Татулық пен бірліктің ордасы

Нұрлан ҚҰМАР

Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі ешқашан тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп – сарабдал саясатымыз мен Ата заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескерсек, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елміз. Сонымен қатар халықтардың өзара түсінушілігі арқасында да татулық діңгегі ажыраған емес.
Қазіргі күні Қазақстан халқы Ассамблея-сы 500-ге жуық ұлттық-мәдени орталықты біріктіріп отыр. Бұл – елімізде жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың нақты нәтижесі. Тұрақтылық пен келісім – отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана десек, бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Сонымен қатар бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Көпұлтты тәуелсіз Қазақ еліне дүниежүзіндегі көптеген елдер қызыға да қызғана қарауда. Себебі жүзден астам ұлт пен ұлыстардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастыра білген ел әлемде кемде-кем.
Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат жеткізіп отырған көк сандықтан көріп отырмыз. Қазақ елі осындай игіліктерге толы жұрт. Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. Осынау көп ұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты бір шаңырақ астына топтасуы ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі һәм тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу жолындағы сындарлы қадамдары жағдайында мүмкін болып отыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың толеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтарын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі.
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Елбасымыздың өзі жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностардың көрнекті тұлғалары ел дамуына өз үлесін қосып келе жатқандығын атап өткен болатын. Расында да елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлт өкілдері мемлекетіміздің дамуына мол үлесін қосып жүр. Мәселен, спортта көптеген ұлттар ел намысын қорғап, Қазақстанның туын көкке желбіретіп жүргені жасырын емес.
Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетеді. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыс-тар ұйымдастырылады.
Бір қуанарлығы елімізде өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында түрлі байқаулар, жарыстар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осының нәтижесінде көптеген этнос өкілдері қазақ тілін терең меңгеріп, мемлекеттік жұмыста қызмет етіп жүргенін көргенде қуанамыз.
Бүгінде әрбір ұлттың салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпыхалықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына кіріге білді. «Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру» мәселесі ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да жиі айтылып келеді. Өйткені, өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда ерекше маңызы бар.
Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық деңгейде жалғастырып келеді.
Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар сала-сындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, еліміздегі барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етіп отыр. Он сегіз жылдың ішінде аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеді. Ұрпақтар сабақтастығы арқылы татулықты, сенім мен бірлікті сақтау өте маңызды. Жылда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында тұрақтылық, бірлік, жаңару ұғымдарына негізделген үндестігі мол үйлесімді шаралар көптеп өтеді. Өйткені, тұрақтылық – біздің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз. Бірлік – баға жетпес басты байлығымыз. Келер күнгі кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз мызғымас мемлекетіміздің жасампаз тұтастығына тірек болып табылады. Ал, 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этностар арасындағы татулық пен тұрақтылықты, бірлікті қалыптастыруда елеулі істер тындырып келеді. Мұндай бірлестіктерді құруға өзге ұлт өкілдерінің өзіндік мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтай отырып, нәтижесінде жалпы қазақстандық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуға деген ынта-ықылас негіз болуда. Елімізді мекендеген этностардың тілін, мәдени мұраларын дамытудың, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеудің маңызы зор.
Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде қашанда нәти-желі істердің болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстан халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.