БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА КҮШ САЛАМЫЗ

тың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауын ерекше қызығушылықпен оқып шықтық. Ол еліміздің алдағы кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын негізгі бағдарламалық құжат болып табылады. Бұл Жолдауда қойылған міндеттер біздің ұжымның болашақ қызметіне де тікелей қатысты.
Жолдаудың «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде білім беру сапасын арттыру және еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеу, мамандарды даярлаудың отандық жүйесін жетілдіру, оқушылардың қабілеттерін анықтауға негізделген кәсіптік бағдар беру саясатына көшу сияқты басымдықтарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізін құрауы керек. Техникалық мамандарды сапалы даярлауды кеңейту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты азайту, ауылдық жерлерде білікті мұғалімдердің жетіспеуін азайту, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру және осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге дейін арттыру керек екенін айтты. Дарынды ауыл жастарын іріктеу және оны отандық және шетелдік университеттерде оқуға дайындау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау бойынша Жол картасын әзірлеу қажеттілігі атап көрсетілді.
Президент сонымен бірге жоғары білім беру мен мектеп оқулықтарының сапасы, ғылымның тиімділігін арттыру, ЖОО түлектерінің көпшілік бөлігінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету тиісті министрліктің тікелей міндеті екені атап көрсетілді. Егер біз мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар нәтиже бермейді. Алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыру жоспарлануда. Бұл келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз. Ұлттың әлемдік деңгейге ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру және оны практикада қолдану қажет екені айтылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздегі іргелі, көшбасшы жоғарғы оқу орны және халықаралық жоғарғы рейтинг иесі ретінде жоғары білім мен оқулықтардың сапасын жаңартуға, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға мүдделі. Университеттің Тарих, археология және этнология факультетінің ұжымы Жолдаудың ғылыми зерттеулердің одан әрі дамуына және оларды практикада қолдану аясының кеңеюіне маңызды көңіл аударып отырғанын қуана қабылдады. Біз өз ұжымымызда білім беру сапасын арттыруға барынша күш саламыз.
Сондай-ақ мемлекет басшысы алдағы жылдағы аталып өтетін тарихи маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға алдын-ала дайындық жұмыстарын бастау қажеттігін атап көрсетті. Яғни, әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, еліміздің тарихындағы ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға шет елдік туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн екендігіне назар аударды. Ел өмірі мен тарихындағы осындай елеулі оқиғалардың жастарды патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызы орасан зор. Сонымен қатар, еліміздегі этностық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай отырып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мәселесіне тоқталды. Біз бұл саясат пен ұстанымды барынша қолдаймыз және мәселенің дәл осылайша қойылуына дән ризамыз!

Сабырхан Смағұлов,
әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті,
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.