• Қоғам
  • 21 Мамыр, 2015

Болашағы жарқын мамандық

Халықаралық білім беру корпорациясының Қолданбалы ғылымдар  факультетінің «Радиоэлектроника және есептеу техникасы»  кафедрасы -5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша  техника және технология бакалаврларын дайындайды.


5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының жүзеге асуының қысқаша тарихына тоқтала кетейін.
«Халықаралық білім беру корпорациясы» акционерлік қоғамы жоғары және жоғары білім беруден кейінгі білім беру қызметін 03.02.2010 жылдан № 0137440мемлекеттік лицензияға және оның қосымшаларына сәйкес шексіз мерзімге жүзеге асырады.
Халықаралық білім беру корпорациясында 5В071900 -«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша кадр-ларды дайындау 090540001011 № 98672-19-10-АҚ мемлекеттік заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік алу негізінде жүргізіледі.
5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы «Радиоэлектроника және есептеу техникасы»  кафедрасына бекітілген.
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша оқыту Қазақ-Америка университетінде 1997 жылдан басталды. 5В071900 -«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді дайындау мазмұны ҚР-ның нормативтік-заңнамалық актілеріне, МЖМБС талаптарына және ҚР-ның білім және ғылым министрлігінің нормативтік реттеу құжаттарына негізделеді.
Кафедра ғылыми-практикалық, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулерді жүзеге асырады, білім беру ұйымдарына ақпараттық, кеңестік қызметтер көрсетеді, оқу үрдісіне инновациялық технологиялар енгізеді:
- оқытудағы ақпараттық-коммуникация-лық технологияларды қолдану (Power Point, Prezi.com);
- жаңа оқыту формасын енгізу, мысалы, қашықтан оқыту (ҚО);
- электрондық оқу-әдістемелік кешендерді қалыптастыру (ОӘК)
Кафедра 5В071900 -«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімнің кәсіби білім беру бағдарламасын күндізгі және сырттай оқыту формасы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады.
Стратегиялық мақсаты – радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында жоғары білікті маман дайындап, басым бағыттарды үнемі жетілдіріп, жоғары білім жүйесінің қазіргі талаптарына жауап бере алатын мемлекеттің білім беру саясатын жүзеге асыру.
 «Радиоэлектроника және есептеу техникасы» кафедрасы жұмысын ілгері дамытудың тұжырымдамалық негізі:
1.Білім беру қызметінің дәстүрін қалыптастыруда кафедра жұмысының сапасын жетілдіру.
2. Инновациялық қолданбалы ғылыми зерттеуді одан әрі тереңдете дамыту.
3. Білім беруде, тәрбие ісінде және ғылыми-зерттеу процестерінде инновациялық технологилар әзірлеп ендіру.
4. Отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен бекем де нәтижелі қатынас орнату.
Бүгінгі таңда байланыс, ақпарат тарату саласы үлкен жаңалықтарға толы.  Радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелері ғылым мен техниканың жетістіктері мен озық үлгілерін заман талабына сай үндестіріп, қарышты дамуда.
Жылжымалы байланыс, жерсеріктік байланыс, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі сынды ақпарат құралдарынсыз қазіргі өмірімізді елестету  мүмкін емес. Мұның бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар  мамандығын игерген түлектердің қызмет атқаратын саласы. Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласы мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар,радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиотаратумен радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді.
Біздің мамандық түлектері - байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері, көпарналы телекоммуникацилық жүйелер, радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, оның ішінде радиорелейлік, жерсеріктік және жылжымалы байланыс жүйелері, дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары, электронды жүйелерді, соның ішінде беріліс объектілерін басқарудың, ақпаратты өңдеу мен жаңғыртудың электронды жүйелері, телекоммуникациялық жүйелерде және тораптарындағы ақпараттық қауіпсіздік құралдарын пайдаланатын мемлекет экономикасының барлық салаларында қызмет ете алады.
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалаврының түлектері қашанда үлкен сұранысқа ие. Қазақстан телекоммуникациясының ұлттық желісін жаңарту мен кеңейту, жаңа талшықты – оптикалық тораптарын салу, жаңа цифрлі АТС–ті іске қосудың маңызды міндеттерін шешу осы мамандардың еншісінде болмақ. 2020 жылға қарай Қазақстан Жер орбитасына бес байланыс жерсерігін шығаруды болжап отыр, бұл жерсеріктік байланысты дамытуға кең мүмкіндік береді. Заман талабына сай еліміздің электроэнергетикалық саласын жаңарта отырып, заманауи телекоммуникацияларды еркін енгізу, сонымен қатар ғаламдық корпоративтік ақпарат желісін құру негізінде жүргізілетін келелі мәселелерде де олар белсенді үлес қосатын болады.
Біздің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының студенттері ғылым мен білімді, теория мен практиканы, оқу мен қоғамдық жұмысты білікті ұштастырады. «Радиоэлектроника және есептеу техникасы» кафедрасы үшін көкейтесті мақсаттардың бірі – студенттерді одан әрі кафедраның ғылыми тақырыптарын жасауға баулу, студенттерді шетелде оқыту үшін қажетті дайындық, сонымен қатар пәндік олимпиадаларға және республикалық ғылыми жобалар сайыстарына қатысуға қажетті жұмыстар жүргізу.

Дүрия Даниярова
Техника ғылымдарының кандидаты, «Халықаралық білім беру корпорациясы»
АҚ, «Радиоэлектроника және есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі

 

663 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы