КӨҢІЛ ШІРКІН САЙРАП ТҰР…

Риза Ысқақ

1993 жылы туған. 2011 жылы Астана қаласындағы №15 мектеп-лицейін тәмамдады. 2016 жылы Елордадағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Кинотеледраматургия» (Әкім Тарази, Роза Мұқанова шеберханасы) мамандығын бітірді. «Gold Cinema Group» киностудиясында қазақ тілді редактор болып қызмет еткен. «Нұр орда» интернационалды мектеп-лицейінде мұғалім болып жұмыс жасауда. «Қошемет» шығармашылық шеберханасының негізін қалаған.

1. Қазақ дубляж өнерінің болашағы қандай?

«Мәңгілік ел» ұлттық жоспарының отансүйгіштікке толы қағидаларын ескере отырып, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетімізді бәсекеге қабілетті дамыған отыз елдің қатарына қосу мақсатында «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Ал, руханияттың іргетастарының бірегейі – өнер. Әсіресе, оның ішіндегі кино саласы және анимациялық фильмдер жанры аса маңызды өнер түрі. Және осы тақырыпта ой өрбітсек…

Қазақ дубляж өнері Әлем бойынша кенже дамып келе жатқаны құпия емес. Егер Дисней студиясының классикалық мульт-фильмдерінің Ресейдегі дубляжы осыдан 25-30 жыл бұрын қолға алынса, бізде АҚШ студиясының сапалы әрі толыққанды қазақ тілді дубляжы енді-енді ғана қолға алынып жатыр. Дегенмен, ештен кеш жақсы…
Жағымды жаңалықпен таныстырайын. 2019 жылдың 13 наурызында Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында «Болашақ» Корпоративтік Қорымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған Disney компаниясының 5 жаңа фильмінің тұсаукесері өтті. Аталмыш іс-шара қатардағы іс-шаралардың бірі емес, сондықтан, тұсаукесердің ашылуына «Болашақ» ҚҚ директоры Динара Чайжунусова, ВI Group холдингының PR директоры Гаухар Керимова, Меломан компаниясының ұлттық жобалар бөлімінің басқарушысы Низами Мамедов және дубляжда басты рөлдерді сомдаған актерлер Нұрлан Әлімжанов пен Дәурен Серғазиндер қатысты.
Ауқымды әрі күрделі жобаның тәжірибелі және білімді жетекшілері болғаны жөн. Сондай жетекшілердің бірі «Болашақ» ҚҚ директоры Динара Чайжунусова айтқандай «Біздің жобамыздың негізгі мақсаты – әлемдік студияның отбасымен көруге арналған қазақ тіліндегі сапалы контентін шығару және оны қолжетімді ету. Және аталған мақсатты тиімді жүзеге асыру аясында отандық кинематография әртістерімен белсенді қарым-қатынас орнатып, алғашқы кастингтерге оннан астам танымал актер сынақтан өтуге шақырылды». Ал, актер Дәурен Серғазин (Дисней фильмінің басты дубляж актеры): «Актерлік жолында мені біздің кинотетрларда қазақ тіліндегі фильмдердің қашан көрсетілетіндігі қызықтыратын. Және менің бұл ойыммен қазақ театры мен кинематографиясының барша қауымы келіседі деп ойлаймын» деді. Жалпы дүйім қазақ халқы да солай ойласа керек.
Ал, енді қызықтысына көшейік, қазақ көрермендердің көбісі және сыншылардың басым бөлігі Қазақстанда дубляж мүлде дамымаған деп дабыл қағып жүр. Дегенмен, 2011 жылдан бері «Болашақ» ҚҚ мен Меломан компаниясы 27 голливудтық кинокартинаның қазақ тіліндегі дубляжын жүзеге асырды. Қордың директоры Динара Чайжунусованың айтуынша, осы жылы кішкентай көрермендер назарына қазақ тіліне аударылған 5 фильмнің тұсаукесері дайындалуда. Олардың қатарында «Дамбо», «Алладин», «Ойыншықтар хикаясы 4», «Арыстан патша» және «Мұзды өлке» туындылары бар көрінеді.
Мақаланың басында атап өткендей, көршілес Ресей халқы жалпы дубляж өнерін өткен ғасырдың ортасында-ақ дамытқан еді. Бұған біз Үндістанның Чарли Чаплині атанған Радж Капурдың орыс тіліне дубляждалған фильмдері арқылы көз жеткіземіз. Бұл жалпы көркем фильм жанрына қатысты жағдаят. Ал, енді анимациялық фильм жанрына келетін болсақ, 1980 жылдары Кеңес одағында шетел анимациялық туындыларын біртіндеп дубляждау үрдісі жүре бастады. Бұған дәлел ретінде келесі мультфильмдерін мысалға келтіре аламыз: жапондық режиссер Кимио Ябуки 1969 жылы түсірген «Кот в сапогах» және американдық режиссер Тед Берман 1981 жылы түсірген «Лис и пес» мультфильмдері. Әлбетте, Дисней студиясының туындыларының басым көпшілігі тек 1991 жылдан кейін ТМД елдеріне келе бастады. Ресейде дубляж мектебінің іргесі берік болғандықтан, олар дубляж ісін бірден қолға алып кетті. Ал қазақ кино саласында тіпті ресейлік көркем фильмдерін дубляждау кешірек дамыды. Біз бұл «кешігіп даму» үрдісінің ащысы мен тұщысын Корей, Түрік телесериалдарының дубляждалуынан-ақ соңғы 15 жылдың ішінде айқын аңғардық. Әлбетте, осындай жағдайда сынның көп болуы заңды. Ал, шетелдік анимациялық фильмдерді дубляждау ісі бұған дейін мүшкіл еді. Маман мүлде жетістпеуші еді.
Алайда «Көш жүре түзеледі» демекші, бұл тұстағы мәселелер алда шешімін табатын сыңайы бар. Бұның бір нышаны іспеттес біздің актерлердің өздері бұл мәселенің маңыздылығының тереңдігін ұғынып жатқандығы мені айрықша қуантты. Мәселен, басты рөлді дубляждаушы актер Нұрлан Әлімжанов былай дейді: «Дубляж жасау – күрделі іс. Өз кейіпкеріңді түсіну, оның даусын салу және бет қимылдарын келтіру үлкен еңбекті талап етеді және оның нәтижесі өз жемісін әкеледі. «Болашақ» ҚҚ біз бен Голливуд арасында көпір болу арқылы үлкен жұмыстар жүргізуде».
Бұл жобаның тек өнерді дамыту міндетін ғана емес, әлеуметтік міндеті бар екенін де айта кеткеніміз абзал болар. Себебі, жобаны ұйымдастырушылар қазақ тілінде дубляждалған туындыларды халыққа кеңінен тарату мақсатында ivi.ru онлайн-кинотеатрымен бірлесіп, ауқымды қайырымдылық кинофестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Осы алдағы жадыраған жаз мезгілінің басында аталмыш қормен дубляждалған фильмдер бірнеше күн бойы Алматы тұрғындары үшін ашық аспан астында көрсетілетін болады.
Бұл шара 2019 жылдың көктем мезгілінде режиссер Тим Бертонмен фантастика стилінде түсірілген «Дамбо» отбасылық кинофильмінен басталады. 1941 жылғы танымал мультфильмінің ремейкі бізге үлкен құлағы бар кішкентай пілдің, жануарлардың қорлығы мен мазағынан шаршап, ұшуға үйренген оқиғасын баяндайды.
Қазақ дубляж өнерінің келешегі жарқын болуы үшін біз отандық өнер тарихын және түйіткіл мәселелерін жан-жақты әрі толыққанды білгеніміз жөн. Дубляж саласының бұған дейін кенжелеп қалғандығы турасында айттық. Жоғарыда көрсетілгендей жобалардың арқасында Қазақстан Республикасы дубляж өнері жылдамырақ дами түсетініне деген сенімді арттырады. Менің ойымша, мейлінше көбірек шетел мультхикаяларын дубляждап қана қоймай, сонымен қатар актерлердің саны мен олардың кәсіби деңгейіне де көңіл бөлу маңызды. Айтпақшы, осы жобаның арқасында қазіргі таңда Қазақстанда дубляж бойынша Алматыда «Cinematone» және Астанада «Арай Медиа Груп» атты екі лицензиялық студия ашылды. Диснейдің студия стандарттарына сәйкес фильмдерді дубляждау бойынша 200-ге жуық шығармашылық және техникалық мамандар оқытылды, 100-ден астам қазақстандық актерлер Дисней студиясының базасында тұр. Жоба Елбасының жоғары бағасына ие болды.
Белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербек (ұзақ жылдар бойы қазақ анимациясын зерттеген) айтқандай: «Қазақ анимация өнерінің бірден-бір іргетасы – ұлттық фольклор». Демек, тіпті өзге елдердің анимациялық (және кез келген жанрдағы) туындыларын қазақ тіліне тәржімалау және дубляждау кезінде тек сауаттылықты ғана емес, сонымен қатар ұлттық нақышқа да көңіл бөлген дұрыс. Жиырма бірінші ғасырда тек ғана әрі әлемдік тәжірибені бойымызға сіңіре отырып, әрі төл ұлттық болмысымызды сақтай отырып, қазақ өнерін Әлем сахнасында бәсекеге қабілетті ете аламыз! Әйткенмен, қазақ мультфильмдерін жасау – заман талабы, сонымен қатар шетелдік мультфильмдерді де қазақ тіліне дубляждау қажет. Бұл бір шетінен өскелең ұрпақ алдында қазақ тілінің аясын кеңейтсе, екінші жағынан жалпы ұлттық дубляж саласын дамытуға серпін берері сөзсіз!

2. Неге Омбыдағы көне мешіт ЮНЕСКО тізімінде емес?

Бірден ашығын айта кетейін, көтеріліп жатқан тақырыптың астарында ешқандай саясат немесе саяси бағыты бар көзқарас жоқ. Бұл – менің жеке азаматтық пікірім әрі мұсылман ретіндегі алған өз әсерім!

Әр ұлт өзінің рухани, мәдени және мемлекеттік қызығушылықтары мен құнды-лықтарын, ұлттық мүдделерін сақтауға, қорғауға хақылы. Мәселен, (ешқандай саяси көзқарассыз айтып отырмын) қазір Ресей өзінің азаматтарының құқығын бүкіл жер шарында қорғап жатыр және орыстарға Ресейдің ресми азаматтығын алуды, яғни паспортты беру рәсімін жеңілдетті. Қазақстанда өзінің азаматтарын қорғап жатыр: өткен аптада Қазақстан аумағына 200-ден астам қазақ тұтқыны («ИГ»-нің (ред. – Қазақстан Республикасында тыйым салынған лаңкестік ұйым) қолына түскендер) аман-есен қайтарылды. Азаматтарды қорғау әрине түсінікті әрі дұрыс іс, алайда мәдени (рухани) нысанды да назардан тыс қалдырмаған абзал. Әсіресе, ол нысан – көршілес қана емес, одақтас елде орналасса!
Әрине, қуанышқа қарай бір қарағанда ешқандай төтенше жағдаят болмады. Париждегідей Нотр дам де Пари шіркеуіндегі өрт іспеттес қайғылы оқиға да орын алған жоқ. Тіпті, Құдайға шүкір, Мьянмадағыдай шіркеулерге шабуыл да болған жоқ. Әйткенмен, келесі оқиға менің көкейімде бірнеше сауал тудырды.
Оқиға өте қарапайым: 2018 жылы ақпан айында іс-сапармен Омбы қаласына жол тарттым. Омбының жері бүкіл географиялық-геологиялық тұран тақтасындай кең, даласындай дархан екен. Бір өкініштісі, әр бұрышта цех, зауыт-фабрика, өндірістік орындар қаптап тұр (көрші елдің технологиялық даму қарқыны қуантқанымен,табиғи экологиялық жағдайы оларда да мәз емес екендігін мойындау керек). Тіпті, әр аялдамасы солардың (зауыттың) атымен аталады.Аталмыш қала (шеткі кіші қала ретінде) Мәскеу, Санкт-Петербург Казань, Уфа, Грозный және Екатеринбургпен салыстырғанда, сәл кішірек әрі сәл дамымаған екен. Десек те, Ресейдің жаңа мемлекеттік жос-пары бойынша «артта қалушы аймақтарға көп қаражат Федералды бюджеттен бөлінуі» қажет. Сондықтан, көрші аймақтың гүлденуінен әлі үміт бар.
Омбыда жүргенімде Арғындар тарихы жайлы кішігірім ғылыми жұмыспен Омбы мұрағатынан қажетті құжаттарды іздеп бардым. Білетініміздей, Омбы және Орынборда осыдан бар-жоғы бір-ақ ғасыр бұрын біртуар Алаш зиялылары мен Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уалихановтардай текті асылдар саяси өмірін бастаған еді. Әлбетте, бүгін Омбы мен Орынбор Ресейдің жері, дегенмен, ол өлкелер – қазақ елінің тарихы үшін өте маңызды. Мен Бес Арыстың рухтарына Құран бағыштап қайтайыншы деп, ғаламтордан мұнда қандай мешіттер бар екендігіне іздеу сала бастадым. Жұма күні әпкем екеуіміз жергілікті көне (мұражайға лайықты) Хазірет Қожахмет атындағы мешітке ниет етіп әдейі жаяу бет алдық.
Бұным – Алтын Орда кезінде (татар, басқа түркі елдері мен моңғол халықтарымен қатар) жарты Еуразия аймағын мекен еткен бұрынғы ата-бабаларыма құрметімді көрсетейін дегенім болар. Сонымен, екі сағаттай жүрдік. Қала тұрғындарынан сұраймыз, ешкім білмейді. Сөйтсе, ол діни, рухани және мәдени маңызға ие нысан адам таппайтын қуыста орналасқан екен. Әрі өзі (қайта жөндеу және реставрация жұмыстарынан өтпеген сияқты) кішігірім ғана аласа ғибадатхана екен. Іргесі үгітілейін деп жатқан тастардан, ал, үстіңгі жағы ұзақ уақыт бойы сырланбаған мұржасы құлап қалатын тәрізді көрінді.
Дегенмен, тар бөлмелерінде ниет етіп жүрген мұсылман бауырларымыз бар екен. Сұп-сұр, сұп-суық, қараңғы үш титтей ғана бөлме. Бірі – ас бөлме. Екіншісі – ғибадат бөлмесі. Үшіншсі –кіреберіс. Жұрт ас беріп жатқан көрінеді, ыңғайсыз жағдайға қарамастан басына орамал таққан қазақ әйелдері ыдыстарды жуып, тасып абыр-сабыр жүгіріп жүр. Едені тас. Шатаспасам, санитарлық жағдайы онша биік деңгейде емес еді. Бұл жерге реставраторларды ғана емес, санэпидемстанцияның қызметкерлерін жұмысқа тарту қажет сықылды. Сонымен қатар, күзетші, еден жуушы, тағы өзге жұмысшылар мен жаңа діни қызметкерлерді (әрине, ресми және дәстүрлі Ислам өкілдері болып табылатын) де тарту да артық етпес.
Имам отыратын есіктің сыртында орыс тілінде «Закрыто» деп жазылып тұр. Өзі орнында жоқ екен (дегенмен, бұл мекеменің әйтеуір бір басшысы бар шығар – негізгі шаруашылыққа жауапкершілік сол жеке кісінің мойнында да болуы мүмкін). Біз Құран бағыштап шығайық деп едік, күте тұрсын деді. Жарты сағаттай тұрдық. Ақырындап кісілер шыға бастады. Қолдарында пакеттері бар қазақша сөйлеп бара жатқан қазақтың ата-әжелерін көріп, қастарына жақындадым. Бір қызығы Омбыға келген сайын қазақ көрсем, жүрегім елжіреп қасына барып «Сіз қазақсыз ба?» деймін мәз болып. Алайда, қарт болмаса да, маған кейбіреулерінің жанарлары рухсыз, сезімсіз бейқам, жансыз, суық көрініп кетті (бәлкім, жеке басының адами тағдыры қиын шығар, бәлкім сол сәтте олар да мен істпеттес мешіттің құлдыраған күйінен көңілдері құлазыған шығар).
Көңілім судай басылды. Әлбетте, аталмыш аңғарылған келеңсіздікке Омбының жергілікті мэриясын, жергілікті қазақ диас-порасының өкілдерін, дінге қатысы бар мәдени және тарихи сарапшы-мамандарын кінәлағым келмейді. Расында да, облыстың бюджеті Татарстанның бюджетінен сәл аздау шығар. Дегенмен, менің ойымша, Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлеріне, Ресейдегі қазақ диаспорасының мәдени жетекшілеріне бұл жағдаят туралы (бұндай жағдайлар аз деп сенемін) жиірек көңіл бөлсе, орынды болар еді. Жоқ, мен ол мешіт тек қазақтың меншігі деп тұрғаным жоқ, кез келген мұсылман адамның (қазақ болсын, қырғыз болсын, өзбек болсын, татар болсын, башқұрт болсын, мейілі жаңадан ғана Исламға келген кез-келген адам болсын) МЕНШІГІ. Керек десеңіз, сол мешіт Ресей Үкіметінің құзіреттілігінде тұрған ғимарат, керек десеңіз тарихи мәдени және діни КӨНЕ ғимарат – ондайларды мемлекет қорғауға алуы тиіс! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев (әсіресе, оның «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» идеяларын ескерсек) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев (айтпақшы, мен оның тұрақтылық пен сабақтастық саясатын қолдаймын) айтқандай «Ресей біздің стратегиялық әріптесіміз», бұл пікірмен Ресей президенті Владимир Путин де толық келіседі. Сондықтан, менің келесі арманыма орын бар – келешекте Ресей мен Қазақстан дін басшылары және Үкімет басшылары немесе тіпті аймақ басшылары (немесе Омбы қаласының мэрі және Петропавл қаласының әкімі деңгейінде) өзара келісе отырып сол іспеттес көне мешіттерге көбірек, жиірек һәм жүйелі түрде көңіл аударар. Бәлкім, сондай ескі ғимараттарды халықаралық ЮНЕСКО тізіміне енгізу керек шығар…

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.