• Шежіре
  • 29 Маусым, 2016

ҚҰРАН АЯТТАРЫ ЖАЗЫЛҒАН НЕВСКИЙ ДУЛЫҒАСЫ

Тарихшылар арасында атақты орыс қолбасшысы Александр Невскийдің дулығасындағы алтын әріптермен жазылған Құран аяттарының қалай пайда болғаны туралы дау-дамай әлі күнге басылмай тұр. Бұрын олар дулығаны орыс шеберлері құйғанын айтып, араб тіліндегі аяттарды көрнекілік үшін пайдаланғанын алға тартқан-ды. Алайда жақында БАҚ беттерінде бұл дулығаның орыс қолбасшысына Алтын Орда билеушілерінің тарапынан сыйлыққа берілгені туралы тарихи дерек жарық көрді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, дулығадағы жазу «Сафф» сүресінің 13-ші аяты екені нақтыланды. Қазақша мағынасы: «Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Алла жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар  (Мұхаммед с.ғ.с.), мүміндерді қуандыр» (61:13). «Уә башшир әл-муминин» – «Мүминдерді қуантыңдар».
Бұл туралы  зерттеуші Саят Рахымберді: «Араб жазуымен өрнектелген дулығалардың барлығы да Алтын Орда астанасы Сарай-Батуда жасалған. Алтын Орда әміршісі Бату ханның өзі де, оның әкесі мен атасы да қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. Сол кездегі Сарай-Бату шаһары түгелдей шеберлердің қаласы болған десек те қателеспейміз. Қала тұрғындарының басым көпшілігін қару-жарақ соғушылар, темірден түйін түйген қолөнер шеберлері құраған. Александр Невский дулығасына келер болсақ, оның Алтын Орда билеушілерімен жақсы қарым-қатынаста болғаны белгілі. Бату ханның ұрпағы Сартақтың Невскиймен тамырлас болып, бір-біріне тарту жасаған. Алайда, Сартақ бар болғаны бір-ақ жыл ел билеген. Одан кейін хан тағына ислам дінін қабылдаған Берке хан отырған болатын», — дейді.ҚҰРАН АЯТТАРЫ ЖАЗЫЛҒАН НЕВСКИЙ ДУЛЫҒАСЫ
Дулығадағы жазу туралы тарихшылар әлі де зерттеу үстінде. Кейбір ақпарат құралдары Бату ханның ордасында тәрбие алған Александрдің бас киімінде Құран аяттарын жазылуы заңды екенін айтады.
Айта кетсек, Невскийдің дулығасы Ресейдің елтаңбасында бейнеленген. Бұл дулығаны Нев-скийден кейін әйгілі Михайл Романов патша киген екен. Араб каллиграфиясымен өрнектелген бұндай бас киімдер атақты Иван Грозный мен князь Федор Мстиславскийде де болған.

«Ұлт ақпарат»

487 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы