• Мәдениет
  • 13 Қыркүйек, 2016

Тарыдайды таудай жасау – парыз

Жанат Охапова,   
мектеп  директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.Қоғамымыздың ілгері дамуының өзі ғылым мен білімге тікелей байланысты. Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан мұғалімге жүктелген міндет өте ауыр», - деген болатын.  Ғылым-білімнің негізін ұстаздар арқылы тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алары хақ..

«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- дейді Мағжан Жұмабаев. Сонда ол  бала халықтың қаны мен жанын, рухын бойына сіңіреді.
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде бүгінгі ұрпақтың  қоғамымыздағы  жаңару іс –әрекетін  жүзеге асыруда жүргізіліп жатқан  жұмыстар ұшан-теңіз.Еңсесін енді тіктеген Қазақстандай жас мемлекет үшін тәрбие бағытында атқарылатын  міндеттер  ауқымды. Өйткені біз Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын  жанашырларын   жас ұрпақ арасында қалыптастыруымыз керек. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып өсіру міндеті алда тұр.
Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.
Соңғы жылдары жалпы білім беретін мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту, жаңарту проблемаларының ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа білім беру саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әрбір адам өз үлесін қосуда.
Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысының түрлері, сонымен қатар оларды өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып дамып отыр.
Бүгінгі күннің жас жеткіншектеріне терең білім беріп қана қоймай, рухани байлығын арттырып, оларды пысықтыққа, ширақтыққа, түрлі өнерге, шеберлікке үйрету қажет.
Жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелегіміз келсе ата-ана мен мектеп бірігіп, ынтымақтаса отырып, мектептегі тәрбие үйде жалғасын табатындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн.Бұл жұмыстарды тиянақты атқаруда  ұстаздар алдына мынадай міндеттер қойылады:
- Қазіргі білім беру, икем, дағды деңгейіне қойылатын талаптар негізінде мемлекеттік қалыпта жоғары білім беру;
- Мұғалім, қосымша білім беруші педагогтар психологиялық және білім берудің барлық мәселелерінің жеке шешімін табуды қамтамасыз ету;
- Санитарлық-гигиеналық қалыпты ескере отырып, белгіленген деңгейде білім берудің қажетті жағдайларын жасау;
- Оқушылардың білім сапасын көтеру, жеке қабілетін дамыту, жеке қызығушылық деңгейін көтеруде кең көлемде қосымша қызмет түрлерін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету, тағы сол сияқты міндеттерді қоя отырып, жұмыс істеу қажет.
 Тәрбие біржақты берілетін  болса, онда нәтиже күткендегідей болмауы мүмкін.Сондықтан  ата-аналардың  өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тәрбиесін тек мектепке ысырып қоймағандары абзал. Өйткені,бала үшін дүниеде ең қымбат, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер айтып, өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.   Сондықтан  ата-аналардың  өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тәрбиесін тек мектепке ысырып қоймағандары абзал.Ол үшін ата –аналарға мынадай міндеттер жүктеледі:
- Ата-ана мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін бақылауды қамтамасыз ету;
- Балаға жанұяда қалыпты жағдайдың сақталуын, оқуына қажетті материалды қамтамасыз ету;
- Мектеп жарғысын орындау;
- Баланың уақытында тұрып, кешікпей сабаққа келуін, себепсіз қалмауын, сырт көрінісін талап бойынша орындауды қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда  халықтың әл-аухаты артып,жағдай жақсарып  келеді.Алайда әртүрлі діни көзқарастағы адамдардың  үгіт-насихатына  балаларымыздың  еріп кетпеуін қадағалағанымыз жөн.
Ата-аналар балаларды мүмкіндігінше көп уақыт үйде жалғыз қалдырмауы керек.Баланың немен шұғылданатынын, мектепке қалай барып келетінін, күнде қанша сабақ болып, қаншада қайтатынын біліп отырулары керек.
Баланың сабақтан тыс уақыты дұрыс  ұйымдастырылуы керек.
Олардың кітап оқуына, мәдени тынығуына жағдай жасап көмектесу қажет. «Тәрбие отбасынан басталады» десек те, күйбең тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы әрбір баланың әрекетін, қылықтарын бағалап, бағыт-бағдар беруге көңіл кейде аз бөлініп жататыны көңіл қынжылтады. Әрбір ата-ана баласының ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасап, ықпал етуі керек.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөле білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп  шығары ақиқат.Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен ұстаздар  ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен жас ұрпақты Отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.Бала –бауыр етіміз, еліміздің ертеңі, Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс. 
Әрбір  ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышым деп  есептеуі тиіс.
Елбacы өз cөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жac ұрпaқтың қолындa, болaшaқты білімді ұрпaқ aйқындaйды, aл жac ұрпaқтың тaғдыры ұcтaз қолындa» деп aтaп көрcетті. Еліміздің болaшaғы — ұрпaқ тәрбиеcінде. Cондықтaн еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, aдaмгершілігі жоғaры ұрпaқ тәрбиелеу біздің aлдымыздaғы ең бacты міндет.Мен   қамшыласам, Сіз   баптасаңыз; Ол  қанат  қақтырса, біздің бәрімізге  ортақ  мақсаттың орындалары хақ. Ол мақсат – жас  ұрпақты  сапалы  білім, саналы  тәрбиемен  қаруландыру.

433 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы