• Шежіре
  • 29 Маусым, 2016

ЖЕР мен ЖАЛАҢТӨС БАТЫР – егіз

Көңілде кірбің бар. Бұның көбі жерге байланысты. Жер – біздің байлығымыз, Елбасы сөзімен айтсақ, Ұлттың ұлы байлығы. 

Қалай десек те, Жерді біз бас әріптермен жазамыз. Ол – біздің қазынамыз. Оның киесін еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біледі. Бұған халықтың қарымды еңбегі куә. Кешегі күріш еккен Ыбырай Жақаев, қой өргізген Жазылбек Қуанышбаевтың немере-шөберелері асыр салып ойнаған Жер-Ана – біздің жеріміз. Бұл жерді ешкім де бізден тартып ала алмайды. 
Мен «Жалаңтөс батыр» деп аталған ЖШС-ті басқарамын. Бар арманым – кең далаға ие боп қалу, ұланғайыр даланы жақсы атқа жеткізу. Күріші бар, қойы бар, қазаққа тән нәрсенің бәріне біз өзіміз ие боп, заман көшіне сай жақсылықтың игілігіне куә болсақ. Елбасы сөзімен айтсақ, «Қазақтың даласы халықтың меншігі. Қазақстанның 14 мың шақырым шекарасын шегелеу үшін біз 8 жыл бойы келіссөздер жүргіздік. Не үшін? Жердің тұтастығын сақтау үшін», - деді Н.Назарбаев. 
Әрине, көңілде алаң бар. Ол заңды нәрсе. Шекараға ие болып, ұлтарақтай жерге билік айтып, бас иелік жасау – оңай емес. Ұлы Дала елінің әр сүйем Жері үшін күрес – жүрегімізде жалау боп желкілдеп тұрады. 
   Біз сол үшін күресеміз. 
   Жер – ұлттық қазынамыз. 

 

                  Қасқырбай ӘЛІМБАЕВ, 
                 «Жалаңтөс батыр» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің директоры

386 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы