БАЛА ШАЛА БОЛМАСЫН

Балаларды, әлеуметтік тұрғыдан қорғансыз топтарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау мен олардың құқықтарының сақталуын қамтуды ақпараттық қолдау және түсіндіру мақсатында елімізде көптеген игі шаралар жүргізіліп жатқаны жасырын емес.
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты шала туылған нәрестелердің ретинопатиясы бойынша еліміздегі қызметтің координаторы, ретинопатияны ерте бастан анықтауға бағытталған скринингтік бағдарлама әзірленіп, бағдарлама аясында Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Өскемен қалаларындағы перинаталды орталықтарды арнайы кабинеттер ашылды. Нәтижесінде ауыр кеселді алдын-алу мен дер кезінде анықтауға мүмкіндік туып, нәрестелердің көз жанарын сақтап қалуға барлық мүмкіндіктер жасалып келеді. Үстіміздегі жылдан бастап, алғаш рет Институтта және оның Астана қаласындағы филиалында шала туылған нәрсетелердің ретинопатиясына шалдыққан нәрсетелерге ерте ленсвитрэктомия отасы жасалды. Бұған дейін, науқастар шетелде ғана ота жасатып, ем алуға мәжбүр болатын.
Бүгінде Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасындағы офтальмология саласында диагностикалық және емдеу шараларының барлық түрлерін жүзеге асыратын басты орталық болып табылады. Институт еліміз бойынша глаукоманы алғашқы сатысында анықтайтын орталықтар құрып, скрининг жүргізетін арнайы бағдарламалар әзірледі. 2005 жылдан бері Институтта Витреоретиналды хирургия түрлері, оның ішінде көздің ішкі тор қабығына күрделі хирургиялық ота жасалып келеді.
Сонымен қатар, Институт еліміз бойынша көз іші ісік түрлерін емдеу барысында ағзаны сақтап қалатын ем түрін жүргізудің бастамашысы. Институт мамандары 2011 жылдан бері кіші көлемдегі көзіші меланомасын, ал, 2015 жылдан бері ретинобластоманы лазермен емдеу әдісін қолданып келеді.
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты халықаралық ынтамақтастықты дамытып, Ұлыбританияның Кардифф Университетімен серіктестік байланысты орнатып отыр.
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының тарихы 1933 жылдың 21 қазанынан бастау алады. Осы жылдар аралығында Институт Кеңес Одағының, кейіннен ТМД елдеріндегі офтальмологиялық орталықтар арасында үздік-тер қатарынан табылып, 1955 жылдан бастап көздің қасаң қабығының трансплантациясын жасайтын жетекші орталықтар үштігіне енді. 2013 жылдан бастап, Институтта көздің қасаң қабығының трансплантациясы арнайы заманауи фемтосекундтық лазерді пайдалану арқылы жасалыып келеді. Қазіргі таңда Институт ТМД елдері арасында алғаш рет эндотелиалды кератопластика отасын жасап, көздің қасаң қабығының трансплантациясы бойынша жетекші орталық болып отыр.
Халықаралық тірі туылғандар критериі бойынша Қазақстан Республикасында 2008 жылдан бастап реанимация және қарқынды терапия әдістерінің жетістігіне байланысты, салмағы (500-700 г.) төмен және айрықша төмен туылған балаларға белсенді түрде күтім жасалатын болды. Бұл санат бойынша күтім жасындағы балалардың өсу деңгейі бойынша, шала туылған балаларда мүгедектік ауруының соның ішінде ретинопатияның жиілеуіне әкелуі мүмкін.
Шала туылған нәрестелердегі ретинопатия – жеткіліксіз салмақта шала туылып өсіп жатқан нәрестелерде көздің вазопролиферативтік қатты зақымданып торқабақты әйнекті көрсеткіш денесінің ілеспе өзгеріске ұшырауы. Алғаш 1942 ж. «ретролентальдық фиброплазия» Т.Тerry секілді сипатталды бірақ шындығында, бұл процесс –5 сатысымен аяқталуы болатын.
Қазіргі уақытта шала туылған нәресте-лердегі ретинопатия мультифакторлық ауру болып есептеледі. Шала туылу ретинопатия қаупін тудыратын факторлар ананын жүктілік кезеңіндегі жағдайына: организмнің созылмалы жұқпалысы, әйелдердің жыныс органдарының ауруы, темекі тарту, дәрілік заттарды қабылдау, уақытынан алдын босануына мүмкіндік туғызатын және ұрықтың гипоксиясы, жиі босану, жасөспірім жасында босану, экстакорпоральдық ұрықтандыру, әйелдің ауруларына байланысты. Босануда және жүктіліктің асқыну салдары нәтижесінен туындайтын жатырішілік инфекция, респираторлық дистресс-синдромы, сурфактанттың жеткіліксіздігі, брадикардия, ми гипоксиясы, миға қан кетулер айтарлықтай маңызды.
Офтальмологтар шала туылған нәрестеге ретинопатия диагнозын қоюда, ай күні жетіліп туған баланың көз түбіне қарағанда, шала туылған баланың көз түбін тексеру барысында айтарлықтай дәрежеде өзгеше болады. Тексерілген балалардағы шала туылғандардың ретинопатия белгісінің анықталып табылғаны айтарлықтай жоғары пайызына қарамастан, бұл ауруға барлық жағдайда хирургиялық араласуларды қажет етпейді. Пациенттердің көпшілігінде өздігінен кері даму сатысына өтеді немесе лазерлік емнің әсеріне байланысты, яғни бүгінгі күні ең тиімді әдіс болып табылып отыр. Мұндай балалар ұзақ уақыт диспансерлік офтальмологтардың бақылауын қажет етеді, алыстан көрмейтін жоғары қаупі бар болған немесе көздің қалыпты көруін қалыптастыру және амблиопияның дамуын болдырмау үшін алыстау кезеңіндегі астигматизм, яғни ерте жастан көзәйнек киюді талап етеді.
Айы-күні толған баланың қалыпты дамыған көзінде толық қалыптасқан көз торы болады. Көз торын қуатпен қамтамасыз етуші қан тамырлары құрсақтық дамудың 16 аптасынан бастап өсе бас-тайды және 39-40 аптаға жақын дамуы аяқталады. Осылайша, бала туылған кезден бастап көз торы қан тамырларының қалыптасуы аяқталуы тиіс. Қалыпты васкулогенездің бұзылуы тамырдың өсу факторларының реттелісінің бұзылуы, көз торы және тамырларының мембраналық құрылымындағы бос радикалдардың әсерінен, қолайсыз факторлардың болуы – жарық, генетика-лық бейімделудің әсерінен пайда болады, экстраретинальдық тамырланбауы, көз торының тракциялық бөлінуі мен тамырлы пролиферация және глиальды ткані.
Аурудың басталуы аурудың 4-аптасында болады, ал, үдемелі кезеңі – 8 аптада. Ауру көбінде екі көзде болады, біреуінде ауру деңгейі көп болуы мүмкін.
Өскемен қаласының «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК жыл сайын 7000 жуық нәрестелер дүниеге келеді, соның ішінде жалпы туылған нәрестелер санынан шала туылған балалар 8,1 % құрайды.
Әр түрлі автордардың мәліметтері бойынша қазіргі уақытта мерзімінен бұрын туылғандардың жалпы жиілігі жалпы туылғандар санынан 5-12% құрайды. Қазіргі уақытта барлық дамыған елдерде неонатологияың жетістіктері нәтижесінде шала туылған балалар саны көбейді.
Аталған көкейтесті мәселеге байланыс-ты ерте мүгедектікке әкелетін патология, шала туылғандар ретинопатия мониторингісі мен скринингі бойынша офтальмологиялық қызмет ұйымдастырылды, осыған орай 2011 жылдың сәуір айынан бастап «АмБО» офтальмолог ставкасы енгізілді.
«Ана мен бала орталығының» офтальмологтар неонатологтармен бірге «Шала туылған нәрестелердің ретинопатия скринингісі» бойыша әдістемелік жәрдемақысын енгізу жөнінде пилоттық жоба қатысушылары болып табылады.
Барлық шала туылған нәрестелер концепуталдық жасқа дейінгі 32-34 аптада және бұдан әрі «Ана мен бала орталығы» консультативтік емханасына қарасты ҚазҰЗИ көз аурулары әзірлеген, шала туылған нәрестелер ретинопатия мониторингісінің алгоритміне сәйкес офтальмолог дәрігерлермен қаралады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН,
журналист

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.