• Руханият
  • 01 Қазан, 2012

1 пайыз талант, 99 пайыз еңбек

«Еңбек, бәрін де жеңбек». Иә, расымен де осы еңбек адамды надандық ортадан алып шыға алатын бірден-бір құрал болып отыр бұл заманда. Кезінде Абай атамыздың да «қарын тойдырары» осы еңбек болып еді.

Нарықтық қоғамда елдің әлеуметтік, рухани, мәдени және моральдық жағдайын көтеруге арналған көптеген шаралар қазіргі уақытта жұмыс атқарып келеді және атқара береді де. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы басты объектіге «еңбек» деген ерекше ұғымды алып отыр.

«Біреуі ішсем, жесем дейді, біреуі көрсем, білсем дейтін» жастарымыз бар екіге бөлінген. Масыл болып ата-анасының мойнына мініп, білгенін жасайтын жастарымызды еңбек етуге, Президент айтқандай: «елеспен өмір сүрмеуге» шақырамыз. Сол үшін де Елбасы аталмыш мақаласында «2012 жылдың соңына дейін жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың нақты шараларын әзірлеуге» тапсырма берді. Бұл дегеніңіз,  келер ұрпақтың еншісіне тиетін үлес екендігін тағы бір еске салуымыз шарт.

Сонымен қоса, Нұрсұлтан Әбішұлы, жастар саясаты туралы заңды жаңарту қажеттігін көрсетті. Жас мамандарды еңбекке орналастырудың кепілдіктері мен әлеуметтік пакет туралы, жастар тәжірбиесін ұйымдастырудың тәртібі туралы құқықтық нормалардың да қажет екендігін айтты. Осы белгіленген тапсырмалардың өзі, қашан да мемлекет назарындағы жастардың игілігіне орай жасалынып отырған бірден-бір көмек. Мектептен кейінгі колледж немесе ЖОО-на түскен бүгінгі жас талапкерлер бітірген соң, жұмысқа орналасуына еш кедергі болмайды деген ойдамыз. Және де осы жұмыс көздеріне байланысты, Қазақстанның барлық аймақтарында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша, сонымен қатар, «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві» және т.б. арнайы жобалар негізінде көптеген жастар еңбек етуде. Бастамашыл, белсенді жастар болашақты құруға бар үлесін қосып жатыр десек те болады.

Ел арасында айтылатын «1%  талантты 99% еңбекпен толықтыру керек» дейді. Барлық жастарға айтарым, «ұлтарақтай жеріміз» үшін аянбай еңбек етіп, осы «ат төбеліндей» болған еліміздің өсіп-өркендеуіне және дамуына перзенттік, адамдық парызымызды қосайық. Өйткені:

Ерлік ісі ұлтшылдығын анықтар,

Қазақ деген қасқыр мінез халық бар.

Қыран – көңіл қуат алса осыдан,

Заңғарына зеңгір көктің қалықтар.

Гүлбағда Көбеева,

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты

«Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төрайымы

1812 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы