Өткен 10 жылдық келер 10 жылдыққа қол бұлғап тұр

Міне, Әлем үшін экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жеңіл болмаған, алайда технологиялық және ғылыми тұрғыдан алға өте үлкен қадамдар жасаған XXI-ші ғасырдың 2010-шы жылдары да аяқталайын деп жатыр. Хронологиялық күнтізбелік тұрғыдан қарағанда, бұл Б.Д. 3-ші мыңжылдықтың (millenium) екінші онжылдығы еді. Алда енді жаңа 2020-шы жыл, әлі мүлде жұмбақ та беймәлім болса да, дегенмен ішкі оптимистік сарынмен біз күтіп отырған – жаңа онжылдық (ғасырдың үшінші онжылдығы!) басталмақшы. Ал жақсы нышан – Тышқан жылы Мүшел басы келе жатыр. Егер өткен Тышқан жылы (2008-ші жыл) бізге Ғаламдық Дағдарысты алып келсе, осы алдағы Тышқан жылы сол Ғаламдық Дағдарысты кері алып кететіндігіне сенейік. Еске түсірсек, тіпті өткен ғасырдың басындағы Әлемдегі сол кездегі ең ірі экономикалық дағдарыс АҚШ-тағы «Великая Депрессия» он жылдан аспаған еді. Бүгінгі «Глобальный Экономический Кризис» және оның кері ықпалдары тым болмаса 12 жылдан аспайтындығына сенейік. Иә, 2020-шы жылдан бастап, дағадрысқа дейінгі көрсеткіштерді қуып жетуге қабілетті экономикалық өсім басталуын тілейік.
Сонымен, Жастар Жылы атанған 2019-шы жыл да аяқталды. Жалпы тек осы жылға ғана емес, 2010-шы жылдарға және Ғаламдық экологиялық, демографиялық, экономикалық және халықаралық саяси терең анализ, әлеуметтік рухани әлемі (психологиясы мен этикасы) мен ғылыми тұрғыдан тым озық цифрлі технология және ғаламтор әлемі туралы үлкен сараптамалық қорытынды жасамасам да, қысқаша ғана шолу жасап көрейін дедім.
2010-шы жыл – Астанада ОБСЕ саммиті өтті.
Әлемде, әсіресе Еуропада Жаһандық дағдарыс екі жылдай экономикалық тұрғыдан үлкен (әлі тарихта болмаған) сынақ болып жатты. Ішкі экономикалық мәселелерін батыл және тұрақты түрде (әрине, қиындықсыз емес) шешу жас Қазақстан Республикасы үшін бірінші орындағы міндетке айналды. 2010-жылдың бас-ты жаңалығы Астанада өткен ядросыз Әлем үшін ұйымдастырылған халықаралық жиын болды. Көрші елдермен Кедендік Одақ нығая түсті. Астанада ең үлкен шатыр тектес ғимарат «Хан Шатыр» ашылды.
2011-ші жыл – Қазақстан Республика-сының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы.
Әлемде, әсіресе Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерінде тұрақтылық пен қауіпсіздік, бейбітшілік пен бірлік күрт азая түскен күрделі кезең. Табиғи апаттар да жиі орын ала бастады (мысалы, Жапониядағы жер сілкініс немесе Тайландтағы су тасқыны). Қазақстан Республикасы бірлік пен ынтымақты сақтап қана қоймай, ары қарай нығайтып жатыр. Астана мен Алматыда қысқы Азиада ойындары өтті. Қазақстан спортшылары жалпы осы жылы түрлі сайыстарда жүлделі орындарды иеленді, мысалы: Илья Ильин, Денис Тен, Елена Хрусталева және т.б.
2012-ші жыл – Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасында Ортақ Экономикалық Кеңістік құрылды, оның басты ұстанымдарының қатарына тұрақты әрі тиімді сауда қарым-қатынастары, өңірдегі қауіпсіздік және бейбіт сүйгіш дипломатиялық қарым-қатынастар принципі кірді.
Әлемде АҚШ және Иран, АҚШ және Солтүстік Корея арасындағы қарама-қайшылықтар күшейе түсті, бұндай күрделі халықаралық саяси ахуал ғаламдық экономиканы жеңуге оң септігін тигізе алмады. ТМД елдерінде де, Қазақстанда да экономикалық дағдарыс салдарына қатысты шаралар қолданылып жатыр. Дегенмен, Орта Азия ел-дері арасында дағдарыс Қазақстан Республикасына айтарлықтай көп кері ықпалын тигізбеді, орташа экономикалық өсім (дағдарысқа дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда) баяулағанымен – инвестициялық ахуал нашарлаған жоқ.
Қазақстанда кезектен тыс мәжіліс сайлауы өтті, жеңіске «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы жетті.
2013-ші жыл – Астана қаласының 15 жылдығы.
Әлемде экологиялық климаттық түбегейлі өзгерістер басталды (мысалы, Ауғанстан мен Пәкістандағы су тасқыны). Қытай тек нарықтық ғана емес, ғарыштық саласы («Шенчжоу-10» ғарыш кемесі) да дамыған елге айнала бастады. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста (халықаралық террордың кесірінен) соғыс өрті толастар емес. Солтүстік Корея ядролық сынақтарды жүргізуін жаңартты.
Қазақстан Республикасы өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде ғана емес, Әлем бойынша ірі ядролық державаларды көп жылдар бойы ядролық энергияны тек бейбіт мақсаттарға жұмсауға шақырып отырған ел болуын жалғастырып отыр.
2014-ші жыл – Қазақстан Республикасы көрші елдерімен татулықты одан ары дамытып, (1994-ші жылы Елбасымыз ұсынған идея бойынша) Еуразиялық Экономикалық Одақ дәуірі ресми түрде басталды.
Ұлыбританиядағы Шотландия мен Испаниядағы Каталонияда сеператистік ағымдар күшейе түсті. Батыс елдері мен Ресей арасындағы экономикалық мәселелер күшейді. Ресейде XXII қысқы Олимпиада өтті. Бразилияда Футбол бойынша Әлем чемпионаты өтті (Германия жеңді). Украинада азаматтық соғыс тұтанған аса қауіпті кезең, дегенмен Елбасы халықаралық мәселелерді соғыс арқылы емес, тек бейбіт дипломатиялық келісімдер арқылы шешуді табанды түрде ұсынған еді және әлі де ұсынуда.
2015-ші жыл – Қазақ хандығының 550 жылдығы ұлттық ғылым мен мәдениетке жаңа серпіліс берді.
Еуропада миграциялық дағдарыс пен халықаралық терроризм мәселесі (әсіресе, Франция және Германияда) ерекше өткір тұрды, Сириядағы соғыс БҰҰ-ға ұзақ жылдарға созылатындай болып көрінді. Кезектен тыс президенттік сайлауда халықтың басым көпшілігінің қолдауымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті.
2016-шы жыл – Қазақстан Республика-сының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы.
Бразилияда XXI-ші Олимпиада ойындары болып өтті (Қазақстанның спортшылары да жүлделі орындарға қол жеткізген еді: Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Ниджат Рагимов және т.б.). «О, спорт, ты мир!» деген қағидаға қарамастан, өкінішке орай, Әлемде соғыс өрті жалғасып жатты. Тіпті, тұрақты Түркия Республикасының өзі ықтимал азаматтық соғыс қатеріне бір жақындап, аман қалған еді. Орта Азияда толеранттылық пен бірліктің, бейбітшілік пен ішкі тұрақтылықтың үлгісіне айналған Қазақстан Республикасының Парламентінің сайлауы өтті, жеңіске «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия жетті.
2017-ші жыл – Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтті.
Әлемдік халықаралық жағдай жеңілдеген жоқ, АҚШ-та Трамптің келуімен ішкі саяси дода күшейе түсті, Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шығуға ниет білдірді, ал Испаниядағы Каталонияда наразылықтар күшейді.
Қазақстанда теңге аздап девальвацияға ұшырағанымен, жалпы экономикалық көрсет-кіштер тұрақты болды. Алматыда Қысқы универсиада жоғары деңгейде өтті. Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, қазақ әліпбиін кириллица қарпінен латын қарпіне ауыстыру үрдісі басталды. Елорда Астана тұрғындарының саны миллионнан асты. Елбасы ұсынысымен Астана қаласында Сирия соғысын аяқтау мәселесі бойынша конфликт тараптардың жиналысы өтті.
2018-ші жыл – Астана қаласының 20 жылдығы.
Әлемде халықаралық жағдай әлі де тыныш емес: Армения және Молдавияда ішкі саяси шиеленістер, Ұлыбритания, АҚШ пен Еуропалық Одақ арасындағы ішкі экономикалық келіспеушіліктер және т.б. Ресейде Футбол Әлем чемпионаты өтті (Франция жеңіске жетті). Еуразиялық Экономикалық Одақ ішіндегі қарым-қатынастар одан ары нығаю жолына көшті. Оңтүстік Қазақстан облысы «Түркістан облысы» атанып, облыс орталық Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшті.
2019-шы жыл – Қазақстанда Жастар жылы.
Әлемнің алып державаларының (әсіресе, нарықтағы АҚШ пен Қытай арасында) өзара экономикалық және саяси онсыз да күрделі қарым-қатынастары одан да шиеленісіп жатыр, Қазақстан Республикасының Астанасының атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан қаласына өзгерді. Жаздың басында тұрақты, ашық әрі бейбіт түрде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып, бүгінде Қазақстанның ғана емес, өз біліктілігі мен көрегендігі арқасында жалпы Орта Азияның да қауіпсіздік деңгейі мен әлеуметтік тұрақтылығының жоғары дәрежеде болуына өз үлесін қосуда.
2020 Жаңа Жыл құтты болсын! Жаңа жыл, жаңа онжылдық Қазақстан Республикасының ынтымағы мен берекесін одан да бетер дамытсын!
Б.Үрістем

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.