«Үркер» – Үміт» бәйгесі

«Қазақ газеттері» ЖШС-ына қарасты жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси «Үркер» журналы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шығармашылық жастарды қолдау мақсатында проза, поэзия, публицистика жанры бойынша бәйге жариялауды жалғастырады. Осы уақытқа дейін шығармашылық бәйгеде бақ сынаған 10 талант жеңімпаз деп танылып, «Үркердің» арнайы дипломдарымен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталған болатын. Сондай-ақ жүлдегер шығармалар «Үркер» жаққан он шырақ» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. 

Бәйге шарттары: 
Үміткерлер проза жанры бойынша 1  әңгіме, поэзия жанры бойынша 5-7 беттік шағын жанрдағы туындылар (дастандар мен толғаулар қабылданбайды), публицистикалық бағытта  1-2 мақаламен (көлемі 7 беттен аспауы тиіс) қатыса алады. 

Шығармалар  Urker_2010@mail.ru электронды мекенжай арқылы қабылданады. 

Байланыс телефоны: 
8(727)-272-48-51

Мобильдік байланыс
8-702-655-42-68.

Бәйге қортындысы жыл аяғында Тәуелсіздік күні қарсаңында жария-ланатын болады. 
Іске сәт, жас талант!   

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.