Ананың ақ сүтінен артық не бар?

Қандай елдің болсын демографиялық, экономикалық, еңбек және әлеуметтік әлеуетін арттыру халықтың және ең алдымен ана мен баланың денсаулығына тікелей байланысты болады. Міне, сол себепті, Қазақстан Республикасында да ана мен баланы қорғау – елдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі болып отыр. Сондықтан да, ана өлімімен күрес бүгінде денсаулық сақтау ісіндегі ең өзекті міндет, ардақты борыш саналады.

Бала денсаулығы мемлекеттің ең басты мәселесі болуға тиіс. Себебі, болашық жас-тар елдің қоғамға зор үлес қосатыны белгілі. Қазіргі таңда елімізде балалар арасында небір түрлі әлеуметтік мәселелер жеткілікті. Балалардың жарақаттануын алдын алу ата-аналардың, балалардың, мамандардың және бүкіл қоғамның балаға қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету қажет-ақ. ЮНИСЕФ-тің зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы және әлемдегі балалардың өлімі мен емдеуге жатқызудың бас-ты себептерінің бірі жарақат болып табылады. Денсаулық сақтау саласындағы республикалық электрондық орталықтың мәліметтері бойынша, 2017 жылы 1,283 бала жазым болған, ал 27,702 бала байқаусыз жарақат нәтижесінде ауруханаға жатқызылған.
Сонымен қатар ғасыр індетіне айналған АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдер өкінішке орай елімізде бар болып шықты. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғаш рет АИТВ-мен өмір сүріп жатқан балалар мен жасөспірімдер үшін психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсететін стандарттарды әзірлеп, оларды қызмет көрсетушілердің тұрақты тәжірибесіне енгізді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен жұмысының арқасында, АИТВ және басқа созылмалы аурулары бар жасөспірімдердің психологиялық-әлеуметтік игілікке ие болу құқықтарын іске асыратын қызмет көрсету стандарттары алғаш рет пайда болды. Стандарттардың ішінде психологиялық, когнитивтік, әлеуметтік және эмоционалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған дербес қызметтер топтамасы бар және мәртебені ашып көрсетуге, емделу тәртібін ұстануды қолдауға, жасөспірімдер үшін АИТВ-ге тестілеу қолжетімділігін жеңілдетуге, интеграцияландырылған көмек көрсету-ге, сонымен қатар АИТВ-сы бар жасөспірімдермен тең дәрежеде қарым-қатынас орнатуды қолдайтын диалогты құруға баса назар аударылады.
Сонымен қатар мамандар баланы емшек сүтімен емізуді дұрыс деп санайды. 2006 жылдан бастап, Қазақстанда 6 айға дейін балаларды тек емшек сүтімен емізудің көрсеткіштері 16,8 %-дан 2015 жылы 37,8 %-ға дейін өсті. Қазақстанда 6 айға дейінгі сәбилерді емшек сүтімен емізу ауылдық жерлерге қарағанда қалалық жерлерде кеңінен таралған (сәйкесінше 34,4 % және 29,2 %). Ерте емізудің болмауы тыныс алу органдарының аурулары, гипотермия, диарея және жұқпалы аурулардың пайда болуының себебі болып табылады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.