Мендік сыр!

епершікте түгесілмес төзім ең,
Шарасыз боп қалғанымды сезінем.
Келер күнім көмескіге айналды-ау,
Енді нендей кедергіге кезігем.
Байлығын да бәсекеге салатын,
Берекесіз бейнелерден безінем.
Пенделіктің пешенесі сыналып,
Өтіп жатыр мендегі ойдың көзімен.

Мендегі ой не,
Межесінде мерген бе?!
Сырын кімге тарқатады шер кеуде.
Сағы сынып сан тарауда сандалған,
Запырандай запыс болған сор менде.
Өкіну мен күйінудің ақыры,
Жігерімді жерге көміп жерлеуде.

Сан сауалға жауап таптай ұзақ түн,
Қиялымды кемеліне ұзаттым.
Елге ақылшы болуымның орнына,
Шырмауына оратылдым тұзақтың.
Ой толғауым ойсыраған секілді,
Ернеуінен еңкейуде сызат мұң…

Бағалауға болса жалған бес күнді,
Жазалауға қақым да жоқ ешкімді.
Тағдырыммен тайталасып жүргенде,
Өмірімнің жартысына кеш кірді.
Сағым сынып кетуге шақ қалғанда,
Сенің даусың естілді…
О,Тәңірім жан аясаң құлатпа,
Ессіз қызға енді ғана ес кірді.
Енді ғана ес кірді….

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Бейбіт дауыс

    Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы деп тегіннен-тегін айтылмаса керек-ті.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.