асыл ұрпақ», «Қасиетті Қазақстан», «Мәдениет даму» сынды іргелі жобаларды ерекше атап өтуге болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттап, мәдени-рухани құндылықтарға бетбұрыс жасау,  сондай- ақ Елбасы бастамасының танымалдылығын арттыру. Сонымен қатар, аталған шара арқылы шығармашылық ортаны қолдай отырып, заманауи мәдениеті «Рухани жаңғыру» құндылықтарымен жақындастыра түсу көзделеді. [1].

       Қазіргі уақытта республикада тәуелсіздікті нығайтуды дамыту мен мемлекеттің өркениетті елдер қатарына қадам басуы жағдайында ұлттық, рухани-адамгершілікке және оларды тиімді жүзеге асыру мәселелері ерекше көкейкестілікке ие болып отыр. Ал бұл болса, мәдениет салаларын дамытуды, оның қалыптасып дамуындағы жетістіктер мен озық дәстүрлерді, халық тәжірибесін болашақ ұрпаққа жеткізуді қажет етеді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы біздің бүгінгі «тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек... Қазақтан бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген ой-тұжырымдары да келешек ұрпақты рухани-мәдени мұралар негізінде тәрбиелеу қажеттігін айғақтайды [2].

Жас ұрпақтың «өз Отаны - Қазақстан Республикасында сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге сыйластығын, халық дәстүрлерімен құрметін тәрбиелеу» мақсатында оларға «...қазақ халқының тарихын,   әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлерін,   мәдениетін    меңгерту»    де   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2007, шілде) негізгі міндеттерінің бірі болып саналады [3].

         Сәндік қолданбалы өнер бізді қоршаған дүние мотивтеріне негізделеді, бірақ ырғақ, кезектесіп келу, көзбен қарағанда тепе теңдік заңдарына бағынатындай етіп түстік дақтарды, пластикалық формалар мен графикалық суреттер үйлестіре отырып, оларды өңдеп, ою-өрнекке айналдырамыз. [4] Сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің озық коллекцияларын жинақтап сақтап қалуда, оны өркендетуге және ғылыми зерттеуде Қазақстанның ғылым академиясының академигі Әлкей Хақанұлы Марғұланның еңбегі ұшан теңіз. «Казахское народное прикладное искусство»  деген үш томдық кітабында академик қазақ халқының қолданбалы қолөнерінің асыл бұйымдарын жинақтап, келешекке мұра етіп қалдырды. Халқымыздың қол өнерін            Ф. Т. Куглер, А.Н. Бернштам, С.А. Давыдов сондай-ақ, қазақ ғылымдары мен ағартушылары, этнографтары да зерттеп, зерделеген. Олар Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, С. Қасиманов, Ө. Жәнібеков, Ә.Тәжімұратов, Т. Жынысбеков, Д. Шоқпарұлы, Ж. Шәйкен, Ж. Балкен т.б. және ою-өрнек үлгілерін толықтыра түсуге өз үлестерін қосқан оюшы- шеберлер Ғ. Иляев, С. Әзірбаева С. Төленбаев, Ә Нұрпейісов т.б . [5-9б]

   Менің осы ғылыми жұмысымды, ата-бабамыздан келе жатқан қазақ  сәндік қолданбалы өнерінің қолданылатын бояу үлгілері мен ұлттық үлгіде безендіру тәсілдерін болашақ ұрпаққа таныстыра отырып , қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып ұрпақтан- ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдағы өзіндік тарихымен еліміздің ұлттық ою-өрнегі. Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында, үй  интерьерінде аз қолдануда, кейбірі тіпті қолданбайды. Көпшілігі еуропалық немесе шығыстық (қытайлық) стильді таңдайды. Бұған себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын стилі де осындай. Ұлттық стильдегі ұсынысы  болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Ал дизайнер қайдан шықты, қайдан оқып келді? Әрине өзімізден, сондықтан айналып келгенде бар қателік оқытқан ұстаздан болып тұрған сияқты. Бұған тосқауыл қою жолы баршылық, соның бірі қолданбалы қолөнердің мәртебесін көтеру қажет, халқымыздың қолданбалы қолөнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды  енгізу арқылы біз бұдан не ұтамыз? Менің ойымша біріншіден, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген көзқарасын тереңдетеміз.

   Бүгінгі таңда  ою-өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Орта мектептерде ою –өрнек түрлеріне қызығатын жастар көп, соларға жол көрсететін, үйрететін білікті ұстаздар жетіспеуде.

   Сонау ерте заманда әжелеріміз керемет дизайнерлер ретінде бағаланған, олар салған оюлар орын- орнымен сөйлеп отырған. Қазақтың тарихи терең ою-өрнегінде мәдениет өте жоғары деңгейде көрініс тапқан.   Дегенмен, халықтың қолөнерінің дамуы, құлдырауы,  күйреуі, қайта жандануы оның шаруашылығының, мәдениетінің дамуымен, сондай-ақ саяси жағдайымен де тығыз байланысты болуы себепті оның тарихи даму сипатын халықтың жалпы тарихымен сабақтастықта қарастырған жөн.

Қазақтың мәдениеті ерте заманнан тараған. Қазақ халқының данышпандылығы, білгірлігі қайран қалдырады  Осы кезеңдегі ең көп таралған ою-өрнек үлгілерінің бірі «қошқармүйіз» болып табылады.

  Қазақстан нышаны «қошқармүйіз»       Франция нышаны  «Лилия»

17-18 ғасырларында француздардың версаль сарайында патшалар «лилия» гүл тектес өрнегінің нышаны болған. Версаль сарайында алтын қасықтардың басында, киімдерде, кілемде, әшекейлерде, үй жиһаздарында, эмблема яғни қолтаңбада да лилия гүл өрнегі сызылып түсірілген. Лилия гүлі франциясының нышаны болған.

Демек сонау біздің  ата- бабаларымызда,  ерте замандағы мәдениетіміз де болған, еуропадан кем болмаған. Оны айта келсек қазақ халқының ою-өрнегініңде нышаны  болған.  Ежелден келе жатқан, қазақтың ұлттық ою- өрнегі «қошқармүйіз» , бұл өрнек  – қазақ оюының ең көне элементерінің бірі. Ең бастысы қошқармүйіз нышаны деп- қазақ халқы қонақта, туыс бауырларына келгенде ең бірінші төрт түлік малдарының аман есендігін сұрасқан. Сол кезеңде бізде де «қошқармүйіз» таңба ретінде қолданылған. Ол көшпелі тайпалардың тұрмыс күйінен туған. «Қошқармүйіз» өрнегімен, әдетте, композицияның орта тұсында әшекейленеді. Киіз бұйымдарында (текемет, сырмақта), тоқымаларында (басқұр, алаша, кілемде), сондай-ақ былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарыда ең бірінші қошқармүйіз оюынан басталған.

Туған жерім, туған елім егемендік алғаннан кейін, қанатын кеңге жайып, қалың жұртқа белгілі бола бастағаннан бергі өмірімізден алып қарасақ дүкеннен, теледидарда, үлкен-үлкен алтындалған оюларды ұлттық киімдеріміз шапандарға жабыстырып қойылған. Оны бір көргенде көз тартып әдемі болып тұрады. Ол қисынды ма, қисынсыз ба, соны зерттеуді қажет етеді. «Халықтың өнері – ерекше идеялардың шоғырланған көшірмесі» б.з.д. ғасырда өмір сүрген философ Аристотель айтып кеткен. Олай болса қасиетті де, қадірлі ою- өрнек, ерекше қамқорлық пен ізденісті осы орайда қажет етіп тұр.

Қазақ халқы өте қонақжай халық, олар үлкен жиындарда бас қосқанда ерлері оюлармен өрнектелген шапандар киген. Шапандарының оюларында өзіндік ерекшеліктері болған, яғни әр өңірдің өзіне тән өзгешеліктері болды. Оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыстың хандары билері бір-бірінің қайдан келгенін сұрамай- ақ танитын болған.  Шапанға кестеленген ою- өрнектер сөйлеп отырған.

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің қалыптасуы мен мүр сипаты көшпелі тұрмыс, құбылмалы ауа райымен қатар, халықтың наным сенімдері, сұлулыққа құмарлығы, түрлі маталардың қолданысқа енуі және көрші ұлттармен мәдени экономикалық байланысы арқылы шапанды біліп отырамыз. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың географиялық, ру тайпалық болып ерекшеленеді. Қазақтың ұлтттық шапаны көбіне бас киім тымақ, қаракесек, адай бөрік, арғын тұмақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6  сай найман тымақ, 4- сай жатаған тобықты тымағы болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, Қоңырат үлгісіндегі тымақтар болған.

     Ал, қазақ халқының зергерлік бұйымдарына келер болсақ, әжелерімізбен мен аналарымыз, қыз-келіншектер күмістен ойылып,  оның бетіне салынатын ою-өрнектер де сөйлеп отырған. Күміс пайдасын қазақ халқы сонау заманда-ақ білген.  Күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңгеге шомылдырып           « баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті бар екенін бүгінгі таңда ғалымдар зерттеуде.

    Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Бұл туралы «Алаш айнасы» газетінде жарияланды. Сондай-ақ  «Ертедегі әдет-ғұрып салтымыздың бірі – жас жігіт өзі ұнатқан бойжеткенге сыңар білезік сыйға тартатын. Егер қыз жігітті ұнатса бұл сыйлықты жүрекке жақын көріп, сол қолына салады. Бірақ күнде емес, айтта, жиынды жерде «басы бос еместігін» білдіру мақсатымен салатын. Жігіттерді таласқа салмаудың бір жолы осы. Осы білезікке шынжыр арқылы екі жүзік тіркеледі, оның біріне – күндей ашық, қуанышты жүрсін деп – күннің, екіншісіне – құстай ерікті, бақытты бол деген тілекпен «құсмұрын» бейнеленеді. Ал бұл аталған өнердің салт-дәстүрге байланысты ерекшеліктеріне айғақ бола алады

  Адам ойын, арман-тілегін, ризашылығын бейнелі түрде жеткізген:

- ұзатылған қыздың ою-өрнек арқылы өз жағдайын ата-анасына хабарлауы;

- білезікке түсірілген ою-өрнек арқылы жігіттің қыз басының бос немесе бос еместігін білуі;

- құдағи жүзікке бейнеленген ою-өрнектерден қыз анасының жігіт анасына деген ризашылығын білдіруі;

 - ұзатылған қыз жасауындағы өрнектерде әке-шешесі, ағайын-           туғандарының қызына тілеген арман-тілектерінің берілуі және және т.б

Ал, қазақ халқы бояу түстеріне де айрықша көңіл бөліп отырған. Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ бояу түсінің көбірек қолданылуы жайдан-жай емес, белгілі бір заңдылықтан, объективті шындықтан туған. «Ақ» түс – шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Қазақ халқының тұтыну құралы мен тағам түрлерінде ақ мол кездеседі. Мәселен, сүт түсі - ақ, ағарған деп аталады. Қазақ түрлі ауру-сырқау, бәле-жаланың бәрі де ақпен тазарады деп ұғынады. Адам өмірінің ұзақ болуы, елдің амандығы, халық тыныштығы, тағы басқа игі-тілектері ақ ұғымымен тікелей байланысты болған. Оның ішінде қазақ сөздерінде жиі қолданылатын ананың ақ сүті, көңілің ағарсын, ақ дидар, ақ жарқын, ақ отау, ақ қайың, ақ селеу тіркестерінің белгілі бір мақсаттан, қажеттіліктен туғаны аян. Немесе ертеде қазақтардың басты адамын ақ киізге орап хан көтеру, тіпті құрбандыққа шалынатын малдың да ақ нар болғаны дұрыс деп түсінуі белгілі бір нанымнан, ақ ұғымын қасиеттеуден екені мәлім. «Ақ түйенің қарны жарылды» деген қанатты сөз де үлкен мерекелерде айтылады. Сондай-ақ  қазақта құйрығында ақ қылы бар жылқылар құтты саналып, сатылмайды, ешкімге берілмейді, себебі сол малмен бірге құт-береке кетеді деп түсінген.

Қазіргі таңда тәуелсіздік алғалы бізде көк түске көңіл бөліп отырмыз. Мысалы: «көк» аспанның белгісі, мұнысы «аспанымыз ашық, күніміз жарық, еліміз бақытты болсын» - деген халықтың арман- тілегі бар

Жалпыға келгенде қазақтың түсі қандай деп ойлайсыздар? Мен «қоңыр» түс деп ойлаймын, өйткені жеріміз қоңыр, төрт түлік малымыз қоңыр, киіз үйіміз, ішкі көрініс дизайны (бесік, күбі, сандық, құрақ көрпелеріміз, домбыра, қамшы, кереге есік, уық, шаңырақ, ұршық, ыдыс аяқтарымыз) қоңыр түске жатады. Ата бабаларымыз шапандары қоңыр, аяқ киімдеріне дейін қоңыр болған. Ал жалпыға келгенде қазақ халқымның көзі қоңыр түсті қой.

 Ол Рас!!!Қазіргі таңдағы болашақ оқушыларға  ішкі көрініс дизайн және киім дизайны, қолөнер оқытушыларға айтарым осыларды бір талқылап заманауи түрде бұйымдар жасап бір туынды етіп қоңыр түсті қолға алсақ деген ойдамын.

 Қоңыр түс – топырақтың және ағаш тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр, сондай-ақ, жердің түсі. Жер халықтың тіршілік орны. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны қамтамасыз етеді. Қоңыр түстің, тыныштық өмір бейнесімен де астасып жатыр. Соған сай туған тіркестер қатары: қоңыр  жел, қоңыр тірлік, қоңыр күз, қоңыр самал, қоңыр дала, қоңыр кеш, қоңыр жол, қоңыр ымырт, қоңыр төбе, қоңыр күй, қоңыр леп т.б тіркестер қатарындағы қоңыр үн, қоңыр дауыс ер адамға тән, ер баланың белгілі бір даму кезеңіне сай пайда болатын, ән салғанда кәсіби әншілікті қажет етпейтін (қоңырлатып ән салды) дауыс, үн.

Психолог мамандар мынадай пікірлерді ұсынады: «Қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірибе алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді. Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес. Көбінде еркектердің сүйікті реңкі. Кейде кейбір тондардың ескірген, оңған түрі секілді де әсер береді».

    Қорыта келгенде, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясын қолдау жасөспірімдер мен жастар арасында кеңінен  насихаттау. Ел тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарап, рухани байлыққа ұмтылып, мектептен тыс ұйымдардың, баланың жеке тұлға ретінде дамуындағы алатын рөлін арттыру, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогтардың міндеті  болып тұр.

   Біздің ою- өрнегіміз қазіргі уақытта дұрыс бағыт беріп жатқан жоқ, себебі ата- бабамыз бізге мұра етіп қалдырған ою -өрнегіміз сөйлеу қажет. Осыған орай, рухани жаңғыруға байланысты тарихымызды жаңғыртуымыз керек. Жоғарыда көрсетілген ою- өрнек өнерге тән  ерекшелігімен және жеке тұлғаның тәрбие салаларына ықпал етеді. Қазақ халқымыздың ұлттық киімдеріне баса назар аударып, күмістен жасалған әшекейлерімізге толықтай көңіл бөліп, қымбат тастар орнатып, жан жақтарын өрнектеп, әсемдеп неге шығармасқа?! Осман империясының түрік сериалдарындағы шапандары, камзолдары, зергерлік бұйымдары қандай керемет. Сол сериалдың арқасында «хюрремнің әшекейі» қазіргі таңда бүкіл елде үлкен сұраныста.

    Осы орайда ою -өрнегімізді бір қолға алып талқыласақ, орын- орнымен қойсақ, бізге қалдырып кеткен, мәдени мұраларымыздың мәртебесін көтерсек,  ата – бабаларымыздың әруағы бір аунап қалатын еді.

Құралай Әділбекова

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігің білім бөлімінің МКҚК «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» үйірме жетекшісі.

 

                    

 

544 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы