Тәуелсіздік тынысы

Елімнің өркендеуіне қосар үлесім қандай болмақ?

Elim

«Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады.»
Нұрсұлтан Назарбаев


            Тар жол тайғақ кешумен келген  Тәуелсіздік  бізге шаттық пен бақыт сыйлады. Міне,егемендігімізді ту етіп , еңселі ел болғанымызға жиырма бес жыл толып отыр. Ұлт–азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғасы, қатал сынақтан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біз өмір сүру бақытына ие болдық.

Бейімбеттің көзіндей

Тоқтар Бейісқұлов бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отырған белгілі қаламгер, ғалым, бейімбеттанушы дербес зейнеткердің қаламы әлі қолында, айтары да мол. Қашан да қарымды қайратымен әділін айтатын атамызды мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, сұқбаттасуды жөн көрдік.

– Аға, біздің журнал жас таланттарға ерекше көңіл бөледі. Соған орай өзіңіздің жастық кезіңіздің мәнді тұстарына тоқтала кетсеңіз?

– Жастық кездің мәнді тұстарына тоқталсақ,  әрине, айтатын нәрсе көп. Балалық шағым –  соғыс уақытымен тұспа-түс келді. Менің әкем Ұлы Отан соғысы басталысымен іле-шала майданға кетіп,  Сталинград үшін шайқаста қаза болды. Бала кезімнен колхоздың қара жұмысына араласып, бір мүшесі ретінде  жұмыс істедім. Ол кезде өгіз жегеміз, тырма айдаймыз, соқа саламыз, шөп шабамыз, өгізге мойынтырық салуға шамамыз жетпей жылаған кездеріміз де аз болған жоқ.