Бір ауыз сөз жазады, мың көңілдің жарасын,…

Дүниеде сөздің құдіретіндей құдірет жоқ шығар, сірә. Шынымен де, бір ауыз сөзбен күн шалмас қара түнекке сәуле шашуға, тас болып қатқан жүректі де жібітуге болады екен. Кейде өмірімізді түнек шалғанда сол бір ауыз сөзге, қолдауға зәру болады екенбіз.
Мұндай жағдай менің сыныптасымның басынан өткен болатын. Сол бір күндерді еске алсам оған қатты жаным ашиды. Бірде біздің мұғаліміміздің ақшасы жоғалған болатын. Бүкіл сынып болып Мақсатты кінәлай бастады. Ол қанша ақталмақ болғанымен, оны бірде бір оқушы тыңдап жатпады. Бірақ, мен ондай іске бармайтынына сендім. Сабақ аяқталған соң, мен бірден оның жанына бардым. Ол маған ақталып бастағанда, мен оған сенетінімді айттым. Және қандай жағдай болса да қиындықпен күресу керектігін, оның қолынан келетініне сенетінімді жеткіздім. Сол оқиғадан соң бірнеше жылдардың жүзі болыпты. Жыл өткен сайын Мақсат та мықтылардың қатарынан көріне бастады. Кейде оған қарап қуанамын.
Дегенмен, даналарымыз: «Бір ауыз сөз жазады, мың көңілдің жарасын, бір тәуекел бұзады, мың қайғының наласын» дейді екен. Сол бір ауыз сөзбен де адам өмірін жақсы жаққа өзгерту оңай екен. Сондықтан, жанымызда жүрген жақын, жанашыр жандарымызға бір ауыз жылы сөзімізді айтып жүрейік.

Райгүл ДОСАНҚЫЗЫ
Ақтау қаласы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 «D» сыныбы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.