• Шежіре
  • 25 Қыркүйек, 2013

Қазақ батырлары әлдеқайда көп

Тарихшылар арасында дау туғызып жүрген тағы бір жағдай — 28-панфиловшылардың ерлігі. Панфиловшылардың Мәскеу түбінде ерлік жасағандары рас. Бірақ, Дубосеково түбінде 56 неміс танкісін тек қана 28 (жалпы басында олар 29 деп аталған, старшина Добробабинді қосқанда) панфиловшы қиратқан жоқ. Ауыр кезең, елдің рухын көтеру керек. Сонымен, журналист Кривицкий 28-29-ды «Красная звезда» газетінде атаған соң, жоғары жақтан бәріне «Батыр» атағы берілсін деген нұсқау түскен. Олардың арасында Данил Кужабергенов та болды. Біреулер оны балалар үйінде тәрбиеленген қазақ баласы дейді. Ал басқалары әкесі қазақ, шешесі орыс, сондықтан аты орысша болған дейді. Д.Кужабергенов жараланып тұтқынға түскен, осыған байланысты оны «опасыз» деп жариялап, «Батыр» атағын сол дивизияның жауынгері Асқар Қожабергеновке береді. Д. Кужабергенов соғыстан аман оралып, көп жыл Алматы қаласында тұрды, қарапайым жұмысшы болды. Соғыс аяқталғаннан кейін журналист А.Кривицкийді, Д.Кужабергеновті НКВД талай тергеген, бірақ ақиқат айтылмай, жабулы қазан жабулы күйінде қалды.


Кезінде «Қазақ ұлттық энциклопедиясы» біршама ақпарат жинап (5 том), 100-ге тарта қазақ батыры бар деп жазған болатын. 339-бетте Қеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туған деп көрсетілген еді.
Жақында Омбы қазақтарымен кездескен кезде олардың Омбы қазақтарының энциклопедиясын жасау үстінде екенін естіп қуанып қалдық. Дайындаушы — Игілік Тұрсынов және тарихшы профессор Зиябек Қабылдинов. Олар берген деректер ішінде Төлеу Сәрсембаев деген азамат туралы оқып, таң қалдым. Төлеу Сәрсембаев — 1921 жылы Қарағаш ауылында туған, Омбы облысы Нововаршавский (Черлак) ауданынан әскерге шақыртылған. Радист-ұшқыш Төлеу Сәрсембаев Иркутск әскери училищесін бітірген. Елде қалған Қайрат деген ағасына хат жазып тұрған. Бір хатында «өртенген самолетті жерге қондырдым» деп жазған. Украина аспанында «Хутор Михайловское» стансасы жанында болған қанды ұрыста ұшағымен неміс эшалонына түскен. 1943 жылы 21 шілде күні М.Воронковтың әуе эскадрильясының құрамында болған Төлеуден «эшалонға беттедік» деген соңғы хабар келіп жеткен. Қаза тапқан Төлеу Сәрсембаев Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған болатын.

Бүркітбай АЯҒАН, 
Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының 
докторы, профессор.

399 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы