Жанель Мақажан, актриса: «Режиссерлерді отандық, шетелдік деп бөліп-жарғым келмейді»

Өнер жолын екі жасынан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан бастаған Жанель Мақажан — бүгінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басты кейіпкерлерін ойнап жүрген актриса-лардың бірі. Қарашаңырақ ТОЛЫҒЫРАҚ

Құлазыған бейбақты қурай екен жұбатқан…

«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың ғасырлар бойы тартпаған азабы бар ма еді, сыбызғының мұңлы дауысы, зарлы үні үшін де осы аспаппен халқымыз мұңдас болған секілденеді. Көнекөз көптеген күйшілерден естігенімде сыбызғының алғаш туындаған ТОЛЫҒЫРАҚ

БАҚАНЫҢ БАҒЫН ҚЫЗҒАНБАЙ СҰҢҚАРДЫҢ СОРЫН ҰНАТТЫМ…

Еркебұлан ӘБДІРАХМАН 1994 жылы дүниеге келген. 2016 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің «Халықаралық Журналистика» мамандығын бітірген. 2011 жылы «Өлеңім – Алламның сыйы», 2014 жылы «Ғұмырымның тамшысы» ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұстазым менің, ұстазым!..

(Ұстазым Серікқали Ғабдешұлы  Шарабасов туралы) Мектеп кезінде, нақтырақ айтсам 10 сынып оқып жүргенде «Абай оқулары» деген жарысқа қатыстым. Аудандық кезеңнен сүрінбей өтіп, облыстыққа жолдама алдым. Міне, облыстық деңгейде өнер көрсеткелі тұрмын. Алдымда ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Халел ДОСМҰХАМЕДОВ: «Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады»

Халел ДОСМҰХАМЕДОВ

Халел Досмұхамедов қазақ тіліндегі кірме, енген сөздер туралы

 

Қазақ тіліне сіңіп кеткен жат сөздер көп: қала, молда, шілде, ақыл, айып, әділ, әлім, әдет, ылаж, өмір, ар, құрбан, әкім, аспан, дұшпан, заңғар, құн, береке, патша, дастарқан, сабын, бедеу, Асан, Үсен, Сәмеке, Шайбақ, Сидақ, Мәмбет, Мәделі, әзіл, масқара, дәулет, апат, есеп, несібе, серт, әсет, ақырап, жеді, дүйсенбі, сәрсенбі секілді тағы талай сөздің бәрі қазақ тіліне жат тілдерден кірген сөздер. Бұл сөздер біздің тілімізге соншама сіңіп кеткен, қазақ халқы бұлардың жат екендігін сезбейді. Байқап қарасақ, жоғарғы сөздердің бәрі де қазақ тілінің қай заңына да көнеді, қазақтың түбір сөздерімен бірдей болып өзгеріп, құбылады.

Ерлік пен қасіретке толы өмір

Aitiyev

Алты алаштың ардағы Әбдірахман Әйтиевтің туғанына – 130 

Әбдірахман Әйтиев 1886 жылы 20 нау-рызда Орал облысының Қараоба болысы, Сүгірбай ауылында (казіргі Теректі ауданы) туған. Әбдірахманның әкесі Әйті өте кішіпейіл, ауылға сыйлы адам болған.Тұрмыс жағдайының ауыртпалығынан күні-түні шаруашылықпен айналысып, еңбегімен күнелтіп отырған. Әбдірахман Қараоба болыстық бір кластық орыс-қазақ мектебін бітірді. Орал қаласының судьясының жанында алдымен аудармашы, кейін аға іс жүргізушісі болып істейді. Ол еңбек адамдарының қандай қиын жағдайда өмір сүргенін көріп, түсіне бастайды. 

«Үркер» – Үміт» бәйгесі

«Қазақ газеттері» ЖШС-ына қарасты жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси «Үркер» журналы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шығармашылық жастарды қолдау мақсатында проза, поэзия, публицистика жанры бойынша бәйге жариялауды жалғастырады. Осы уақытқа дейін шығармашылық бәйгеде бақ сынаған 10 талант жеңімпаз деп танылып, «Үркердің» арнайы дипломдарымен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталған болатын. Сондай-ақ жүлдегер шығармалар «Үркер» жаққан он шырақ» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. 

Мемлекеттік тілдің көсегесі қашан көгереді?

4x5 NURLAN KUMAR

Нұрлан ҚҰМАР, журналист

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға  бабаларымыздың сан буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет…» деген болатын. Алайда ана тіліміздің аясы кеңіп, құлашын кең жаюға кедергілердің бола беретіні әрбір қазақ азаматының жанын ауыртатыны жасырын емес.

ТӘУЕЛСІЗ ТОҚАЛ (Әңгіме)

Kuat

Қуат ҚИЫҚБАЙ 

1990 жылы туған. 1996-2007 жылдары Семей қаласының №34 орта мектебін тәмәмдаған.  2008 жылы Семей қаласының жергілікті телеарнасында, сонымен қатар мерзімді басылымдарда еңбек жолын бастаған. 2010-2014 жылдары Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін бітірген. 2011 жылы жарық көрген проза-поэтикалық «Көктемдегі көлеңке» атты кітабының авторы. ХVI Халықаралық шығармашыл жастар «Шабыт 2013» фестивалінің «Үздік әдеби шығарма номинациясы» бойынша Гран-при иегері. Республикалық «Аңсар-2014» проза байқауының бас жүлдегері.

Жанель Мақажан, актриса: «Режиссерлерді отандық, шетелдік деп бөліп-жарғым келмейді»

Жанель Мақажан

Өнер жолын екі жасынан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан бастаған Жанель Мақажан — бүгінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басты кейіпкерлерін ойнап жүрген актриса-лардың бірі. Қарашаңырақ театрда Ұлттық өнердің шолпан жұлдызы, Қазақстанның халық артисі Шолпан Жандарбекова сомдаған Ақтоқты ролін иеленген актриса еліміздің киноматография саласының дамуына да өзіндік үлесін қосып келеді. Оған дәлел, биылғы жылы тұсауы кесілген Елбасымыздың өмір жолы жайлы түсірілген Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда» фильміндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы Әлжан рөлі. 

КӨКТЕМ КӨШІП БАРАДЫ КҮНДЕРІМНЕН…

20160909_145718

Әсел Оспан  

1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Алматы қаласында тұрады. Өлеңдері журналымызда алғаш рет жарияланып отыр. 

Шолпаншаш сүмбілі (Әңгіме)

1401371656

Асхат Өмірбаев    

1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әртүрлі байқаулардың жүлдегері. Баспасөз саласында көптен бері еңбек етіп келеді. «Үркер – Үміт» бәйгесінің жүлдегері.