• Шежіре
  • 28 Қазан, 2013

Жоңғардан басқа жау болмаған сияқты

Тарих әр уақытта қай қоғамда да, қай мемлекетте де саясаттың жетегінде жүреді. 1996 жылы Президенттің өзі: «Бізге тарих арқылы ұлттық идеология жасау керек» деп айтқан. 21 жылдан бері қазақ тарихын дұрыс жаздық па? Жоқ. Мектептің тарих оқулығын қарасақ, қазақта жоңғардан басқа жау болмаған сияқты. Халел Досмұхамедов: «1592 жылы казачество құрылғаннан бастап қазақ даласы Батыс өлкесінің 250 жылдық тарихы қанмен жазылды. 

Оны орыстар қанмен жазды» деді. Ал бұл айтылмайды. Бәрі атүсті айтылады. Әрберден соң тарих – идеология. Ол оқулықта да идеология. Кинода да тарихты идеология ретінде көрсету керек. Марат Тәжиннің айтқанын ұлттық тарих жасауға пайдалану керек. Қайта пайымдау деген де сол. Бұрынырақтағы тарихта мынау Орта жүздің жері, Кіші жүздің, Ұлы жүздің жері деп сызып қойған жерлер бар. Бұл бізге керек пе, керек емес пе? Бұл – бір. Екіншіден, біздің балалар қазақты аман алып қалған үш батыр ғана бар деп біледі. Олар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай деп жүр. Сондықтан алдағы уақытта балаларды адастырмау керек деп ойлаймын.

1991 жылы Тәуелсіздік алғанда туған бала 21 жасқа келді. Оларда ұлт тарихы қалыптасты ма?

Мырзан Кенжебай,

журналист

 

 

 

394 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы