• Мәдениет
  • 20 Қазан, 2014

Тимур Сегізбаевтың атымен

«Қайратым» деп мен жүрмін,

Қайрат қылмай сен жүрсің.

Ұтып қайтар деп жүрмін,

Сен ұтылып кеп жүрсің...

1970 Әбділда ТӘЖІБАЕВ

 


ТИМУР СЕГІЗБАЕВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ

«Қайрат» футбол клубының құрылысы аяқталуға жақындап қалған U14 - U19 жасөспірімдер академиясына даңқты қазақстандық футболшы Сегізбаев Тимур Санжарұлының есімі берілді.  

Әрлеу жұмыстары, сонымен бірге аумағын абаттандыру мен көгал төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Академия аумағында табиғи жабынды төселген стандартты көлемдегі 3 футбол алаңы болады. Ультра заманауи үрлемелі шатыры бар футбол манежінің құрылысы толығымен аяқталған. Кешенде оқу сыныбы, медициналық кабинеттер, сондай-ақ клуб қызметкерлеріне арналған кеңсе болады.

«Қайрат» ФК жассөпірімдер академиясы жас футболшылар үшін нағыз футбол қалашығына айналатын болады. Тұрғын үй кешеніне Қазақстанның барлық өңірінен келген 150 оқушы сияды.

«Клуб үшін және Алматы қаласы үшін маңызды спорт кешенінің ашылуы қарсаңында біз «Қайрат» ФК жасөспірімдер академиясына Тимур Сегізбаевтың есімі берілетін зор қуанышпен хабарлаймыз»,  - делінген клуб ақпаратында.

«Қайрат» ФК делегациясы Тимур Санжарұлыны арнайы барып, академияға есімін беруге келісімін алған.

Нұрлан ҚҰМАР

 

422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы