• Айтарым бар...
  • 17 Қараша, 2016

Инженер мен агроном болуға неге ынтықпыз?Немесе ата-ана таңдаған кәсіп артта қалды ма?

Қуандық ТҮМЕНБАЙ   

Қазір жұрт инженер немесе агроном болуға неге ынтықпайды? Аракідік ақшасы барлар шетел асып, ақшалы оқуға құмар. Оны бітіріп келгендер Астанада немесе Алматыда өз мамандығына сай орналасып жатқандары кемде-кем. Осы салада шүлдірлеп, шала қазақтар істеп жүр. Ұлтын байлыққа белшесінен батырып жатқан біреуді көрмедім. 

   Неге бұлай?! Өткен ғасырдың 60-70 жылдары нағыз қазақ болуға тырыстық. Қазақ Ауыл Шаруашылығы институтының механика, агрономия, өсімдік қорғау факультетін бітіргендер қолды-аяққа тұрмай жанұшырып еңбек етті. Қазір агрономия мен өсімдік қорғау факультеттері қосылып, «СХИ мен Политех» бірігіп кетті. 60-жылдары әлгі факультеттер ашылып, өсімдік қорғау өркендеп, топырақтану жаңа белеске көтеріліп еді. Агрономия ғылымы да аршындап дамып, алға басты. қазір бәрі біртүрлі, бір адым артқа шегінген секілді. айтып ешкімді жеңе алмайсың, көз бәріне куә. 
   Байқайсыз ба, қазір ешкім де инженер мен агроном болуға ынтықпайды. Күріш еккен баланың біліміне тәнті болған әкені көрмедік, бұрын ілім мен білім қабысып, «ученик пен бригад» ауыз жаласып, жарты әлем боп жүруші еді. Біздің ауылда бәрі Пәшкен сияқты баласын «инженер» қылуға құмартатын, қазір трәктірі дырылдап оталып тұрған инженер де, тұқым күріші қап-қап боп қамбада жатқан агроном да көзден бұлбұл ұшты, бір белгісіз мамандық, орысша мен қазақшаның арасындағы шүлдірлеген сөздер кәсіпке енді. Бізге керекті қасиетті мамандықты, кезінде Хайдар Арыстанбеков уығын шаншып, іргесін қадап ұстап тұрған қат кәсіпті талай-талай инженер мен агроном бітіріп шығып, биіктерге самғады. Қазір солар қоңсы қонып, аралары қоңылтақсып қалғандай. Ауыл жылдары да осының қабатында желкендері желбіреп кетті. Өйткені, ауылда байланысты нәрсенің бәрі осы қос мамандықтың қабатында кетіп, өгей баланың күйін кешіп жүр. 
   Енді не істейміз? 
   Енді кешегі гектар-гектар күріш егіп, өсімдіктің қас-қабағына қараған агроном мен мәшине-трактордың түтінін будақтатып, бір ауыл – бір мекенжайды қолына ұстаған қос мамандық иелерінің болашағын қайта ойлау керек болар. Бұл екеуі бір үйдің егіз баласындай етене нәрсе. 
   Осыны естен шығармайықшы. 

 

603 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы