• Мәдениет
  • 25 Қыркүйек, 2013

«Мен» деген менталитет бар...

Ырысалды  ЖҰМАТАЕВА, Алматы қаласындағы №35 орыс гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктеп отыр. Жас жеткіншектердің жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім – білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Тілді үйретудің сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты талаптарына жатады. Сапаландыру – нақтылы жағдайда кез-келген міндетті шешудің ең тиімді нұсқасын таңдау. 


Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен» деген менталитетін қалыптастырады. Олардың өзін танытуы, өзін тануы үшін еңбектенуі ұстаздар қауымы алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. 
Ақпараттық технология мұғалімге конструкциялауға, жобалауға арқа сүйеуіне негіз болады. Оқу бағдарламасы оқушыға бағдаршам секілді жол сілтеп тұрады. Оқушыны әр түрлі іздену, зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға, белгілі мақсатқа жетелеп бағыттайды. Оны жеке жұмыстардан шығармашылыққа, анализге, анализден – синтезге әкелуге мүмкіндік береді. Бірнеше пәнді қамтитын дағды іскерлікті жетілдіреді, дарынды, қабілетті дамытады. Оқушы мұғалімнің басшылығымен іс-әрекет жасай отырып, бұрын жинаған білім қорын пайдаланып, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Білімді өзі ізденіп, жақсы нәрсені тауып, өзін-өзі жетілдіріп, тәрбиелейді, дарындылығы дами отырып, зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы болуы керек. 
Балаларға деген сүйіспеншілік, әрбір баланың ерекшелігін құрметтеу, шыдамдылық, «ізгі ақыл» мен «жылы жүрек» – қоғамға қызмет етудің үлгісі болып табылатын педагогтың ең басты қасиеттері. Мұғалімнің құндылыққа бағдарланған бағыттылық әрекеті оқушылардың білім алуына, даналықты, адамзаттық мәдени жетістіктерін ұғынуына, өзара түсіністікті және қоғамның барлық мүшелерімен жағымды қарым-қатынас жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Мұғалім әрбір оқушының ерекшелігін ескере отырып, балалардың қоршаған ортада өзінің жеке тұлғалық «менін» жете түсіну процесіне көмектеседі. Ол – дайын білімдерді жеткізуші емес, балаларды өмірлік маңызды іскерліктер мен дағдыларды игеруге жетелейтін жетекші. Ол балалармен бірлескен шығармашылықта қызығушылықпен өмірдің ақиқатына көз жеткізуге, сыныпта жағымды жағдай туғыза отырып, оқушылардың компетенцияларын дамытуға ықпал етеді. 
Қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді оқыту барысында мұғалімнің рөлі айрықша. Ол тек тілдің ерекшелігі мен қыр-сырын жеткізуші ғана емес, осы өздері өмір сүріп отырған елінің, жерінің, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихи мұраларымен таныстырып, қызығушылық пен құрмет сезімдерін жас ұрпақ бойына сіңіретін, болашақты қалыптастырушы тұлға. Оқу процесін ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететін ортаны құру болып табылады. Сабақта әрекет түрлерінің алмастырылуы оқуға жағымды мотивтерді қамтамасыз етеді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын өткізудің әдістері мен нысандарының кең нұсқалылығы, арнайы үнтаспалар, бейнетаспалар, көрнекіліктер және дидактикалық материалдармен жабдықталған кабинеттерде және арнайы кабинеттерден тысқары мектеп алаңында, табиғат аясында, әдеби мұражайларда, сурет галереясында, т.б. орындарда ұйымдастыруды қарастырады. Сабақтан тыс әрекеттер алған білімдерін күнделікті өмірде, практикалық түрде қолдана білуді және қоғамға қызмет ету белсенділігін арттырады. Білімнің әрбір деңгейі үшін оқулық, хрестоматия, жұмыс дәптері, көрнекі – иллюстрациялық материалдарынан құралатын оқу-әдістемелік кешен пайдаланылады.
Қазіргі таңда ҰБТ ойдағыдай тапсыру үшін оқушыларға грамматикалық тақырыптар бойынша көптеген практикалық жаттығу жұмыстарын орындау қажет. Осыған орай мектебімізде шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздар оқулықтағы бағдарламаға сай берілген грамматика бойынша жаттығулар жинағын басып шығарды. Авторлары: Ж.Қ. Абдрешева және Р.Қ. Жұматаева «Қазақ тілінен жұмыс дәптері» (орыс мектептерінің 5,6-сыныптарына арналған грамматикалық жаттығулар жинағы). Бұл жұмыс дәптерінің ерекшелігі – әр грамматикалық тақырыпқа жаттығулар сараланып берілген. Мысалы, 5-сынып «Септіктер» тақырыбында; барыс септігінің жалғаулары – ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не деп берілген, ал орыс тілді балаға әрқайсысын жеке-жеке түсіндіру қажет, -ға, -ге-нің жалғану жолы, -а, -е-нің жалғану жолдарын түсіндіре отырып, жаттығу жұмыстарын қоса жүргізу қажет. Осындай қажеттіліктерден туындаған бұл кітапша (жұмыс дәптері) өз гимназиямызда оқушыларға көмекші құрал ретінде жаппай қолданысқа ие болып отыр. Шығыс даналығы «Айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалады, қолыммен істесем үйреніп аламын» деген екен. Бұл – баланың ынтасын жетелеу, бағыт беріп қадағалау, білімге құштарлығын арттыру. Балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету – біздің басты мақсатымыз. 

393 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы