Жанель Мақажан, актриса: «Режиссерлерді отандық, шетелдік деп бөліп-жарғым келмейді»

Өнер жолын екі жасынан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан бастаған Жанель Мақажан — бүгінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басты кейіпкерлерін ойнап жүрген актриса-лардың бірі. Қарашаңырақ ТОЛЫҒЫРАҚ

Құлазыған бейбақты қурай екен жұбатқан…

«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың ғасырлар бойы тартпаған азабы бар ма еді, сыбызғының мұңлы дауысы, зарлы үні үшін де осы аспаппен халқымыз мұңдас болған секілденеді. Көнекөз көптеген күйшілерден естігенімде сыбызғының алғаш туындаған ТОЛЫҒЫРАҚ

БАҚАНЫҢ БАҒЫН ҚЫЗҒАНБАЙ СҰҢҚАРДЫҢ СОРЫН ҰНАТТЫМ…

Еркебұлан ӘБДІРАХМАН 1994 жылы дүниеге келген. 2016 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің «Халықаралық Журналистика» мамандығын бітірген. 2011 жылы «Өлеңім – Алламның сыйы», 2014 жылы «Ғұмырымның тамшысы» ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұстазым менің, ұстазым!..

(Ұстазым Серікқали Ғабдешұлы  Шарабасов туралы) Мектеп кезінде, нақтырақ айтсам 10 сынып оқып жүргенде «Абай оқулары» деген жарысқа қатыстым. Аудандық кезеңнен сүрінбей өтіп, облыстыққа жолдама алдым. Міне, облыстық деңгейде өнер көрсеткелі тұрмын. Алдымда ТОЛЫҒЫРАҚ

 

«Алтын домбыраның» айқайы

1480936297_altyn

Ай бұрын айтыскер ақындар арасында дәстүрлі «Алтын домбыра» үшін тартыс Алматының бас өнер ордасы Республика сарайында өтті. Кіл жүйріктер қатысқан сөз додасында «Алтын домбыра» Мұхтар Ниязовқа бұйырған болатын. Қазылар мен халық арасындағы қарама-қайшылық содан бері әлі өршіп тұр. Бұл дау әсіресе әлеуметтік желілер белсенділерінің бас тақырыбына айналып отыр.   
Журналист – Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫНЫҢ фейсбуктегі парақша-сынан алынған бұл пікір-талас халықтық өнер – айтысқа жаны ашитындарға ой салар деген ниеттеміз. Ой қосам дейтін оқырман болса, мархабат.   

АЛТЫН ДОМБЫРА жəне ТАУЫҚТАР

Ерлан-Төлеутай

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ
Дәстүрлі әнші, мәдениет, өнертанушы

Бізде барлық жағдайдың, қамқорлықтың, сый-құрметтің эстрада фанерщиктері мен айтыскерлерге ғана жасалатыны несі екен?! Əу бастан қазақтың киелі домбырасының иесі əнші мен күйші емес пе еді? Бүгінге айқын болған бір анық жайт бар: ол қазақтың əлемдегі ең бай музыкалық мұраға ие халық екендігі. Замана тезінен өтіп, бүгінге жеткен он мыңдай күй мен бес мыңдай əніміз бар екен! Бабалардан мирас болған бұл шығармаларды дүниеге əкелген алтын саусақ əншілер мен күйшілер еді ғой. Бұл күнде сол мұраны көздің қарашығындай сақтап, елге насихаттап жүргендер тағы да сол əншілер мен күйшілеріміз емес пе?! Ендеше, "Алтын домбыра" күйші мен əншінің жолы ғой. Неге "Алтын домбырадан" əнші, күйші өнерпаздар сырт қалады?! Біржанның қолындағы домбырасын тартып алған "Жанбота поштабайшылық" қашанға дейін жалғасады?! 

МЕН БАРМЫН ДЕП ОЙЛАҒАЙСЫҢ ЖАНЫҢДА

Pakiza

Пакиза АРЫСТАН

2002 жылы 28 ақпанда Самсы ауылында дүниеге келген. Алматы облысы Жамбыл ауданы, Телтай Сәрсенбеков атындағы орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы. Қаршадай ғана оқушы қыздың сөз саптауы, өлең-сиқырды өзінше түрлендіруге деген талпынысы оқырман көңілінен шығады деген ойдамыз.  

Қиянат

T. kasen

Тұрымбек ҚАСЕН

1976 жылы Шығыс Түркістан аймағының Іле өңірінде туған. Бүгінде сол өңірде мәдениет саласында қызмет істейді. Әңгімелері қазақстандық баспасөзде жиі жарияланып тұрады.

Көгілдір телеэкранда қамшы салдырмас су жорғадай тайпалған өткір тілді, қағылез жас жүргізуші еріні-ерініне жұқпай, еліміздегі «Он үздік қызметкердің» бірі болған атағы дүйім елге танымал медицина маманын көрермен қауымға шаттық сезіммен әр қырынан таныстыруда. Оның қасында екі иығына екі кісі мінердей, құйған құрыштай сом денелі, ай маңдайлы, қою қасты, ойлы көзді, орта жастардағы жігіт ағасы Аршын Көмекбайұлы алдында қойылған «Қазақ ұлтының дәстүрлі емшілгі» атты ғылыми еңбегіне әрегідік көз жүгіртіп, журналистің қойған сауалына аса байыптылықпен ыждағатты жауап қайтарып, сұхбаттың шырайын ажарландыра түсті.  

КӨНЕНІ КӨҢІЛ ІЗДЕЙДІ

Киелі Торғай даласының қойнауы көне ескерткіштер мен шежіреге толы. Өңірдегі Амангелді, Жангелдин, Қамысты аудандары, Торғай кенті, Құмкешу, Үрпек, Екідің ауылдары зерттеу жұмыстарының басты нысанасына айналуы тиіс еді. Өкінішке қарай, тарихи байлығымызды қайта жаңғыртып, оның жаңа қырларын ашу ұзақ жылдар бойы тоқырауға ұшырап, сайын даладағы осынау көненің көздері назардан тыс қалып қойды.

ДАР

скачанные файлы

Қуандық ТҮМЕНБАЙ

Екі сыныптасым дарға асылды. Он тоғызыншы ғасырда декабристерді дарға асса, олар өздерін өздері мерт қылды. Әуелі Көркембай өмірге ерегісіп, әкесіне қырын қарады. Өзі есепке жүйрік еді, арифметикадан бастап, алгебраны жаңғақша шағатын. Бала-шаға, қыз-қырқынның есебін түгел шығарып беріп, ешкімнің көңілін қалдырмайтын. Ол өлгеннен кейін, шешесі бізді көрсе солқылдап, бетін басып қоя беретін болды. «Әкесі құртты, әкесі құртты ғой» дейтін еңіреп. Мұрны пұшық, бет-аузы бұжыр-бұжыр қотыр әйел көріксіз кейпін алақанымен түгел сүртіп, көшеде бізді көрсе Көркембайды көргендей егіліп тұрып алатын.
Сәмбі талдың астында таң алдында тілі салбырап асылып тұр, дейді.

МЕНІҢ ДЕ ЖҮРЕГІМДЕ ТЕРБЕЛДІ ӨЛЕҢ

Жангелді НЕМЕРЕБАЙ

Жангелді НЕМЕРЕБАЙ

1978 жылы 8 мамырда Алматы облысында туған. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған Мемлекеттік университетінің түлегі. Республикалық бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері. 

Біздер үшін қуанған да,шарқ ұрған,
біздер үшін бар өмірі -жан құрбан.
Ең аяулы адамдардың есімін,
Ұмыт қылсам мен болайын антұрған.
Тәртібімен түзу тартып ескегін,

БОТПАНОВТЫҢ БОЛЖАМЫ

БОТПАНОВТЫҢ  БОЛЖАМЫ

Мәрлен ҒИЛЫМХАНОВ, 

1998 жылдың 4-наурызында Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналымыздың тұрақты оқырманы әрі авторы. 

Біз – Тәңірдің түсіндегі елестер». Түстің ішіндегі түстің қаншалықты ауыр салмағы?!.
….Қиял адамды қайда апармады екен?! 
Әділ Ботпановтың «Өмірзаясын» оқығам. Проза бөлімінде «Қарғаларымен» басталып, «Түсімен» аяқталатын дүние бар. Ақын. Қонақүй. «Қарға шұқып жатқан» жанарлары көз алдында. Көп- көгілдір қан тамшысы.