• Руханият
  • 29 Наурыз, 2017

Сақинамда Көк ту бар...

Қымбат Керейбай

Публистка жанрында қалам тербеп жүрген жастардың бірі. Астана қаласының тұрғыны. Журналымызда алғаш рет жарияланып отыр.

Бүгін Түркия еліндегі қандас бір бауырым мақтанышпен «Мына жаңа сақинама қарашы, қалай екен», - деп хабарлама жіберген еді, көзім әлгі сары күмістен жасалған ұлттық нақыштағы сақинаға түсті. Марат досымнан не себептен сақинаңды осындай нұсқада жасаттың деп, сұрағанымда: - Бізде Түркия елінде, адамдардың өз ұлттық нақыштарында түрлі әшкейлер жасап, құлақтарына сырға, қолдарына жүзік тағып алып, жүретін түріктерді көп көрдім, менде осылай өз Отанымның туының суретін сақинама қоямын деп шештім. Желбіреген еліміздің туына ата-бабамыздың қаны мен тері сіңген. Қашан және қайда болсамда ол жанымда болсын, жақсылығы маған тисін, өйткені ол Отанымыздың туы. Ол түріктің елі, осылай басқа елдің адамдары құлағына, қолына, мойнына ұлттық нақышта әшекейлер тағып жүреді, ал мен қазақ болып неге жасатпаймын?! Маған ұнаған соң тапсырыс беріп жасаттым, әрқашан осы сақинама қарағанда менің Отанымды ойыма түсіреді. Сұраған адамдарға мен қазақпын, бұл менің елімнің туы деп, мақтанышпен әрқашанда айтамын. Біздің ту дүниедегі ең керемет ту, шындықты айтсам оны қөрген түріктер, біздер де тапсырыс беріп жасатамыз дейді. Әке-шешем «Қазақтың туы біздің ар-намысымыз, ол әрқашанда жоғарыда болу керек!», - деп үйреткен және де әлі де үйретіп, айтып жүреді, мен де оны болашақта өз балаларыма үйретем, біз оны жерде көретін болсақ сүйіп, маңдайымызға қойып, тазалап жоғарыға көтеріп қоямыз, құрметтейміз қатты. Ол - Отан, намыс. Қазақстанда тұрып, ойы, жүрегі шетелде болып, шетелге кеткісі келіп, шетелдің азаматтығын алғысы келген адамнан көрі, бізге шетелде тұрып, Қазақстаннан азаматтық алғысы келетін, ойы, жүрегі қазақ елінде болатын адам керек, елден кеткісі келген адамның ешкімге пайдасы жоқ, кете берсін! Шындықты айтатын болсақ, туымыз құлақта, мойында, саусақта және жоғарыда емес, ең бірінші жүректе болу керек, оны қатты құрметтеп, сүюіміз керек! Сондықтан баламызға, немерелерімізге де солай үйретуіміз керек! – деп, жауап берді. Ол болса шет елде, бөтен жерде жүрген қазақтың, әр сөзінде еліне деген сүйіспеншілік, сағыныш, патриоттық сезімі көрініп тұр, ал біз болсақ қазақ болып өз туған жерімізде туып, өстік және де елімізде Құдайға шүкір тұрып жатырмыз! Сондай бақытымыз бар екен, бағалай білейік ардақты қауым!

Астана қаласы

598 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы