• Қоғам
  • 23 Шілде, 2013

Табиғат қойнауы тұнған байлық «Таза болса табиғат аман болар адамзат»

Жер шарын мекен етіп отырған адам баласының тіршілігі тікелей табиғатқа байланысты екені айтпаса да түсінікті. Осы байлықты тоздырмай, ортайтпай қайта оны қорландырып, молайтып, нәрлендіріп отыруымыз біздің өзімізге байланысты.  «Табиғат – адамзатқа қажетті барлық материалдық игіліктің бірден-бір қайнар көзі» - деген сөз бекерге айтылмаған болар. Осы бір сөздің астарында  табиғатты ұқыптылықпен  пайдалану керектігі  ескерітілген сияқты. Міне бүгінде осы табиғат қазыналарын қорғау, қадірлей білу  мәселесі – бүкіл әлем үшін  аса маңызды  проблемалардың біріне айналып отыр.

Табиғат – бір-бірімен тығыз байланыста болып тұратын өте күрделі комплексті құбылыс. Ал адамзат қоғамы сол табиғаттың бір бөлігі, ол табиғатпен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады. Біз үшін ең басты қажеттің бірі – таза ауа. Бұл ретте құрылысқа жарамсыз жердің бәріне ағаш отырғызу, үлкен көмек жасаған болар еді. Сондықтан да тіршілік көзі болып табылатын ауаны, таза ұстау мәселесі бүгінде мемлекеттік маңызы бар кезек күттірмес мәселеге айналып отыр.

Еліміздің табиғат байлықтары – ол бүкіл халық игілігі, қоғамымыздың материалдық-техникалық базасы. Сондықтан да табиғат байлықтарының қандай қалыпты жағдайда сақталуымен, оны дұрыс және үнемді пайдалану – экономикамыздың өркендеуіне, халқымыздың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге және денсаулығының артуына үлкен әсер етеді.

Өкінішке орай, өнеркәсіп пен транспорттың жедел қарқынмен дамып отырған қазіргі жағдайда ауа құрамының ластануын жиірек байқаймыз. Соны болдырмауға тырысамыз. Ауаның ластануы   көптеген өнеркәсіп орындары шоғырланған ірі қалаларда жиі байқалады. Әсіресе бояу өнеркәсібі, химия-фармацевтік өндірістің, жануарлардан алынатын неше түрлі шикізаттарды өңдейтін өндірістің айналасындағы ауа. Цемент және көмір өндіретін мекемелер, гипс шығаратын заводтар ауаны шаң-тозаңмен ластауда.  ХХІ ғасыр техниканың өте тез қарқын алып дамыған заманы. Ауаның ластануына тағы бір себеп –  автомобилдерден және техниканың басқада түрлерінен бөлінетін  - улы көмір тотығы.  Біз хабарласқан мамандардың есебі бойынша  бір автокөлік  бір сағат уақыт ішінде ауаға 6-10 текше метрге дейін улы газ бөліп шығаратынын айтып отыр. Тіршілік көзі ауада  адамға және басқа тіршілікке зиянды улы заттардың артуы аса қауіпті жағдай туғызуда. Ауаны таза ұстау мақсатында  біздерге жасыл желектер (ағаштар мен өсімдіктер) көп жәрдем береді.  Осы жасыл желек ауа құрамындағы зиянды күкіртті және т. б. газдарды бойына сіңіріп, ауаны шаң-тозаңнан тазалайды. Кейбір мамандардың біраз жылғы арнайы зерттеулерінің нәтижесінде жаз айлары кезінде әрбір шаршы метр жапырақ 5-6 грамм шаң-тозаң ұстайтыны анықтаған, ал бүтін бір ағаш осындай уақыт ішінде бірнеше килограм шаң-тозаң ұстайтыны сөзсіз. Сондықтан өнеркәсіп орындары мен тұрғын үйлер арасына жасыл желектер (ағаш, гүл т.б.) отырғызу кезек күттірмейтін істің бірі болмақ.

Тәуелсіз еліміз - Қазақстанның қазба байлығы мол, табиғаты әсем екенін бүкіл әлем мойындап отырғаны біздің әрқайсымызға белгілі екені сөзсіз. Мысал ретінде жазсақ еліміздің әр өңірінен Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерінің кездесетіндігінде.

«Жері байдың – елі бай»,  «Су бар жерде өмір бар» - дейді дана халқымыз.  Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы өте зор екені белгілі. Әлем ғалымдары Жер планетасындағы тіршілк суда дамығанын және сонда өрбігенін сөз етеді. Сусыз тіршілік жоқ. Екеуі егіз ұғым, бірі болмаса екіншісің де болмағаны. Біздің өмірімізде су алуан түрлі қызмет атқарады. Су санитарлық және шаруашылық – тұрмыс қажетіне көп мөлшерде қажет. Біз «Тазалық – денсаулық кепілі» дейміз. Бір-ақ су болмаса тазалық бола ма?

Дүние жүзіндегі барлық су біздің планетамыздың төрт сферасының бірі – гидросфера ұғымына біріктірілген. Ал қалған үш сфера – литосфера, атмосфера және биосфера – осы гидросферамен өзара ұдайы тығыз байланыста болады. Гидросфераға дүние жүзілік мұхиттар, өзен мен көл, поляр және тау мұздақтары, жер асты сулары, топырақ ылғалы және атмосфера буы жаттынын білеміз.

Су қорын ластанудан және оны сарқылудан қорғау мәселелеріне соңғы уақытта Үкіметіміз соның ішінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігі үлкен көңіл бөлуде.  Ал бізге көршілес елдердің көпшілігінде табиғатты қорғау туралы арнайы заң қабылданған, мемлекеттік қорғауға алынған табиғат байлықтары арасында жер үсті, жер асты сулары да, топырақ ылғалы да бар. Сондықтан су қорларымызды қорғау өте маңызды міндет. Тәуелсіз еліміздің әр бір азаматы  табиғат кереметтерінің бірі – суды қорғау, оны тиімді пайдалануы оның абыройлы борышы.

Табиғат – ел байлығы. Ол болашақ ұрпақтың сәулетті өмірінің мәні мен сәні. Сондықтан да Тәуелсіз еліміздің  табиғатын қорғау, бүгінгі саналы азаматтың абзал міндеті және тікелей борышы.

 

Ақсұлтан  КЕНЖАЛИН

Журналистика факультеті.

Халықаралық журналистика кафедрасы.

ІІ курс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

635 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы