• Шежіре
  • 12 Желтоқсан, 2011

Ана тілім – ақ сүтім (толғаныс)

Ақжан  Ибрагимова

1991 жылдың 17 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген. Жас кезінен қағаз бен қаламды серік еткен жас талап бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология факультетінің 4-курс студенті. «Нұр Астана» республикалық жастар апталығы, ЕҰУ-дың  «Еуразия Университеті», Ұлттық қоғамдық-саяси, экономикалық «Ел» апталығында, «Республика кz», республикалық «Егемен Қазақстан» газеттерінде  мақалалары жарияланып жүр.

Ана тіліміздің жай-күйі бүгінгі таңда жұртшылығымызды қатты алаңдатып, тіпті абыржытып жүргені баршамызға белгілі. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» демекші, бүгінгі таңдағы тіл мәселесіне дабыл қағып жүрген жандар, ең алдымен төл тілімізді оқытуға, оны үздіксіз дамытуға және де ауызекі сөйлеудегі рөліне басты назар аударып жатыр.

«Сен темір де, мен көмір, еріткелі келгенмін, екі елдің баласын теліткелі келгенмін», –  деп қыран бүркіттей дүр сілкінген жас Қазыбек бидің саңқылдаған үні ғана емес, мірдің оғындай тілі де қантожыдай ханды өз ордасында қалтыратып, тәубеге келтірді емес пе? Біздің тіліміз түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Біз өз тілімізді құрметтеуіміз қажет. Егер тіліміз болмаса біз қалай өмір кешетінімізді елестете алмаймын. Тіліміздің дамуын ұлтымыздың болашағының  дамуымен өзектірістіруіміз қажет. Себебі тіл мәселесі – тек қана бір ұлттың мәселесі ғана емес ол бүгінгі адамзаттың рухани тәжірбиесінің түп бастау қайнары. Сондықтан тіл туралы ойлану –  бәрі туралы ойлану. Ал тіл келешегін ескеру артымызда қалған мен алдымызда тұрғанның бәрінде еске алу деген сөз. Сондықтан анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді құрметтейік!

476 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы