БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Жолан Омаров

Алматы облысы, Райымбек ауданының әкімі.

 

Еліміз өз Тәуелсіздігінің 26 жылдығын абыроймен атап өтті. Тарихи қысқа мерзімде еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Оны бүкіл әлем жұртшылығы мойындады. Экономикасы дамыған ел ғана әлемдік универсиада, Экспо сияқты ауқымды шараларды өткізе алады. Әлемдік дағдарыс жағдайында қабылданған нақты шаралар өзінің тиімділігін көрсетуде. Нұрлы жол, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары іске асырылуда.
Елбасы биылғы Жолдауының алдында халқына арнайы мәлімдемесін жариялады.
«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін елімізде қажетті нәрсенің бәрі бар екенін баяндай отырып, Үкіметке басты 10 міндет бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ұлы Отанымыздағы тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық – осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.
Елбасының кезекті Жолдауы қазақ елін биік белестерге көтере отырып, халықтың әлеуметтік ахуалын анағұрлым жақсартуға бағытталған аса маңызды құжат. Сондықтан да аудандық идеологиялық активте Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерге сәйкес алдағы уақытта ауданда атқарылар жұмыстарды айқындап, нақты шаралар қабылдауымыз қажет.
Соңғы жылдары қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, индустрияландыру саласын өркендету, қарқынды экономикалық даму жолы және тағы басқа тарихи реформалар халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталғандығының куәсі болып жүрміз.
Біздің ұлы халқымыз, оның ішінде Райымбек ауданының тұрғындары бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына сенемін.

 

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.