ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ

Салтанат ҚАЖЫКЕН
журналист
Қазіргі уақытқа дейін көрмеге келіп кету көрсеткіші бойынша келушілер саны жоғары павильондардың үздік ондығының тізімі жасалды. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан, Үндістан, Әзербайжан, Африка плазасы, Мысыр, Қытай, Түркия, Сауд Арабия Корольдігі, Малайзия бар.
Бұнымен қоса, адамдар көптеп тамашалайтын нысандардың ішінде «Нұр-Әлем», коммерциялық павильондар, «Шелл» балалар зертханасы, Дю Солей циркі, «С 3.5» тақырыптық павильоны, амфитеатр, «С 2.4» тақырыптық павильоны, шығармашылық энергия аймағы, корпоративтік павильоны, балалар саябағы қамтылып отыр.
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандан-дырылған көрмесі күндері қаланың шалғай аймақтарын көрме орталығымен байланыстыратын 7 жаңа «Shuttle Bus» бағдары енгізілді. Мұны көше-жол желісінің жүктемесін төмендету үшін «ALAY-ASTRA» және «КеңМарт-ASTRA» көліктік орталықтары ұйымдастырып отыр.
Бүгінде қалалық автобус паркі 1 025 автобустан тұрады, оның ішінде 358-і — кондиционермен жабдықталған жаңа автобустар. Жолаушылар тасымалы қызметіне 1192 жүргізуші тартылып, 1 101 кондуктор жол бойында жұмыс істеуде.
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді. Бұған дейін таяуда Астананың математика сабағының мұғалімі ЭКСПО-2017 көрмесінің миллионыншы келушісі атанған болатын. Жуырда ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 285 300 адам келіп, орта есеппен алғанда күніне 40 757 қонақ болған.
ЭКСПО көрмесін өткізу аясында қалалық автовокзалда анықтамалық – ақпараттық ресепшн ашылды. «Сапаржай-Астана» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжановтың айтуынша, жаз басталғалы жолаушылар ақпаратты үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ала алады. Өзгеріс тек жолаушылар қызметінде ғана орын алған жоқ. Биыл автовокзал қайта жөндеуден өткізілуде. Күту залында еден жабындысы ауыстырылып, сыртқы келбеті жартылай өзгертілді. Жұмыс толығымен екінші жарты жылдықта аяқталады. Қазіргі таңда кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталуда. Барлық құрылыс жұмыстары жолаушылар кешенінің жұмысына еш кедергі келтірмеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Әдия дауыс

    Елорда төрінде дүбірлеп өткен ЭКСПО көрмесі әлем елдерін таң қалдыра алды. Таңдай қаққан адам аз болған жоқ. Бұл еліміз үшін керемет жетістік.

  2. Айқын дауыс

    ЭКСПО талай елдің есінде көпке дейін сақталатыны анық.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.