Редакция

Жаңабек ШАҒАТАЕВ – «Үркер» журналының Бас редакторы

Жаңабек Баққондыұлы Шағатаев – 1961 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында туған. ҚазМУ-де оқыған. Шаруашылықта, құрылыста жұмыс істеген. 1985 жылдан бастап «Жалын» баспасында, «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі», «Түркістан» газеттерінде, «Парасат» журналында қызмет атқарған.

1991 жылы «Көкөзек шақ» жинағы үшін М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты атанған. «Бірінші кластың баласы» повесі «Жалын» баспасы жабық конкурсының бәйгесін алған. Шетел жазушылары шығармаларын аударған. «Көкөзек шақ», «Ызғырық» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы,  «Қандағаштың шоқ сырғасы» жинақтарының, «Ащы мен тәтті» кітаптарының  авторы. Халықаралық «Түркістан» газетінің Бас редакторының орынбасары, Бас редакторы қызметтерін атқарды. Әр жылдарда республикалық «Жалын» баспасының жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармалар бәйгесін, «Дарабоз» конкурсының бәйгесін жеңіп алған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Жарас СӘРСЕК, «Үркер» журналының Бас редакторының орынбасары

Жарас Сәрсек 1968 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданына қарасты Сүмбе ауылында туған. 1986-1988 жылдары Германияда әскери борышын өтеген. 1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған. 1996-2000 жылдары республикалық «Парасат» журналында редактор, аға редактор, бөлім бастығы болып қызмет істеген. 2000-2001 жылдары «Жетісу» газетінде, 2001-2003 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 2003-2005 жылдары «Әдебиет айдыны» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары болып қызмет істеген. 2005-2008 жылдары – «Заң» газетінде бас редактордың орынбасары болып қызмет істеген. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі.
«Керуен көшіп барады», «Жүрегімнің ішінде жүрегім», «Қастерлім», «Түнемел» атты жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы», «Мәртебелі поэзия» сияқты он шақты ұжымдық жинаққа енген.
Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. «Қастерлім» жыр жинағы үшін 2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алған. 2007 жылғы – Македония Республикасында өткен дүниежүзілік түркі ақындары фестивалінің лауреаты.
Екі мәрте Президент сыйлығының иегері. Бүгінде Республикалық «Үркер» журналында қызмет атқарады.
2011 жылы «Тәуелсіздікке 20 жыл», 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен марапатталған.

 

Нұрлан ҚҰМАР, «Үркер» журналының бөлім меңгерушісі

1983 жылы туған. 2000 жылы М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияны тәмамдады. 2004 – 2006 ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін және магистратураны үздік бітірді. 2003 жылы «Денсаулық» журналының жүлдесін жеңіп алды. 2004 жылы «Шуақ» атты балаларға арналған кітабы жарық көрді. Журналистік зерттеу мен шығармашылық еңбектері және спорттық сайыстарға қатысып, топ жарғандығын айғақтайтын көптеген мақтау қағаздары бар.

2005 – 2006 жылдары қалалық «Алматы ақшамы» газетінде тілші. 2006-2008 жылдары республикалық «Ұлан» газетінде таным бөлімінің редакторы. 2008-2010 жылдары «Айгөлек» журналында жауапты хатшы. 2008 жылы Қазақстан Журналистер одағына қабылданды. 2010 жылдан бастап «Қазақ газетттері» ЖШС-не қарасты ұлт басылымы «Ана тілі» газетінің Әлеумет және ақпарат бөлімінің меңгерушісі, ал 2016 жылдан бері «Қазақ газетттері» ЖШС-не қарасты «Үркер» журналының және басылым сайтының бөлім меңгерушісі болып еңбек етуде. 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры сыйлығының лауреаты.

2013 жылы Баспасөз күні мерекесіне байланысты үздік шығармашылық жетістіктері үшін «Қазақ газеттері» ЖШС-нің «Алтын қалам» сыйлығының иегері. «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының жүлдесі үшін журналистер арасында өткізілген тұңғыш шахмат турнирінің жеңімпазы. Алматы әуесқой марафоншылар клубының және құрама командасының мүшесі.

Динара МӘЛІКОВА , «Үркер» журналының бөлім меңгерушісі

Динара Мәлікова  1988 жылы 16-қазанда Қызылорда облысында дүниеге келген.  «Он сегіздің көктемі», «Гүл қауызындағы хаттар», «Қиялыма сия алмаған екенмін…», «Жүрегімдегі періштем», «Өмір дегенің осы екен…» жыр жинақтарының авторы. Республикалық,  халықаралық мүшәйралардың жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Тұманбай Молдағалиев атындағы сыйлықтың иегері. Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты.  Алматы қаласы әкімінің степендианты.

 

error: Content is protected !!