• Қоғам
  • 13 Қыркүйек, 2016

Жедел мобильді топ құрылды

«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің  отыздығына кіру жөніндегі жоспар.

Бағдарламаға бес ірі реформа кіреді:  мемлекеттік  заманауи  аппараты қалыптастыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектік пен бірлік және есеп беретін мемлекет қалыптастыру.
Соның ішінде кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайтудың маңыздылығын өңіріміздің кәсіпкерлері қуаттап отыр. Жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
Осыған орай, «100 нақты қадам» 5 ірі реформасын жүзеге асыру барысында аудан прокуратурасының басым бағыттарының бірі кәсіпкерлікті қорғау және қолдауға бағытталған заңнаманың қолданылуы болып табылады.
Аудан прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді. Кәсіпкерлікке қатысты 2 тексеру жүргізіліп, 4 прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді, 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 10 кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында рұқсат құжаттамаларды рәсімдеу, келісім алу кезінде мемлекеттік органдармен көбінесе рұқсат беру арыздарын созбалаңға салу дерегі орын алуда.
Айта кететін болсақ, көбінесе жеке кәсіпкерлердің өтініштерін қарау кезінде құрылыс обьектілерінің жобаларына, жер телімдерін алу сұрақтарына жылдар бойы келісімдер берілмей, олардың жазбаша өтініштеріне жауаптар берілмей, әкімшілік кедергілер туғызып, нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерін сергелдеңге түсіреді.  
Осыған орай, аудан прокуратурасының бұйрығымен кәсіпкерлерді заңмен қорғалған құқығын қорғау мақсатында, кәсіпкерлерді заңсыз тексеруден және олардың қызметіне араласуды болдырмау мақсатында жедел мобильді топ құрылды.
Мобильдік топ мүшелеріне аудан прокуратурасы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының Маңғыстау аудандық бөлімі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Маңғыстау аудандық филиалының басшысы кіргізілді.
Мобильдік топтың негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың тарапынан кәсіп-керлердің конституциялық құқықтарының бұзылу деректері туралы арыздар мен хабарламалар түскен жағдайда тез арада орын алған жерге бару, шаралар жүргізу;
- кәсіпкерлік қызметіне негізсіз тексерулер және кедергі келтіру деректері орын алған жағдайда тез арада кәсіпкерлердің құқықтары бұзылуын жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін шешу;
- кәсіпкерлердің құқықтарының әрбір бұзылу деректеріне уақытылы және тез арада ықпал етілуін қамтамасыз ету көзделген.
Осыған байланысты, егер де тексерушілердің тарапынан заңсыз немесе дәйексіз әрекеттер анықталған жағдайда прокуратура органымен кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін сақтау бойынша тиісті прокурорлық ықпал ету шаралары алынады.


Смағұл Қасниязов
Маңғыстау облысы, 
Маңғыстау ауданы прокурорының 
орынбасары 

«Қызылту» орта мектебінің шежіресі де өзге білім ордаларына ұқсас. Біз де көне ғимаратқа көз салып, бір сәт ойға шомып, сырлы әлемге сүңгіп кеткендей боламыз.  

Мектептің орналасқан орны: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық әкімшілігі, «Қызылту» колхозында орналасқан. Мектеп 1927 жылы бастауыш сынып негізінде 12 оқушы, 2 ұстазбен  Ибрагим Шохаевтың бастамасымен «Барғана тамы» деген жерде қаланды.1936  жылы 7 жылдық мектеп болып құрылды. Онда  206 оқушы, 8 ұстазбен 7 жылдық мектеп  болып қайта құрылды.1958 жылы  215 оқушымен, 8 жылдық мектеп болып,  ұстаз саны  23-ке артты. Мектеп директоры  Әлиакбар Монтаев басшылық жасағанда 1968 жылы 10 жылдық орта мектепке  айналды.  Онда 262 оқушы, 47 мұғалім болды. Мектеп директоры Сейітхан Тұрысбековтың кезінде 1989 жылы мектеп жаңа жобамен салынған үш қабатты 624 орындық ғимаратқа көшірілді.1927-1977 жыл аралығында 9 мұғалім  «Қазақстан Республикасының Блімі беру ісінің үздігі» белгісін иеленді.     
Бүгінгі таңда білім ордасының тарихы терең, шежіресі мол. Мектептің  90 жылға жуық өмір тарихында талай қазақ баласы білім алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Мектеп өзінің өсіп - өркендеуі жолында  талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кешіре отырып, бүгінгі таңда ауыл баласын білім нәрімен сусындатып жатыр. Ұзақ жылғы білім мен тәрбие беру жолында есімдері  елге танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеп шығарды.
Ауылдың да, мектептің де тарихы мол. Ауылдан екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев, 3 Социалистік Еңбек Ері туған жерді мақтанышқа бөледі. 10 Батыр – Ана перзент тірлігімен ел-жұртының атын алыс аймақтарға жеткізді. №149 мектеп десе, кім болса да елең ете қалады. Бұл мектептен заңгер Балтабек Сыздықов, дәрігер Алмасбек Монтаев, жазушы Қуандық Түменбай, т.б. есімі елге белгілі азаматтар түлеп ұшып, ер есімін елге танытты. Бұның бәрінің бастауында алғашқы ұстаз Ибрагим Шохаев тұр еді. Осындайда Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстазы» да еске түседі. Өмір осынысымен қызық емес пе?!

 

455 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы