«Үркер-Үміт» байқауы

«Үркер» журналы «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты кенже басылым. Дегенмен, журналдың оқырманымен қауышқанына да биыл он жыл толыпты. Басылым осы жылдар ішінде қолына қалам ұстаған талай жасқа демеу болып, олардың есімін қалың жұртшылыққа танытуға барынша атсалысып келеді. Осы мақсатта журнал редакциясы «Үркер-Үміт» бәйгесін дәстүрлі түрде өткізіп отырады.

Биыл журналдың 10 жылдық мерейтойына байланысты, «Қазақ газеттері» серіктестігі жас қалам иелеріне тағы бір үлкен мүмкіндік сыйлап, байқауды әдеттегіден кең көлемде өткізуді жоспарлап отыр. Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Үркер-Үміт» байқауының биылғы жылғы ерекшелігі, жеңімпаздарды редакция алқасы емес, оқырман өзі таңдайтын болады. Демек, байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстары «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты kazgazeta.kz сайтында жарияланып, онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Үркер-Үміт» байқауының талаптары:

  • байқауға үш жанр: поэзия, проза, публицистика бойынша жұмыстар қабылданады;
  • проза 7 беттен, және публицистика мен  поэзия 10 беттен аспауы керек;
  • жұмыстар Times New Roman 14 шрифтімен қабылданады;
  • байқауға 30 жасқа дейінгі қаламгерлер қатыса алады;
  • қатысушы жұмыстарын жолдағанда қосымша өзі жайлы ақпарат: аты-жөні, электронды поштасы, ұялы телефонын толықтай көрсетуі керек;
  • жұмыстар 2018 жылдың 1-қазанына дейін қабылданады,  urker_2010@mail.ru электронды поштасына төбесіне «Үркер-Үміт» байқауына деп көрсетіліп, жолдануы тиіс.

Байқау жарияланған сәттен бастап, қабылданған алғашқы жұмыстар 15-мамырдан сайтқа салына бастайды және онлайн режимде дауыс беру жүзеге асырылады.  Әр үміткердің жұмысына дауыс беру уақыты – 1,5 ай. Осы уақыт ішінде онлайн режимде жиналған дауыс үміткердің көрсеткіші болып табылады. Бір айдан кейін алғашқы үміткерлердің орнына жаңа қатысушылардың жұмыстары жарияланады. Осылайша талапкерлердің жұмысына дауыс беру 5 кезеңнен өтетін болады. Әрбір қатысушының онлайн арқылы жинаған дауыс саны толығымен kazgazeta.kz сайтындағы рейтинг кестесінде көрсетіліп отырады.

Байқауға келіп түскен жұмыстардың сайтқа жариялану мерзімі:

1 кезең жұмыстары – 15 мамыр-30 маусым;

2 кезең жұмыстары – 1 шілде-15 тамыз;

3 кезең жұмыстары – 16 тамыз – 30қыркүйек;

4 кезең жұмыстары – 1қазан – 15 қараша

30-қараша kazgazeta.kz сайтында жеңімпаздардың аты-жөні жарияланады және еліміздің тәуелсіздік мейрамының қарсаңында марапаттау рәсімі өтеді.

Ескерту: Талапкерлерге байқау шартымен мұқият танысып шығуларыңызды сұраймыз. Онлайн дауыс беру белгілі бір мерзім аралығында болғандықтан, осы шартты ескерулеріңізді өтінеміз. Жеңімпазды редакция шешпейді, біздің тарапымыздан редакция көзқарасы бойынша қатысушылардың үздік деп танылған жұмыстарын «Үркер» журналының бетіне жаиялап отырамыз.

Байқау жеңімпаздары үш номинация: үздік проза, үздік поэзия және үздік публицистика бойынша марапатталады. «Үркердің» үміт артқан үздіктері арнайы дипломмен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.