• Қоғам
  • 10 Тамыз, 2016

АПАТҚА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ

Бізді,  алматылықтарды,  (бұл  жерде  автор Мәскеуде  оқитын  қазақстандықтарды айтып отыр), Шыңғыс Айтматовтың сөзі ерекше баурады, біздің республикаға байланысты ұлттық күрделі мәселелер оны толғандырмай қоймайды. 

Өз депутатымыз, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма басшысы Олжас Сүлейменовтің сөзін де тағатсыздана күттік. Қазақ жерін жайлаған экологиялық зардаптың Семей полигонындағы көріністері тұңғыш рет үлкен мінбеден айтылды. Осынау сынақтар республиканы жайлаған қатерлі ісік пен балалар кеселін асқындырып жіберді. Бұнымен келісуге әсте болмайды!
Қазір бізде «Невада» қозғалысы басқаша бағыт алды, оның белсенділері Қазақстандағы жарылыстарды қысқартуға жанталаса кірісіп жатыр. Осыған үндес қозғалыстар Невада штатында, Америкада да басталды, біз оған «Қазақстан» деп атау беруді ойластырып отырмыз. 
Біздің екі жақты күресіміздің соңы бір шешімге келіп, адамзатқа қатерлі қаруды тоқтатуға тиым салады деген үмітіміз бар. 
Үміт алдамайды!
Біздің халқымызға таза ауа қажет. Ұрпағымыз таза ауамен демалып, дені-басы сау өмір сүруіне біз мұрындық болмай кім мұрындық болады? 
                                                         

        
Қуандық ТҮМЕНБАЙ,
                                                                 Кеңес Жазушылар одағының мүшесі.
                                                                         «Неделя» апталығынан.
                                                                         1988 жылғы 26-маусым.

Р.S. Мәскеу Әдебиет институтында дәріс тыңдап жүріп жазылған бұл тәмсіл әлі де мәнін жойған жоқ дер едім. Шыңғыс Айтматов жазушылар құрылтайында өзекті мәселе көтерді. Адамзатты апаттан құтқарып қалу үшін «Адамзаттың Айтматовы» өз сөзін айтты, біз болсақ, алып кеменің соңынан ердік. Америка, Семей, Қазақстан – байрағы желбіреген биік белес болды. Оңтайлы жерде ой ұшқындарын айтып, «Неделя» секілді дуалы ауыз апталықта абыройлы сөз айту ишараты бізге де бұйырып еді. 
   Айтматовтың әруағы риза болсын!
   Апатқа жол бермейміз! 

 

 

349 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы